Сынып лидері
Тақырыбы: «Сынып лидері »
Мақсаты: 1. Ғылым, білімге жетелейтін білімді жас ұрпақ тәрбиелеу.
- Оқушыларды жүйелі ойлауға дағдыландыру, білім- білік дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс
Әдісі: Сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, техникалық құралдар,т.б.
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
- Сайыстың жұргізілуі:
Жүргізуші: Қайырлы күн, біздің қымбатты ақылды оқушыларымыз! «Сендерді ХХ ғасыр көшбасшысы» деп аталатын зияткерлік ойынға қатысуларыңмен құттықтаймыз!
«…О біздің білімпаз жандар
Таңдантар бізді әлі де.
Қиындық та болар күйретер,
Даналық та сонда үйренер»
А.С. Пушкин
Ұлы ақынның бұл сөзі бүгінгі кездесуіміздің эпиграфына айналсын, ал ұраны-«Үздік боламын деп армандамайтын оқушы жақсы емес»
Бүгінгі ойынға қатысушыларды құттықтап қояйық.Білім додасына қатысушы оқушыларымызды ортаға шақырайық.
*** Әділқазылар алқасын тағайындау.
Тыңдаңыздар! Ойынымыздың І туры басталады.
Ол «бәйге» деп аталады.
- Мемлекеттік Тудың авторы? /Ш. Ниязбеков/
- Ом заңын ашқан кім? /Ом/
- ТӨЛ сөзі қандай сөз табы? /Зат есім/
- Әшекейлер мен зергерлік бұйымдар жасалатын қылқынды жапырақты ағаштың шайыры? /Янтарь/
- Құстар қыстаған жерінде ұя сала ма? /Жоқ/
- Қандай металл ұшады? /Алюминий/
- Санның жүзден бір бөлігі? /1%/
- Қазақ тілі қандай тіл тобына жатады? /түркі тілдер тобына/
- Атақты Лувр музейі қай елде? /Францияда/
- Шаршы-параллелограмм ба? /иә/
- Кәдімгі үй шыбынының ұзындығы шамамен 7 мм. Ол миллион есе ұлғайса ұзындығы қанша болар еді? /7мм ∙ 1000 000=7км/
- Қиярды тұздау қандай физикалық құбылысқа негізделеді? /сіңу, кірігу/
- Профессор кешкі сағат 8-де ұйқыға жатады, ал сағат қоңырауын таңғы сағат 9-ға қояды. Профессор қанша сағат ұйқтайды? /1 сағат/
- Таяқты 12 бөлікке аралап бөлу керек, Неше жерден аралау керек болады? /11/
- Қолда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? /50/
- Күн жүйесінің ең үлкен жұлдызын ата. /Юпитер/
Жүргізуші: Әділқазылар алқасы, бұл турдың нәтижесін жариялаңыздар.
Ойынымыздың ІІ туры «Полиглот» деп аталады
Оның қызықтығы сол, ол қатысушылардың үш тілді білуін талап етеді /қазақ, орыс, ағылшын немесе неміс/. Қойылған сұраққа жауап үш тілде беріледі. Әрбір сөз-10 балл, демек, үш тілде жауап берілсе, тиісінше-30 балл болады.
- Ойын арзан-….қымбат. (час-сағат-hour)
- Құс қауырсынымен, ал….ақылымен көрікті. (человек-адам-man)
- Бір….-жақсы, ал екеу болса тіпті жақсы. (голова-бас-head)
- ….теңгең болғанша,…..досың болсын. (сто-жүз-hundred)
- Сөз-күміс, үндемеу-…. (золото-алтын-gold)
- Тазалық-….кепілі. (здоровье-денсаулық- health)
- Ескі….жаңа екі…..-тан артық. (друг-дос-friend)
- Жалқауға күнде-…..(праздник-мейрам-holiday)
- Сырын білмей….түспе. (вода-су-water)
- Жеті өлшеп,…рет кес. (один-бір-one)
- …..түбі тоқу. (учиться-оқу-lean, study)
- …..-де сүйек болмайды. (язык-тіл-language)
- …..тас жарар,тас жармаса бас жарар. (слова-сөз-word)
- …..тамақ тәңірден. (утро-таңғы-morning)
- Ботқаны…..бүлдірмес. (масло-май-butter)
ІІІ тур айтарлықтай күрделі
Бұл жерде сендердің әрқайсыларың жауап беру үшін құны 20-б, 30-б, 40-б сұрақтарды таңдап алу арқылы өз баллдарыңды көбейтулеріңе болады.
Таблоға қарап, сұрақтарды таңдап алыңдар.
20 б | Қазақ тілі | Орыс әріптеріне негізделген қазақ алфавитін жасаған кім? (Алтынсарин) |
20 б | Орыс тілі | В каком местоймении два звука, но одна буква? (Я) |
20 б | Биология | Түйе өркештерінде ненің қорын жинайды? (майдың) |
30 б | Математика | Қай кезде екі санның қосындысы олардың айырмасына тең болады? (кез келген санмен 0) |
30 б | Физика | Кірпіш қандай жағдайда тұрғанда жер бетіне көп салмақ түсіреді: жалпағынан ба, әлде қырынан ба? (қырынан тұрғанда) |
30 б | Тарих | Гректерде жеңісті бейнелейтін құдай-әйел? (Ника) |
40 б | Информатика | Ақпаратты енгізу және беру құрылғысы қалай аталады? (Шеткі немесе шеткері) |
40 б | Химия | Неге озонмен тыныс алуға болмайдвы? (озон оттектің үш атомынан тұрады,ал оттек тыныс алу атомы ретінде қауіпті) |
40 б | География | Экватор аумағында өмір сүретін оңтүстік америкалық лама жануарының жүні неліктен ұзын болады? (лама-биік таулы аймақта өмір сүретін жануар, ал биік таудың климаты салқын болады.) |
ІV тур. Жанды сұрақтар.
- Математика.
- Биология.
- Литература (орыс тілі)
- Музыка
- География
- Тарих
- Қазақ тілі
- Шетел тілі
Жүргізуші: Сонымен, төрт турдың нәтижесі бойынша ойында ең жоғары балл жинаған үш қатысушы қалды. Біз оларды толғанысқа шақырамыз.
«Егер мен…..болсам» деп аталатын ойынның V турын бастаймыз-10 б.
«Егер мен қала әкімі болсам…» тақырыбына толғанысты бастаймыз.
Дайындық мерзімі-3 минут. Әділқазылар тек қана жауап мазмұнын емес, оның ерекше болуын да бағалайды.
V тур қорытындысы.
«Шешен» қорытынды туры (2 минут)
Компьютер: дос па немесе жау ма?
Неге барлық балалар компьютерді, нақтырақ айтсақ, компьютер ойындарын жақсы көреді? Мультиктер мен кітаптар айдалада қалды. Психологтардың айтуынша, мультфильм көргендегідей оқиға барысын жай бақылаушы ғана болмай, өзіңнің басшылық жасай алуың қызықтыратын көрінеді. Алайда көптеген ата-аналар балаларының бұл қызығушылығына қауіптене қарайды. Олардың қауіптенуі дұрыс па, әлде дұрыс емес пе?
VІ тур қорытындысы.
- Қорытынды: — Оқушылардың ұпайлары есептеліп, жеңген оқушыны мақтау қағазымен марапаттау.