Тәрбие сағатының тақырыбы: Еңбек түбі – береке!
Тәрбие сағатының тақырыбы: Еңбек түбі – береке!
Мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,слайд.
І Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері:
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек!
Әңгімелесу.
- “Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Қандай адамды еңбекқор дейміз?
- Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
Жалғасын тап:
Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )
Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме )
Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің )
Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет )
Еңбек адамның … ( екінші анасы )
Еңбек – ата, … ( жер – ана)
Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )
Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан )
- Балалар, адамға өмір сүру үшін нелер қажет?
- Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді
Көрініс: « Қайдан келдің, бауырсақ?»
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
— Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
— Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
— Дүкенге келдің қай жақтан?
— Наубайдан келдім нан жапқан.
— Наубайға келдің қай жақтан?
— Диірменнен келдім ұн тартқан.
— Диірменге келдің қай жақтан?
— Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Сергіту сәті « Дұрыс па, бұрыс па?»
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
- Балалар, қазір біз топтық жұмысқа көшеміз.
Шығармашылық тапсырма:
1 топ: еңбек туралы 3 мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіру.
2-топ:« Еңбекқор жәндіктер» туралы жазып, айту.
3-топ: Ой еңбегі мен дене еңбегін ажырату.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Қорытынды:
Топтастыру. Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келеді.
Ән: « Болайықшы осындай!»