«Инабат » қыздар ұйымының 2013-2014 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

«Инабат » қыздар  ұйымының 2013-2014   оқу  жылына  арналған  жұмыс жоспары

Жұмыстың  мазмұныӨтілу  түріӨтетін  мерзіміӨтілуіне  жауапты
Ұйымдастыру   жұмыстары
1«Инабат»  қыздар  ұйымының  жылдық  жұмыс  жоспарын  жасау, бекітуге  ұсынуЖоспарҚыркүйекҰйым  жетекшісі
2«Тазалық , тәртіп  — басты талап»

Тазалық  қарау, бақылау

Аптасына  екі ретҚыздар ұйымының  тазалықшылары

Мектеп   медбикесі

3Қыздар  жиналысын өткізуЖиналысАйына  бір  ретҰйым жетекшісі, ұйым  мүшелері
4Мерекелік  қабырға  газеттерін  шығаруМерекелік  құттықтау, қабырға   газеттеріМереке  күндері қарсаңындаҰйым жетекшісі, ұйым  мүшелері
Өткізілетін    шаралар
1«Бой  түзеу  -әуелі   ой түзеу»

 

ҚыркүйекҰйым  жетекшісі

 

2«Ұстазым  менің,  ұстазым»

 

 

Мерекелік

құттықтау

 

ҚазанҚожабекова Б.Ж

Төлегенова А.С

3«Алтын    күз-2013»Күзгі  бал  байқауыҚазанҚожабекова Б.Ж

Андирова Т.У

Төлегенова А.С

4«Әдептілік- адамгершілік  бастауы»

 

Әдептілік  сабағыҚарашаҚожабекова  Б.Ж

 

5« Арулар  аз болды ма атқа  қонған?!…»

 

Тарихи  танымдық  кешЖелтоқсанҚожабекова  Б.Ж

Сәрсенбаева   Н.Ә

6«Жылы  жүрек- жақсы тілек»ТренингтерҚаңтарҚожабекова  Б.Ж

Мектеп  психологі

7«Қар   ханшайымы -2014»

 

БайқауАқпанҚожабекова  Б.Ж
8«Артық  болмас  білгенің…» Қағазбен,матамен жұмысІскерлік  сабағыНаурызҚожабекова  Б.Ж

 

9«Көктем  аруы-2014»«Қыз  сыны» байқауыНаурызҚожабекова  Б.Ж
10«Шығармашылық   — жетістік  бастауы»КөрмеСәуірҚожабекова  Б.Ж

Ізтілеуова  А.Ж

11«Махаббат – өмір көркі»

 

ПікірталасСәуірҚожабекова  Б.Ж
12«Инабат»  қыздар  ұйымының  жылдық  жұмыс  жоспарының орындалуы туралы  есеп беруХабарламаМамырҰйым  жетекшісі

 

 

«Инабат» қыздар ұйымының  жетешісі:                      Қожабекова Б.Ж

 

 

 

 

 

 

 

Нарқызыл   негізгі  мектебіндегі  «Инабат » қыздар  ұйымында  өткізілетін 

қыздар жиналысының  жоспары

 

ТақырыптарыӨтетін   уақыты

 

Өтілуіне  жауапты
1№1 қыздар  жиналысы

1.«Инабат»  қыздар  ұйымының  жылдық  жұмыс  жоспарын  жасау, бекітуге  ұсыну

2. Тазалықшыларды, газет  шығарушыларды , оқу секторын сайлау

 

Қыркүйек

Қожабекова Б.Ж

Ұйым мүшелері

22 қыздар  жиналысы

«Өмір, қымбатсың  маған!»

Ағымдағы  мәселелер

ҚазанҚожабекова Б.Ж

 

3 қыздар  жиналысы

«Салауаттылық — салтымыз»

(баяндама)

Ағымдағы  мәселелер

ҚарашаҚожабекова Б.Ж

Ұзақова А.Е

4№4  қыздар  жиналысы

«Білімді  мыңды  жығар »

Ағымдағы  мәселелер

ЖелтоқсанҚожабекова  Б.Ж

 

5№5   қыздар  жиналысы

«Адам болам  десеңіз…»

 

Қаңтар

 

Қожабекова  Б.Ж

 

6№6   қыздар  жиналысы

«Тазалық –денсаулық    кепілі»

(жеке бас  гигиенасы  туралы  маман  кеңесі)

Ағымдағы   мәселелер

 

Ақпан

 

Ұзақова А.Е

Жұмабаева А.Қ

7№7   қыздар  жиналысы

«Ана.Келін. Бойжеткен»

