«Еңбек жолыңа сәттілік,жас маман!» (жас мамандар сайысы)

«Еңбек жолыңа сәттілік,жас маман!»

(жас мамандар сайысы)

 

1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар!

Мерекелеріңіз берекелі болсын!

Бүгінбіздің колледжде дүбірлітой,

Денқойыптыңдаңыздар, көңілдіқой,

Жырданшашушашылсын, күйкүмбірлеп,

Қошкелдіңіздер, халайық, сергісінбой.

2- жүргізуші:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы

1-жүргізуші:

Әр сөзі мейіріммен басталатын,

Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын,

Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,

Қалайша атамасқа асқақ атын!

2-жүргізуші:

Жаншуағы, күншуағыарайма,

Ұстаздегенәулиедейталайға.

Басыниіпөткенжоқпабізтүгіл,

Әл-фараби, Омар Хаям, Абай да.

 1-жүргізуші:

Көкбайрығымкөкжүзіндеқалқыған,

Әнұранымәуелегеншалқыған.

Бес құрлыққаелдіңатынпашеткен,

Елбасы да өткенұстазалдынан.

2-жүргізуші:Ұстаз…! Ынталылық пен табандылықты жақтаушы,  жақынға да, жатқа да әділ, жақсылық пен ізгілік көрсетуші…

1-жүргізуші:«Ұстаз…!  Жасқану мен  қорқынышты білмейтін батыл, ержүрек жан» — деген даналықты ғибрат етіп, ұстаздық ұлы жолға батыл қадам басып, жігерін жанып келген жастардың, жас мамандардың «Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:   Сайыс кезеңдері:

  1. «Өзімнің өмірдерегім» (түрлі жанрда 2 минуттық таныстыру)
  2. «Өнердің өрі- таланттың төрі»(өнерін көрсету 3 минут)
  3. Жағдаяттар қоржыны (педситуация)

2-жүргізуші:      Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты…

Бар ғалым, барлық қоғам құрметтейді,

Нұр сепкен шәкіртіне  мұғалімді.

1-жүргізуші: Бүгінгі сайыстың сайыпқырандарын шақырудың кезегі де келіп жеткен сияқты.

  1. Тиыннан теңге құра білгеннің есебі түгел деп пайымдайтын – Маржан Садыкова

2.Жұмыс күнін жоспарлап, жүйелейтін – Нұргүл Альмолдина

3.Кешегі колледж түлегі, бүгінгі өндіріс шебері – Ердос Қомар

4.Кемеден келіге топ еткен жап –жас маман — Ануар  Хамитов

  1. Өз құқығын өзгеден артық білетін – Мақпал Раис

6.Кезекті демалысын Араб Эмиратында өткізсем деп армандайтын – ДианаКушкунбаева

7.Адам жан дүниесінің жанашыры болсам дейтін психолог – АйғанымОразбаева

(сайыскерлер ортаға шығады, сонан соң шығып кетуге рұқсат)

2-жүргізуші:Сайыскерлерлермен танысып болсақ, сайыс кезеңдеріне кезек берелік.

1-жүргізуші:Нұрлы үмітін арқалаған болашақ,

Нұр сәулесін тарататын дос құшақ,

Жас мамандар сайысатын кез келді,

Танытатын бар болмысын барын сап.

2-жүргізуші:Ұстаздықты мұрат еткен жас толқын, қадамдарыңызға құт, «сапарларыңызға» сәттілік тілейміз!

1-жүргізуші: Сайыстың бірінші кезеңі: «Өзімнің өмірдерегім» (түрлі жанрда 2 минуттық таныстыру)

  1. №1 сайыскеріміз- Маржан Берікқызын қошеметпен ортаға шақырамыз.
  2. Алдарыңызда №2 сайыскер – Нұргүл Ахатқызы.
  3. №3- сайыскеріміз – Ердос Құрманбекұлы
  4. Келесі сайыскеріміз – Ануар Бағдатұлы ортада. Қарсы алыңыздар.
  5. Қошеметтеріңізбен ортада – Мақпал Төлеубекқызы
  6. Сахнада №6 сайыскер – Диана Серікқызы
  7. №7 сайыскеріміз –Айғаным Қабдірахманқызы. Қошеметтеріңіз!

2-жүргізуші: «Талантты мұғалім-барлық істе де талантты». Ендеше «Еңбек

жолыңа сәттілік,жас маман!»   атты сайысымыздың келесі кезегінде «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деген ұлы Абайдың пайымын жас мамандарымыз қалайша өрнектейді екен?! Байқайық!

Сайыскелеріміз белгіленген нөмір бойынша рет-ретімен сахнаға шығады.

1-жүргізуші:

Қанедостарпікірлесіпқарайық,

Қилы – қилыойдыортағасалайық.

Сан – салалыасылойлартоғысып,

Толғандырғанжайдышешіпалайық.

Педагогикалық жағдайды тиімді шешу де — үлкен шеберлік.Біздің сайыскерлер педагогикалық жағдайдан қалай шығады? Кезек берелік!

(Сахнаға барлық сайыскер шығады)

3.Жағдаяттар қоржыны  (педситуация)

2-жүргізуші:

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін,

Мақcатыма жеткізер- уақытыма сенемін,

Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.

Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!

Жас ұрпақтың  жарқын болашағына жұлдызды жол салатын, құзіретті  тұлға, жас маман —   Сіздерсіздер!

1-жүргізуші:Бүгінде білім – өркениетті елдердің құнды капиталына, сенімді тірегіне айналуда, білім менеджментін дамыту мен үздіксіз білім алуды мақсат еткен, болашақтың құзіретті тұлғасын тәрбиелеудегі зор міндетті жүктеген жас маман — болашақ ұлт ұстазыСіздерсіздер! Сіздерге — Ақ жол!

  • жүргізуші: Хан бол, мейлі қара бол,
    Дарын бол,мейлі,дара бол.
    Өтетін бәрі алдынан,
    Ұстаздар бейне сара жол.

Ұстаздар — ұлттың тірегі,
Ұстаздар – елдің  жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі – дей келе, жас мамандардың  ұстаздық еңбек жолына бағыт беріп, сәттілік жолдау үшін  Жезқазған қалалық депутаты, Білім меценаты, колледж құрылтайшысы Бекзат Қомарұлына ақ жол тілек берелік.

1-жүргізуші: Сайыс қорытындысын саралау үшін ЖММ жетекшісі Акимжанова Гаухар Сауалханқызын ортаға шақырамыз.

(Марапаттау рәсімі)

2-жүргізуші:   Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға,

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма,

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған,

Бас иіңдер, Ұстаз деген қасиетті жандарға!

 

Жүргізуші: Осымен жас мамандар сайысы мәреге жетті. Алда талай асулы жол,  бағындырар биік, жеңісті мәре бар. Баршаңызға сәттілік!