Иман айнасы кездесу кеші
Иман айнасы кездесу кеші
1 жүргізуші:
Мадақтасаң бір Аллаһты мадақта,
Аллаһ қана лайықты мадаққа.
Имансызды тастап мәңгі тозаққа,
Имандыны кіргізеді жәннатқа.
Мен де Аллаһтың бір құлымын дәрменсіз
Іс қылмайтын Раббым берер жәрдемсіз.
ІІ жүргізуші:
Дін – ғылымның анасы.
Дін – ғылымның әкесі,
Ғылым – діннің баласы.
Дін – ғылымның көкесі.
Дін – белгілі заңдылықтардың жүйесі.
І жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар «Иман айнасы» атты кездесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
ІІ жүргізуші:
Ислам діні – дүние жүзіне кең тараған діннің бірі. Мұсылман дінінің негізін салушы Мұхаммед Пайғамбар. Бұл діннің қасиетті кітабы – құран.
«Құран сөзі – құдай сөзі» деп үйретеді Мұсылман баласын.
І жүргізуші:
Ислам дінінің бес тірегі бар.
- Алладан басқа құдай жоқ екен және Мұхаммед Алланың соңғы елшісі – Пайғамбары екенін мойындау.
- Намаз оқу
- Зекет беру
- Ораза тұту
- Қажылық жасау – ендеше, Меккеге қажылыққа барып мұсылмандық парыздарын өтеп келіп отырған қажы ағаларымызға ақ тілегін білдіру үшін алғашқы құттықтау сөз ауыл әкімі Торбаев Бақытжан Қуанышбекұлына беріледі.
ІІ жүргізуші:
Жаман қылық, арам ниет, күнәлі іс,
Қашықтатар бізді Алладан тым алыс.
Біліп, білмей, күнә жасап қойсаңыз,
Шын опық жей, көп кешірім сұраңыз.
Енді бұлай істемеймін деңіз де,
Уәде беріп, жалыныңыз Иеңізге.
Сол уәдені үнемі есте сақтаңыз,
Айналса да көз жасыңыз теңізге.
І жүргізуші:
Келесі құттықтау сөз мектеп директоры Жақсылықов Нұрболат Жақсылықұлына беріледі.
ІІ жүргізуші:
Әй,әй, бауырым, ойласаңшы бір уақыт,
Неде екенін ар – абырой, шын бақыт.
Жақсылық пен жамандықты айыр деп,
Құран тұр ғой тылсым үнмен тіл қатып.
Жасатпайды жамандықты, харамды,
Керісінше, лайық емес адамды.
Айырады түрлі игілік, нығыметтен,
Бақытсыздық өзі табар наданды.
І жүргізуші:
Алланың нәсібімен Меккеге қажылыққа барып мұсылмандық парызын өтеп келіп отырған ауылымыздың имамы Әбдісалықов Айдос қажыға сөз кезегін берейік.
ІІ жүргізуші:
Ес біліп, ақыл тоқтатқаннан кейін кәмелеттік шағыңнан бастап, Алла алдындағы, өзің өмір сүріп жатқан қоғам алдындағы парызды өтеген жөн. Ол парыздың түп – түйіні; көңіл, ниет тазалығы, дене пәктігі, тәубаға келу, бес уақыт намаз оқу, ораза тұту, зекет беру, қайырымдылық пен жомарттық, үлгілі жанұя құру, обал мен сауапты айыру, адал жеп, адал еңбек ету, жаман нәрселен қашу, үлкенді сыйлау, жетім – жесірге жәрдемдесу, білім іздеу, ұстамды болу.
І жүргізуші:
Қажылық сапары жөнінде әңгіме өрбіту үшін сөз Боранбай қажы ағамызға беріледі.
ІІ жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар мұсылмандық парызын өтеп келіп отырған ағаларға берілетін өзекжарды сұрақтарыңыз болса кезек сұрақ жауапқа беріледі.
І жүргізуші:
Мен өзімді жаратқанға қарыздармын, — дер едім.
Қарызымның өтеуі – парыздарым, — дер едім.
Көңілі жай, қонақжай,
Дінін халқым сағынды – ай!
Санасыздар әлі де
Құдайға жүр бағынбай.
Бұл дүние сағымдай,
Тәубеңе кел! – дер едім.
ІІ жүргізуші: Құрметті ағалар алтын уақыттарыңызды бөліп жас ұрпаққа мұсылмандық парызы жөнінде сыр сұхбат бергендеріңізге
көп – көп рахмет.
І жүргізуші: Осымен «Иман айнасы» атты кездесу кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
І,ІІ жүргізуші: Қош сау болыңыздар!