(аналармен  бірге  дөңгелек үстел)

НаурызҚожабекова  Б.Ж

Жаңабергенова Ж

8№8   қыздар  жиналысы

«Иманды болу-парызың»  (баяндама)

 

 

Сәуір

 

Сәрсенбаева Н.Ә

9№9   қыздар  жиналысы

1.«Инабат»  қыздар  ұйымының  жылдық  жұмыс  жоспарының  орындалу  есебі

 

МамырҚожабекова  Б.Ж

 

 

 

 

 

 

«Инабат» қыздар ұйымының  жетешісі:                      Қожабекова Б.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Жылы  жүрек – жақсы  тілек»

                                                Қожабекова  Бағдагүл  Жанғазықызы

Математика    пәні  мұғалімі

Мақсаты:

— Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

— Мейірімділікке, ізгілікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу;

— Жақсы тілек, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту, қамқорлық жасауға жетелеу.

Көрнекі құралдар:  жүрекше, нақыл сөздер,  слайд  презентация

Қажетті  құралдар:  маркер, түрлі  түсті  қағаздар, А4  форматы,стикер, клей, қайшы

Өтілу   түрі:  тренинг,  топтық  жұмыс

Жоспары:

І.  Шаттық шеңбері       « Жүректен   жүрекке»

ІІ.Топқа  бөлу; Топ  ережесін  таныстыру

ІІІ. «Сыйлық»   (тренинг)

ІҮ. Топтық    жұмыс

Ү.   Ойтолғаныс

ҮІ. Рефлексия

Қорытынды

Өтілу  барысы:

І. Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір-біріне жиі айтудың нәтижесінде өзара сыйластық артады.

Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.

Шаттық шеңбері. « Жүректен   жүрекке»  (Жүрекшені  бір  -біріне  беріп  тілек  айтады)

ІІ. Топқа  бөлу  ( Ұйым  мүшелері  өздері  қалаған  түсті  таңдап   «Қызыл», «Сары»,  «Жасыл»  болып  топқа  бөлінеді)

Біздің   ереже:

Белсенді қатысу

Тыныштық сақтау

Бірін-бірі тыңдау

Ойын ашық айту

Бір-бірін сынамау

Ынтымақтылық

ІІІ. «Сыйлық»   (тренинг)

Әр  топ  шеңбер  жасап  тұрып  бір- біріне  ыммен  сыйлық  жасайды, қандай  сыйлық  екенін  айтпайды. Барлығы  жасап  болғаннан  кейін  талқылау  болады.

Талқылау:

Көршіңіз  сізге   қандай  сыйлық  жасады  деп  ойлайсыз?

  1. Қандай сыйлықты сыйлағанын   сіз  тез  түсіндіңіз бе?

Сізге  сыйлық  ұнады ма?

4.Қандай  әсерде болдыңыз?

 

ІҮ. Топтық    жұмыс

Әр  топ  берілген  уақыт  ішінде  сыйлық  әзірлейді (ұстаздарына,  Анасына,  достарына, балаларға т.б). Сыйлықты  кімге,  не  үшін  сыйлайтындарын  түсіндіріп  береді.

Таныстырылым  жасалып  болған соң бағалау болады. «Екі  жұлдыз,   бір  тілек»  әдісімен  әр топ  бір біріне  жұлдыз  сыйлап  ұсыныстарын  айтады.

 

Сергіту  сәті   «Көңілді  би»,   «Гүлдер »

 

Ү.   Ойтолғаныс

«Сіз», «біз» деген жылы сөз,

Жақсылықтың мейірі.

Бір-біріне болып көз,

Кең болсын адам пейілі.

 

«Сіз», «біз» деген жылы сөз,

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жаныңды тез,

Оятады игі тілекті

 

Сұрақтар  қою арқылы  тақырыпқа  қатысты  ой  бөлісу, пікірлесу

Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?

Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың   келеді?

 

Әрқайсыңның  тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар, яғни біз бақытты өмір сүреміз.

 

ҮІ. Рефлексия

Оқушыларға  стикерлер  таратылады, «пікір  ағашына»  өз  пікірлерін  жазып  қалдырады.

«Қызыл»  «Уақытым  зая  кетті,  қызық  емес»

«Жасыл»  «Маған  бүгінгі  тренинг  ұнады,  көп  нәрсе  үйрендім.Келгеніме  қуаныштымын.»

«Сары»   «Менің  ойымша   бұл  тренинг  бірқалыпты  өтті,  жаңалық   болған  жоқ  »

 

Қорытынды

Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болады, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік