Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға. (Кездесу кеші)

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға.

(Кездесу кеші)

 

Кештің мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.

  1. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
  2. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу

Кіріспе сөз: Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, ата-аналармен және кешегі түлектер, бүгінгі жас мамандармен кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.

Жүргізуші: Балалық, шаттық өмір, думанды кеш.

Түседі естеріңе қызықты кеш.

Сағыныш бойды билеп келгендерге,

Мектептің есіктері ашық әр кез.

Сол бір кез сәті түскен бүгінгі күн.

Қосыңыз әр қайсыңыз жақсы бір үн.

Сырласып отырайық, ән салайық,

Мауқымыз басылғанша осы бір күн –

Деп, құрметті қонақтар, 11 сынып оқушыларының «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға» атты пікірлесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің қонақтарын ортадағы белгіленген орындарына жайғасуларын өтінеміз.

1.«Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» деп ұстаздар атынан Шанықұл ағайды  ортаға шақырамыз.

  1. «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» демекші ата-аналардың атынан Рысбике апайды қошеметтеп ортаға шақырамыз.
  2. «Кешегі шәкірт – бүгінгі жас маман» деп осы, қазір жұмыс істеп жүрген осы мектеп түлектерінің атынан Гүлнұр апайды ортаға шақырамыз.
  3. «Бала – біздің болашағымыз» деп, енді ортаға мектеп бітіруші түлектерді ду қол шапалақтап қарсы алайық.

— Ал құрметті қонақтар, кешімізді ара қарай әнмен жалғастырайық. Сіздерге арнап Айзада Жұмадінованың орындауында саздық сәлем, қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Әрбір түлектің асқар арманы, алдыға қойған мақсаты бар. «Мен кім болам?» деп ойланып,мақсат қойып жүрген шәкірттердің ой-арманын бейнелейтін «мамандықтар» мәселен мыналар:

Жүргізуші: Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз — тұл» деп, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады.Ұстаз ата-анаға қарағанда балаға қамқорлықты анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш-жігерін, уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін үйретіп, тәрбиелейді.

Ғылым иесі ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі-бәрі  ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, Сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді!(Шанықұл ағай өмірбаян)

Жүргізуші: Ұстаздар оқушыға басын иген,

Кей кезде тіпті оған кішірейген.

«Сыйға – сый, сыраға — бал» деген сөздің

Болмаса ережесін бұза білген.

Өйткені, ұстаз – ана, ұстаз – дана.

Мамандық ол ерекше, жеке-дара – пікірлесу кешіміздің алғашқы сұрағын ұстаздар атынан келіп отырған Шанқұл ағайға қойсақ.

Сұрақ:

Жүргізуші: Бітіруші түлектер ағайға қояр сұрақтарыңыз болса, сөз кезегі сіздерде.

Ән «Ұстазым» орындайтын  І. Шүкіртаева 

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Жаңағы орындалған әннің мәтінін тереңінен түсіндік деп ойлаймын. Туып өскен ауылымыздың ыстық екеніне, кеше ғана өзіміз оқыған мектептің біз үшін қымбат екеніне көзіміз жеткендей. Бүгінгі оқушыларымыз да үлкен бір тебіреністе болған шығар деп ойлаймын. 

Жүргізуші:

Кеше ғана мектеппенен қоштастық.

Таныс емес, өзгелермен достастық.

Ыстық екен балалық шақ өмірде,

Қалады екен өмір-бақи көңілде –

деп, сөз кезегі жас мамандарда. Расында да, мына отырған жас мамандар кешегі мектеп бітіруші түлектеріміз. Мектеп бітірген соң студент атанып, жоғары оқу орындарда  оқып, өздерінің сүйікті мамандықтарын алып шықты.

Сіздер енді мектеп бітірушілерге мамандық таңдау жөнінде өз пікірлеріңізді білдіріп, ақыл-кеңес айтып, ой бөліссеңіздер деген ұсыныс жасаймын.

Жүргізуші: Гүлнұр апайға қояр сұрақтарыңыз болса.

Ән: «Ұстазым» орындайтые С. Кәрімова

Жүргізуші: Сен арқылы үміт-от жанатындай,

Әр секундың мәңгілік сағатындай.

Алдыңдағы ақ парақ-адалдығың,

Ақ халатың аққудың қанатындай ақындарымыз жырлағандай қашанда адам жанының арашасы бола білетін, ақ халатты абзал жандар еңбегі ерекше. Бүгінгі кешімізге келіп отырған дәрігер қонағымыз Амангелді ағай өмір жолымен таныстырып өтейік.

Жүргізуші: Кешімізге қош келдіңіз! Дәрігер адам жанының бағбаны дейді. Менің ойымша дәрігер күрделі мамандық, осы күрделі жолды қалауыңыздың себебі неде?

Жүргізуші: Рахмет. Түлектер қояр сұрақтарыңыз болса.

Олай болса сізге арнап Сырымның орындауындағы әдемі өлең жолдарың қабыл алыңыз.

Жүргізуші: Ата-ананың арманы – баласын дүниеге әкелген соң, қызығын көру. Қазақта сөз бар: «Жақсы бала – Сүйік, жаман бала — күйік» деген. Осы айтылған сөздің түбінде үлкен ой жатыр. Әрбір ата-ана баласының қызығын көруді армандайды, білімді болғанын қалайды, өмірден өз орнын тапса екен деп жатса да, тұрса да алладан сұрайды. Кешіміздің қонағы Рысбике апайдың қысқаша өмір жолына тоқталсақ.

Жүргізуші: Ақылмен толтырып саналарын,

Таудай боп өсті міне балаларың.

Шуағын бар әлемнің сыйлайтын,

Қуаныштарың құтты болсын аналарым –

деп, сөз кезегі ата-аналар сіздерде. Мамандық таңдау жөнінде балаңызға қандай ой салдыңыз, балаңыздың таңдаған мамандығына көңіліңіз толама?

Апайға қояр сұрақтарыңыз болса.

Рахмет апай, сізге арнап Гаухар мен Айзаттың орындауында «Орыс биі» қабыл алыңыз.

Жүргізуші: Кеше ғана сәби болсаңдар, бүгінде мектептен ұшып, арман қуғалы отырған түлексіздер, ал келешекте бүгінгі ата-ана, ұстаздармен, дәрігерлермен иықтас болатын өміріміздің мұраттарын жалғастырушы ұлы күшке айналасыздар. Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз.

Жүргізуші: Өздеріңді өкшелеген бауыр бар.

Ертіп жүрсең – боласыңдар бауырмал.

Жол айрықта дұрыс бағдар берсеңдер,

Әрқайсының шығатын бір шыңы бар – дей келе бүгінгі кешімізге келіп отырған мамандарға бітіруші түлектер атынан алғыс білдіру үшін ортаға Ақынтаны шақырамыз.

Құрметті қонақтар! Сіздерге бір тапсырма болайын деп тұр. Кешімізге келіп отырған апай ағайлар 11- ші сынып түлектеріне қандай тілектер білдіресіздер, сол ойларыңызды қағаз бетіне түсіріп, естелік ретінде ұсынсаңыздар.

 

Жүргізуші: Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтан.

Жүргізуші: Талмасын қанат, сөнбесін үміт,

Армандар алға жалғансын.

Соқса да дауыл, өрт болып өмір,

Қанаттар балғын талмасын –

деп, құрметті қонақтар, бүгінгі 11а сынып оқушыларының ұйымдастыруымен болған «Мен кім болам?» атты кездесу кешімізді аяқтаймыз. Жақсылықта, қуанышта кездесейік!