Ұлттық экологиялық ұғымдардың мәні

Тақырыбы:           Ұлттық экологиялық ұғымдардың мәні

 

      Мақсаты:   1.  Ұлттық экологиялық ұғымдарды саралап,       оқушыларға меңгерту.                                                     2. Ұлттық экологиялық ұғымдарды мән- мағынасына қарай топтай білуге, адам мен табиғаттыің егіз ұғым екенін саралай білуге үйрету.                                                                            3. Экологиялық сауаттылықты қалыптастыру.

      

       Түрі:      Әңгіме.Танымдық сағат.

       Әдісі:  Баяндау.Сұрақ-жауап.СТО элементері

       Көрнекілігі: Баспасөз материалдары, сызбалар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, т.б..

 

       Өткізілу барысы:  1. Ұйымдастыру бөлімі.

      

       Ми шабуылы:  Ұлттық экологиялық ұғым, ол- …

     

      *** Оқушылардың пікірі тыңдалады.

  1. Мұғалім сөзі:
    • Ұлттық экологиялық ұғымдарды мән- мағынасына қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.

 

  • топ: Ұлттық экологиялық тыйым сөздер

 

— Экологиялық тыйым сөздерді табиғат байлықтарына қарай жеке тақырыптарға жіктейміз.

  • Суға арналған тыйым сөздер:

“Суға түкірме”, “суды ылайлама”, “өзенге өлген ит тастама”, т.б.

 

  • Өсімдікке байланысты тыйым сөздер:

      “Көкті жұлма”, “Көкті таптама”, “Жалғыз ағашты кеспе”, т.б.

 

  • Жануарларға қатысты тыйым сөздер:

     “Құмырсқаның илеуін бұзба”, “Құстың ұясын бұзба”, “Аққуды атпа”,т.б.

 

2- топ: Ұлттық экологиялық мақал- мәтелдер, нақыл сөздер

 

*** Суға арналған мақал- мәтелдер, нақыл сөздер:

     “Судың да сұрауы бар”, “Бұлақтың көзін аша жүр, жақсы істен  мұра шаша жүр”, “Судың басындағы ел су ішеді, сағасындағы ел у ішеді”, т.б.

  • Өсімдікке байланысты мақал- мәтелдер, нақыл сөздер:

“Бір ағаш кессең он тал ек”, “Бақ өсіргеннің бағы жанады”,

“Ағашқа балта шапқаның, өміріңе залал тапқаның” т.б.

 

  • Жануарларға қатысты мақал- мәтелдер, нақыл сөздер:

“Киіктің де киесі бар”, “Дуадақ шөлін сүйеді, аққу- қаз көлін сүйеді”, “Құлан- қырда, құндыз- суда”, т.б.

 

 

  • топ: Ұлттық экологиялық аңыз әңгімелер.

 

  • Ертеде жоңғар шапқыншылары бейбіт елді ата- қоныс жерінен қуған басқыншылық заманда Төле би бабамыз жалғыз өзі үйін жықпай отырған. Мұны көрген әскер басы бабаға келіп мән- жайды сұрайды. Сонда Төле би бабамыз шаңырағына ұя салған қарлығаштың қызылшақа балапандарын аяп отырғанын айтады. Осыны естіген әскер басы далалардың дана абызының айтқанына таң қалып, асқан адамгершілік қасиетін сыйлап, бабаның өзіне де, қарлығаш ұя салған шаңырағына да тимеген екен.

 

  • топ: Ұлттық экологиялық салт- дәстүрлер.

 

        — Бұл бағыттағы дәстүрлердің бірі- Наурыз мейрамы. Бұл табиғаттағы ерекше құбылыс- күн мен түннің көктемгі теңескен күні. Наурыз мейрамының да басты мақсаты табиғат пен адам арасындағы табиғи экологиялық тепе- теңдікті сақтауға негізделген. Мысалы: бұл кезде басты су көздері- бұлақ,бастау, өзен, көл, бұлақ жағасында ағаш отырғызу, айналаны қоқыстан тазарту және т.б. жұмыстар атқарылады.

— Қазақ халқының өмір- тіршілігі, күнделікті тұрмыс жағдайы және дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысуының бәрі де табиғат аясында өткендіктен, табиғатқа деген сүйіспеншілігі, аяушылық сезімі халықтың қанына да, жанына да сіңген.

         — Халқымыздың мұң- мұқтажына жанашырлық танытып, Жерұйықты іздеген Асан қайғы бабамызды дала данағөй экологы деп атауымызға әбден болады. Бұл бабаларымыздың Қазақстанның әрбір өзені мен көліне,шұрайлы жері мен тауына берген бағасының өзі ең құнды ұлттық экологиялық шығарма деп мақтаныш сезіммен дәріптеуге болады.

 

  1. Оқушылар шығармашылығы.

*** Оқушылардың үйден дайындап келген өлең- жырларымен, суреттермен танысу.

 

 

  1. Бекіту.

Категориялық топтастыру:

  1. Қорытынды: — Балалар, осындай ұғымдарды есте сақтап өссеңдер, біріншіден- халқымыздың абыройын асқақтатар едіңдер, екіншіден- табиғатқа жақын тұрып, сүйіспеншілік мейірім- сезімдерің оянар еді деп ойлаймын. Бабалардың ұран тектес аманатын естен шығармайық дегім келеді:

 

Қылса да дұшпан қастығын,

Жолдасы бол жақсының.

Елді, жерді сақта деп,

Балам саған тапсырдым.