«Жаныңда жүр жақсы адам » Ж.Е.Қойшыбаеваға 60 жас
Тақырыбы: «Жаныңда жүр жақсы адам » Ж.Е.Қойшыбаеваға 60 жас
Мақсаты:
- Оқушыларды колледж қабырғасында еңбек етіп жүрген Ж.Е.Қойшыбаеваның өмірі, қызметі және шығармашылығымен таныстыру.
- Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту ;
- Сөйлеу мәнері шеберлігін арттыру, сахна өнеріне баулу, оқушыларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу;
Тәрбие сағатының формасы: танымдық өнегелі отырыс
Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері : әңгіме, әңгімелесу, пікіралысу, жаттығу, көрнекілік;
Тәрбие сағатының құрал-жабдықтары мен көрнекіліктері:
Дыбыс күшейткіш, күйлер, тақырыптың аты мен нақыл сөздер жазылған плакат, Ж.Е.Қойшыбаеваның өміріне байланысты көрме, ұлттық қолөнер бұйымдарына байланысты көрме;
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
А) шаттық шеңбері
Ә) Ж.Е.Қойшыбаеваны құрметпен қарсы алып, ортаға отырғызу
Б) оқушылардың құттықтаулары
В) Наурыз мерекесіне байланысты оқушылардың өнерлерін тамашалау
Г) «Жамиля апаның сыр сандығынан…» сұхбаттасу
ІІІ Қортынды
А) оқушылардың ой түйіндері
Ә) Ж.Е.Қойшыбаеваны құрметпен шығарып салу
І V Соңы
Тәрбие сағатының барысы:
І Ұйымдастыру
Бөлмені безендіру, жабдықтау жұмыстары
ІІ Негізгі бөлім
Оқушылар мерекелік безендірілген бөлмеде жартылай шеңбер құрып отырады.
Музыка әуенінде, ортаға М.О.Әуезов атындағы педагогикалық
колледжінің қазақ тілі және әдебиетінің оқытушысы Жамиля Есқалиқызы
Қойшыбаеваны құрметпен шақыру.
Сәлемдесу рәсімін сахналау
Оқушылар орындарынан тұрып, қонаққа құрмет көрсетеді.
Шаттық шеңбері
Армысың шапағатты күніміз,
Армысың мейірімді жеріміз.
Армысыз Ұстаз Анамыз,
Сәлем берді, Сізге , өзіңіздің балаңыз.- оқушылар иілім сәлем етіп, орындарына отырады.
Оқушы
-Амансыз ба, мен адаммын, адамдығымды білдіремін, Алланың нұры жаусын! Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Есенсіз бе, мен де адамммын, адамдығымды білдіремін, Сізге де алланың нұры жаусын!
Ұлыс оң болсын
Пәле-жала жерге енсін!
Уа ,халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық
-Ақ жаулықты, кимешектегі Жамиля апамыздың шашуын қабыл алыңыздар!
( шашу шашылады)
Шашу шашылып жатқанда:
- Уа жарандар, жарандар
Көңілің бар алаңдар
Ата менен анаң бар
Үлкен – кіші ағаң бар
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар!
Ән: « Тойбастар»
Оқушы:
-Наурыз шығыс халықтарының көбінің мейрамы болған. Солардың ішінде әсіресе, көшпелі түркілер арасында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған. Қыс өтіп, күн шырайы түзелген кезде тәңірдей құдай ел тіршілігіне кеңшілік әкеледі деп есептеледі. Сондықтан жазғытұрым, наурыздың кірген күні жаңалық күні.
Оқушы:
- Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік
Оқушы:
- Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа келенді
Қуанышты ел енді
Наурыз келді салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеміз
Жарқырайды күніміз
Жайқалып жас гүліміз
Ән: «Наурыз жыры»
Мұғалім:
- Оқушылар, биылғы Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, Наурыз айында 60 жылдық мерейтойын атап отырған , өзіміздің асыл ұстазымыз,талай шәкіртті білім нәрімен сусындатқан, осы күнде қызметтес әріптестерінің, оқушыларының,балаларының, немере-шөберелернің ыстық ықыласы мен махаббатына бөленіп жүрген Жамиля апаймыз -бүгін күні біздің төріміздің сәні болып отыр.
- Құрметті Жамиля Есқализызы!
Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні сізге Алланың нұры жаусын демекпіз.Деніңізге саулық, ғұмырлық өмір,
отбасылық бақыт тілейміз
- Ендеше, Жамиля апайымыздың өмірі,отбасы, қызметі,шығармашылығы жайлы өз аузынан естісек.
-Құрметті Жамиля Есқалиқызы, әңгімемізді сонау балалық шақтың тәтті кезеңдерінен бастасақ, туған жеріңіз, отбасыңыз, алғашқы ұстазыңыз, ол адамның сізге әсері жайлы әңгімелесеңіз дейміз.
— Әңгімеңізге көп рахмет
Енді әсем ән тыңдап, бой сергітіп алайық
Ән: «Ұстазыма»
-Оқушы :
«Қазақтың тыйым сөзі- тәрбие көзі» демекші, қандай тыйым сөздерді білеміз?
Малды теппе, ақты төкпе
Отты шашпа, күлді баспа
Бүйіріңді таянба, жағыңды таянба
Бос бесікті тербетпе
Бесікті ашық қалдырма
Екі қолыңды төбеңе қойма
Есікті керме
Тұзды шашпа, баспа
Асты оң қолыңмен алып же
Нанды бір қолмен үзбе
Аяқты көкке көтерме
Түнде тырнақ шаш алма
-Жамиля Есқалиқызы, сіз қаншалықты ырым-тыйымдарға сенесіз, сол жайында айтсаңыз?
Ән: «Ауылдық той»
- Оқушылар, Жәмиля апайымыздың өмірі мен шығармашылығына арналған мына көрмеге назар аударайық, барлығымыз бері жақындап, көрме тамашалап, мерейтой иесінің өз аузынан осыншама еңбектің қандай термен, қандай табандылықпен келгенін естіп білсек.
Оқушы:
- Білесіңдер ме, Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже кем дегенде жеті түрлі дәмнен жасалынады. Оның мәні жаңа жылда тойымшлық, молшылық, мәнді де татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.
- Жамиля Есқалиқызы, Наурыз мерекесін көптің бірі болып, атап өтетініңіз айтпаса да түсінікті, өзіңіз Наурыз мерекесіне қалай дайындаласыз? Сіздің бала кезіңізде Наурыз мерекесі аталушы ма еді,қандай деңгейде?
Оқушы:
Әнім де саған биім де
Құт қонақ өзің үйімде
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде Наурыз, Наурыз күлімде
Күн менен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Қазақ биі биленді.
Қазақ биі : «Қаражорға»
Оқушы:
- Наурыз мерекесінде жұрт дастарханға бар-жоғын қойып, келген қонаққа жылы шырай танытып, асынан дәм татқызған.Келесі кезекте қазақтың ұлттық тағамдарына тоқталсақ.
- Сүттен жасалған тағамдар: айран, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, май, кілегей, сүзбе;
- Ұннан жасалған тағамдар: бауырсақ, шелпек, нан, жайма, быламық, қаттама, пәтір, бөкпен;
- Еттен жасалған тағамдар: жал-жая, қазы-қарта, қуырдақ, ми палау, сырбаз, шұжық, қарынбөрте, нарын, тұрамыш;
- Жамиля Есқалиқызы, осы аталған тағамдардың қайсысын ұнатасыз, қазы айналдыруды түсіндіріп өтсеңіз дейміз, рахмет.
Оқушы:
-достар, сендер білесіңдер ме, қазақ халқының ұлттық ойындары бар. Атап айтқанда: «Ақсерек пен Көксерек», «Соқыртеке», «Ақсүйек», «Шертпек», «Асық ойыны», «Қыз қуу», «Алтыбақан», «Айгөлек», « Күміс ілу» т.б
-ендігі кезекте құрметті қонағымызға қояр сауалымыз: сіздер бала күндеріңізде қай ойындарды көп ойнадыңыздар? Ертеде ғашықтардың кездесу орнына айналған «Алтыбақан « ойыны туралы айтып берсеңіз, рахмет.
Ән: «Ұстазым»
«Батамен ел көгерер» демекші, ақ батаңызды берсеңіз
-Құрметті Жамиля Есқалиқызы, бүгін бізді өміріңіз, шығармашылығыңыз,
жекелей қасиеттеріңіз бен ерекшеліктеріңіз жайлы бізді хабардар етіп, таныстырғаныңызға шексіз разымыз. Ұстаздық жолдың қиын болғанымен,
Сіз — өз өміріңіздің мәнін де сәнін де бала тәрбиесіне арнағаныңыздың куәсі болдық. Әңгіміңізге көптен-көп рахмет, кездескенше сау болыңыз.
Қонаққа сый-сыяпат көрсету.
Соңы.