Адамзатқа төнген қауіпті дерт

Адамзатқа төнген қауіпті дерт

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға  темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.

Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.

Оқушыларды  ЖИТС  (жүре  п.б.  иммундық  тапшылық  синдромы)  немесе  ЖЖБА-дан  сақтану  әдістерін  үйрету,  төтенше  жағдай  кезінде  дұрыс  шешім  қабылдай  білу  қабілеттілігін  дамытатын  қажетті  білім,  білік,дағды  /ББД/  қалыптастыру.

Сабақтың негізі: :   Елбасының «Қазақстан – 2030» Жолдауы негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және осы тәрбиені ұрпақ боййына сіңіру ұстаздар алдында тұрған үлкен мәселе.

Бұл сабақта қазіргі таңда елімізде де таралып бара жатқан, Қазақстан Республикасының әрбір азаматын ойландыратын СПИД дерті жайлы сөз болмақ.

Онда СПИД-тің пайда болуын, таралу жолдарын, зиян екенін түсіндіру, нашақорлықтан бойларын аулақ ұстауға үйрету көзделді.

Сабақта берілген нәтижелер арқылы оқушылар шылым шегудің физиологиялық зардабын және тірі ағзаға әсерін сипаттай алуы қажет.

Қолданылатын әдістер: Конференция түрінде өткен сабақта пікірталас,  сұрақ-жауап,  әңгімелесу,топтастыру әдістері қолданылды.

 Көрнекіліктері:  Конференцияда  «Ойлануға арналған бұрыш» («Сенің қалауың» кітапшасы, СПИД дертінің жұғу жолдары бейнеленген плакаттар), баяндама,оқушылардың өзіндік жұмыстары,салған  суреттері «нақыл сөздер көрнекілікке алынды.Және көрме ұйымдастырылады.

І ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушыларды түгелдеу
  2. Сабаққа дайындау
  3. Топқа бөлу

Сабақ мазмұны:

 Мұғалім. Бүгін біз «Адамзатқа төнген қауіпті дерт» деген тәрбие сағатымызды бастағалы отырмыз. Бастамас бұрын, мына сөздерге көңіл аударайық:

Темекі

Алкоголь

Есірткі

-Жарайды, өте жақсы. Олай болса, осының әрқайсысына да көңіл аударсақ, бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. (Әрбіреуіне жеке-жеке байланыстырып тоқталу.)

-Балалар, сендердің жастарың нешеде?

-13-14-те, яғни сендір қазір жасөспірімсіңдер. Жасөспірімдік кезең – сендердің адам болып қалыптасуына септігін тигізетін негізгі даму кезеңі.

-Ал, балалар, сендер өздеріңнің есейіп жатқандарыңды байқайсыңдар ма?

-Сендердің айналаға қарап киінуге, жақсы жүруге талпынатын кезеңдерің.

-Ал, сендер үлкендерге ұқсағыларың келе ме?

-Әрине, ата-ана, ұстаздың көзінше бала бұларды мойындағысы келмейді. Ал кейбір жасөспірімдердің негізгі ойлары: темекі шегу – ересек болып көріну. Темекі шексе, өзін-өзі үлкен сезініп, өзіне-өзінің сенімі артып, үйге кіруге әлі ертесініп, «мамасының баласы ғой» дейтін балаларды ажырата алады.

— Ия, алғашында осылай бола тұрса да, жасөспірімдер елігіп, шылым шегуді жалғастырады. Бірнеше рет шеккен адамға алғашқыдай жағымсыз әсер туғызбайды, керісінше, никотинге тәуелділік қалыптасады. Әрі қарай темекіге деген құштарлық туады.

1-жүргізуші: Асем:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», — деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан. Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін «1Желтоқсан- Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күніне байланысты жиынды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Ерболат:

Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97%өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды. Бейбарыс  сен не айтасын? Шылым туралы?

(Бейбарыс)   Қор болған темекіге қайран жігіт,

Тұрады-ау танауынан түтін шығып,

Сасығы ық жағынан жүргізбейді,

Жағымсыз көңірсіген исі шірік.

3-жүргізуші:Замира :

Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20% .  Қатерлі ісік  ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады. Арайлым сен не айтасын? Шылым туралы?

Арайлым: Күрк-күрк көк жөтел,

Күркілдеген көк жөтел.

Жасыңнан шексең темекі,

Түбіңе сенің сол жетер.

Түтінмен ыстап өкпені,

Никотин уын төккені.

Жүректің ұстап талмасы,

Мишықтың  құрғап кеткені.

Салауатты өмір сүреміз,

Темекіні шекпейміз.

1-жүргізуші: Асем:

Бұл тыңдағандарыңыз шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ. Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма? Сол туралы болмақ. Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу жараспаған. Ал кісі өліміне апаратын жаман әдет қайдан келген? Ол туралы бізге сыныбымыздың тарихшысы  Гулдана айтып береді.

2-жүргізуші: Ерболат:

Мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді? Бұл туралы сыныбымыздың социологы  Нұрлан  не ақпарат берер екен, соны тыңдайық.

3-жүргізуші: Замира:

Біздің ағзамызға темекі шегу қауіпті ме? Осы сұраққа жауап беру үшін химик ретінде Айдана зерттеу жүргізген

1-жүргізуші: Асем:

(слайд) (Темекі шегетін оқушы мектепте қалыптасқан тәртіп жүйесін бұзады, ата-анасын тыңдамайды. Л.Толстойдың «Жастық» повесінде: «…Шылымның иісі жағымды көрінді, аузымда қышқылтым дәм сезілді, тынысым тарылды. Бірақ жүрегімді қолыма алып, мен шығаруға тырыстым, көп кешікпей бөлменің іші көгілдір түтінге толды. Аздап басым айналды. Мен әрекетімді тоқтатып, қолымдағы түтікшемен айнаға қарау үшін орнымнан көтерілдім, бірақ буындарым босап, бөлменің іші шыр көбелек айнала бастады, әрең деп айнаның алдына жеткенде, одан мен өзімнің ақ шүберектей бозарған өңімді көрдім.   Мен шындап қорықтым… және қатты бас аурумен әлсіреп төсекте ұзақ жаттым…» деп жазылған.)

Адам үнемі білуге құмарланып тұрады.. Бірінші рет тартқанда қандай күйде болды? Темекі шегу әдетке айна лады ма?. Бұл сұраққа жауапты дәрігер ретінде зерттеу жүргізген  Диасқа сөз берсек.

2-жүргізуші: Ерболат:

Енді біз әйелдер арасындағы темекі шегушілік туралы әңгіме қозғасақ. Бұған дейін біздің қазақ қыздары, әйелдері темекі шекпеген ғой. Сіздерден сұрайтынымыз: қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Бұл туралы сынып дәрігері Диасқа қоя отырып менде жауап тапқым келеді?

3-жүргізуші  Замира:

Темекі шегуді қалай қоюға болатынын дәрігерден  менде сұрайын.(Диас)

1-жүргізуші:   Асем:

Жасөспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін бұл туралы сыныбымыздың  биологы Айгерімге сөз береміз

2-жүргізуші: Ерболат:

Барлық жасөспірімдерге алкоголь, темекі және есірткі ұсынса, әрқайсысы олардың бетін қайтара бермейді. Олай болса, тағы да ойлануға арналған бұрышқа көңіл бөлейік.         Сол сияқты, алкоголь – қосындыларды ашытудан алынатын, күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Алкоголь қанға араласады, одан әрі миға шабады екен. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Егер адам шамадан тыс ішсе, гастрит, жүрек ауруы, дәрумен жетіспеушілік және бауыр циррозы, белсіздікке ұшырайды, ауруларды жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйде болады. Егер алкоголь қан құрамында 0,1 – 1,15 пайызы болса, машина жүргізу аса қауіпті. 0,2 пайызы болса, түсініксіз сөз, қисалаңдап жүру байқалады. 0,4 пайызы – ес-түстен айырылуға әкеледі. 0,6-0,7 пайызы болса – адам өледі.Арақ туралы не білесіңдер?

:Әй,адамзат неге жүрсің серіксіз?

Тоқта!Тоқта!

Мені көрсе ішіп алар адамдар бар шыдамай,

Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:

Табысы мен атақ-даңқы,қолы жеткен мансабы,

Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.

Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын,

Ақырында уақыт өте әлемді де қармаймын

3-жүргізуші:  Замира:

Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі – мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып, құмарту. Ал алкоголизмнің соңғы сатысында ішімдікті аз ішсе де адам тез мас болады. Орталық жүйке жүйесі зақымданып, соматоневрологиялық аурулар және психикалық ауытқушылық құбылыс дами бастайды. Осы туралы  Бақдәулет:

Бақдәулет: Арақ алмап, сыра жалмап жер үстін

Күйін кештік күлде қалған кебістің.

Қоғамымның жүрегі айнып,лоқсиды

Неге ішемін? Неге ішесің? Неге іштің?

1-жүргізуші: Асем:

Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезінде арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады. Өз денсаулығына да әсер етеді.

2-жүргізуші: Ерболат:

Мұнда есірткінің басы темекіден басталғанын көріп отырмыз. Сондықтан, темекі – есірткіге апаратын бірден-бір жол.Есірткі деген не деген сұраққа  Гүлдана  өзінің баяндамасын даярлап келген екен. (Оқушының баяндамасын тыңдап, пікірталас жүргізу.)

Мен — есіркіге қарсымын!

Есірткі деген сөздің өзі бір зұлымдық сияқты құлаққа жағымсыз естіледі. Есірткі — адамның санасын жаулап қана қоймай, әрдайым өзіне еліктіретін бір қасиеті бар химиялық зат. Есірткі түрлері: гераин, какаин, анаша, канапля және тағы басқалары. Көбінесе есірткіні Ауғанстан мен Батыс мемлекеттерінде өндіреді. Оны қолдану тәсілдері көп. Оны ине шаншу немесе дәрі сияқты капсулаларда қолданады. Есірткінің дәрі немесе қант пудрасы сияқты болып келуі оның бір елден екінші елге тасымалдануына мүмкіндік береді, себебі оларды дәрі немесе витаминдер сияқты шекарадан тасымалдау оңайға түседі.

Есірткіні қолданатын адамның түрі бозарып, тамаққа тәбеті болмай, тез арықтау, қатты жөтелдер сияқты өзгерістер байқала бастайды. Ондай адамдардың есте сақтау қабілеттері нашарлап, көңіл күйлері тез өзгеріп, әр түрлі заттарға немқұрайлы қараулары байқалады.

Қазіргі кезде мектеп оқушылары мен студенттер арасында есірткінің дәмін сезіп, сол зұлымдыққа мойынсұнып кеткен жастар барын жоққа шығара алмаймыз. Қазақстанның Ішкі істер министірлігі есірткіге қарсы біршама жұмыстар атқаруда. «Мен есірткіге қарсымын» деген атаумен әр түрлі бейнеклиптер, шерулер ұйымдастырылып жатыр.

Нашақорлыққа беріліп, сол «батпақтан» шығудың жолын ойлап, арнайы емдеу орындарында емделетін адамдар арқылы біз мәдени іс-шаралардың жемісін көре аламыз. Тайған жолдарынан қайта жақсы өмірге оралудың өзі үлкен күш-жігерді талап етеді. Жастар, нашақорлыққа берілмей, қызыққа толы өмірдің парасатты азаматы болуға ұмтылайық!

3-жүргізуші:  Замира:

Есірткіні, әлбетте, қызығудан немесе жаң әсер алу үшін қолданады, яғни есірткіні «компания» үшін немесе «тормоз» болмау үшін татып көреді екен қазіргі жасөспірімдер. Ең бірінші рет есірткіні қабылдай отырып, ләззат ала отырып, ешкім де оның арқалаған жүгінің ауырлығын және қайғылы салдарын біле бермейді. Бірінші рет есірткіні қолдану тәжірибелі, бұрыннан қолданып келе жатқан нашақрлардың ықпалымен, солардың итермелеуімен өтеді.

1-жүргізуші: Асем:

Есірткі  қабылдау да  өте  қауіпті.  Себебі  нашақорлар  пайдаланылған  шаншу  инелерін  бөліскенде  қауіпті  аурулар  жұғуы  мүмкін.  Мысалы  СПИД  пен  гепатит  осылай  тарайды.  Айдын негізгі сөздерге тоқсалса:

2-жүргізуші: Ерболат:

СПИД біріншіде дұрыс білінбейді. Адам өзін сау адамдай ұстайды, ештеңе сезбейді. ВИЧ адамның жасушасына жабысып, дамиды екен. Дами келе, СПИД-ке айналады. Ол басқа аурулардың астарларына тығылады. Мысалы, грипп, өкпе аурулары, т.б. Ол алғашқы 3-4 айдың ішінде байқалмайды. Ал СПИД-ке қарсы ешқандай дәрі-дәрмек жоқ. Әрине, адам өмірін ұзартатын дәрі бар. Бірақ СПИД вирусы күшейіп алса, адамды аурулардан қорғайтын иммунитетті істен шығарады. Дәрі бұған төтеп бере алмайды. Ал бұл адамның өліміне әкеледі. Бұл ауруға күресті ұйымдастыру үшін мемлекет жылына 66 млрд доллар керек етеді. Бұл үшін Денсаулық сақтау ұйымы бәріне жыл сайын ақша бөліп, алдын ала жұмыстарын жасауда. Осы туралы Гүлназ қысқаша шолу жасаса:

3-жүргізуші:  Замира:

1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. Бұл күн жапа шегушілердің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы. (СПИД) ЖҚТБ-ны жұқтыру жолдарын____________ айтып өтеді

 

1-жүргізуші: Асем:

СПИД пандемиясы аумақты, ұлтты, жалпы адамзатты жынысы мен жасына ажыратып жатпайтын, бүкіл жер шарына қаһарын төгіп, бүкіл қоғамды зардаптайтын дүлей күш. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты. ЖҚТБ-ның бірінші сатысына Айдана тоқталып өтеді

2  жүргізуші:  Ерболат:

Ғалымдардың  есептеуі бойынша  ЖИТС  (СПИД)  ең  алғаш  20  ғасырдың  70 жылдары  АҚШ, Гаити, Африкада  тіркелген,  1979-81 жылдары  Нью-Йорк  пен  Лос-Анжелес  дәрігерлері  адамдардан  иммунитеттің  нашарлығын  байқаған.  Олар  қан  тамырының  ісігі  (саркома  Капоши)  және  пневманияның  сирек  формасымен  ауыратын  адамдар. ЖҚТБ-ның екінші сатысына Айгерім тоқталып өтеді

3-жүргізуші:  Замира:

1982  жылы  ауруларды  бақылау  орталығы  жаңа  ауру  ЖИТС-ты  тіркеді.  1983  жылы  француз  Люком  Монтанье  мен  американдық  Роберт  Галло  ауру  қоздырғышы  туралы  алғашқы  мәлімет  айтты. ЖҚТБ-ның үшінші  сатысына Ақмейір тоқталып өтеді

1-жүргізуші: Асем:

ЖИТС  (СПИД) – жүре  пайда  болатын  иммунитет тапшылығын  синдромы.  ЖИТС – ауру  емес,  ол  тек  басқа  жұқпалы  аурулардың  жұғуына  жағдай  жасайды.  Яғни  адамның  қорғаныш  қабілетін  төмендетеді. ЖҚТБ-ның төртінші  сатысына Қуаныш тоқталып өтеді

2  жүргізуші:  Ерболат:

1981  жылы  Америкада  (Атланта) ауруды  бақылау  комитетінің  баяндауы  бойынша  гомосексуалистер  арасында  өкпе  қабынуынан  және сирек  болатын  жаңа түзінді  /денеде/ сияқты  бұрын  таралмаған  түсініксіз  аурулардың көбеюі үреймен  баяндалған.

3-жүргізуші:  Замира:

Бұл  аурудағы  иммундық  жүйені  толық  жоятындығынан  бұл  вирус  АИВ (адамның  иммунитет  тапшылық  вирусы)  деп  белгіленеді.

1-жүргізуші: Асем:

ЖИТС – бірте-бірте  дамитын,  кейде  5  жылға  созылып,  адамды  ақыры  өлімге  жеткізетін  кесел. ЖИТС-пен  ауру-өлім  жазасына  кесілгенмен  бірдей.  Себебі дүние  жүзінде осы  уақытқа  дейін  әлі  оны  толық  жазатын  емжоқ.  Тек  қана  бірақ  жол-ол  сақтану, алдын алу.

2  жүргізуші:  Ерболат:

Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр.

3-жүргізуші:  Замира:

Соңғы  жылдары  республикамызда  ЖИТС-ке  қарсы  арнайы  қызмет  жүйесі ұйымдастырылған.  Қазіргі  кезде  республикамызда  ЖИТС-тен  қорғану  жұмыстарынатқаратын  18  орталық,  64  1-

зертхана  бар.

1-жүргізуші: Асем:              

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе ситуациялық сұраққа тоқталайық:

-сіздің қаңсырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды

Жауаптары

  • Қол алысып, құшақтасқанда.
  • Ыдыс-аяқтан, тамақтан,дәретхана заттарынан.
  • Төсек жабдықтары мен киімнен.
  • Темір және қағаз ақшадан
  • Су мен ауадан.
  • Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан.
  • Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан.
  • Жәндіктердің шағуынан.
  • Моншада, саунада, бассейінде.
  • Бой жазу.
  • Менің саған берер кеңестерім
  • -Бөтен адамның қаны көзіңе, әсіресе жарақаттанған теріге жағылып кетуінен сақ бол.
  • -Көшеде жатқан шприц пен инелерге тиме.
  • -Есіңде болсын, барлық медициналық дәрі егу(укол( бір реттік пайдаланатын құралдармен жасалуы тиіс

2  жүргізуші:  Ерболат:

Адам тексеруге қан тапсырып, онда АҚТҚ –инфекциясы табылғанын жаңа ғана білді. Ол не сезінеді? Ол не ісСитуациялық жағдайды талдау.
Сізге қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?тейді?

Көмек көрсететін адамға ұсыныс: Жараны таза ,қалың матаме қатты танып байлаңыз. Қан сіздің көзіңізге, аузыңызға немесе зақымдалған теріңізге түспеуін қадағалаңыз. Қан аққан жерден жоғарырақ таңбаны тағу керек. Шұғыл түрде медицина қызметкерімен байланысыңыз.Дәрігерлік қызмет көрсеткеннен кейін қолдарыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.

3-жүргізуші:  Замира:

Сенің достарыңның бірі темекі шегеді. Ал сенің темекі шеккің келмейді,сол үшін олар сені шеттете бастайды. Сен олардан бөлініп кете алмайсың. Не істер едің, әлде қойдырудың жолын іздестірер ме едің?

 

”Миға шабуыл”

1.Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді, бірақ сенің темекі шеккің келмейді.Достарың сені темекі шегуге итермелейді,сен достарыңды да қиғың келмейді.Не істер едің?

2.Сен бір сәт есейгің келеді. Үлкендерге ұқсап дем алғың  келді,есік алдындағы дүңгіршікке барып, вино әкелдің, дәл осыдан соң қандай әрекет жасауың мүмкін?

3.Сіздермен бірге оқитын, бірге отыратын жан досыңның есірткі пайдаланатынын білдің. Сол кезде сен не істер едің? Қандай әрекеттер жасар едің?

1-жүргізуші: Асем:

Сіздің қол астыңыздағы жұмысшыңыз күнде спирттік ішімдік ішетіндіктен өз жұмысын орындай алмайды, себебі ол түскі үзіліс кезінде де ішеді. Ол жаңа ғана түскі үзілістен ішіп келіп тұр. Не істейсіз?

2  жүргізуші:  Ерболат:

«Қауіп-қатер дәрежесі» тестке тоқталып өтсек

3-жүргізуші:  Замира: сөз беріледі.

Мүғалім:  Қорыта  айтқанда  әр  оқушы аурудың  алдын  алу  үшін  ауырмай тұрып,  ауырмайтын  жол  іздеу керек.  Салауатты өмір  салтын  ұстану,  жеке  бастың  тазалығын  сақтау  арқылы айналасындағыларға  дерттің  алдын  алуға  мүмкіндік  жасайды.   (Көрме бұрышына тоқталу)

1-жүргізуші: Асем:

Адам!

Адам!

Бөлісіп уайымды –

Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды,

Дерт шалмасын,

Ешқашан өрт шалмасын,

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.

Бір-біріңе болыңдар қайырымды, —

дей отырып, бүгінгі конференциямызды аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңыз үшін көптен көп рахмет.