«Елін сүйген. Елі сүйген — Елбасы»

Тақырыбы: «Елін сүйген. Елі сүйген — Елбасы»

Мақсаты: 1.Оқушыларға  Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев  өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.

  1. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі ету.
  2. Оқушылардың өз Отанын , халқын сүйктін азамат болып өсуге , елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  әдеби-сазды кеш

Сабақтың  әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, буклет, нақыл сөздер.

Барысы:

Әнұран: Қ.Р. әнұраны орындалады.

 

Кіріспе сөз:

1-Арнұр:   Армысыздар қадірлі көрермендер, бүгінгі арнайы жаңалықтар қызметі –Тұңғыш Президент күніне арналмақ.

2-Диана:   Бүгін көретіндеріңіз. андатпа

  1. «Тәуелсіздік жолында»
  2. «Көрермен ойы»
  3. «Біз білетін- Елбасы»
  4. «Әлем таныған –Елбасы»
  5. «Ел ертеңін ойлаған –Елбасы»
  6. «Менің Президентім»

1-Арнұр.    Елдің ,халықтың сенімін, үмітін, бабалар аманатын арқалаған –ең жауапты , ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілін, тарихын , мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз патриот қана атқара алады.

2-Диана:    Иә, мемлекетіміз тәуелсіз ел болып жарияланғалы бері ел экономикасы, білім беру саласы бәрі дамыды. Еліміздің осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт молшылықта, татулықта өмір сүріп жатқанымыз, аз уақыттың ішінде Қазақстан атын сонау шет елдердің танып жатқаны Елбасымыздың салихалы саясатының арқасы.

1-Арнұр — Иә, дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық. Қаншама ата-бабамыз , Қайрат пен Ерболдай ағаларымыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды. Сол 1986 жылғы тәуелсіздік жолында құрбан болған, боздақтарды еске алайық.

І«Тәуелсіздік жолында»

 (Слайд: Лаула , лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы)

2-Диана: Тату өмір Тәуелсіздік енгелі,

Мәңгі қазақ жасау тиіс енді елі.

Жанын , қанын аямаған сан ғасыр,

Мұнда жатыр бабалардың еңбегі.

1-Арнұр:Елімнің берік ұстап көк байрағын,

Елбасым болашаққа бел байладың.

Әуелде қазақ деген халық барын,

Танытар әдет-ғұрпын, ел жайларын. Қазақстан -егеменді, тәуелсіз мемлекет, сондықтан оның өз әнұраны, туы, елтаңбасы бар.

Енді әріптесіміздің дайындаған репортажына кезекті берейік. Әсия- сөз кезегі өзіңде

ІІ- «Көрермен ойы»

Тілші-Әсия: Рахмет Арнұр ,Диана.

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші

Рәміздерім – әнұран, Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген – жөн кісі

Бүгінде біздің еліміз -бүкіл әлем елдері мойындаған Тәуелсіз мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады. Ендеше, осы рәміздер туралы біле ме екен, сұрап көрген едік.

1-оқушы: (Елтаңба)

Қара шаңырақ -ел күні

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы -елдігім,

Елдің тыныш тірлігі. (ҚҰРАЛАЙ)

2- оқушы: (Ту)

Көк аспанда –алтын күн

Көк аспанда -жас қыран

Естілгендей біздің үн

Сол ғарыштың астынан (НҰРИСЛАМ)

3-оқушы: (Әнұран)

Бақыт, бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикамның әнұраны.(ЖАНЕЛЬ)

Сұрақтар:

1.Әнұранның авторларын білесіз бе?

(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н.Назарбаев , әні: Ш.Қалдаяқов) (БАЙМҰРАТ

2.Тудың авторы?

( Ш. Ниязбеков. ) (ДАНИЛЬ)

3.Елтаңба авторлары.?

(Жандарбек Мәлібекұлы., Шотаман Уәлиханов) (ШОЙРА)

4.Н.Назарбаев қашан президент болып сайланды?

(1991 жыл 1-желтоқсан)(Нұрислам)

5.Отаның қалай аталады?(НҰРСҰЛТАН)

  1. Мемлекеттің астанасы қалай аталады? (ӘДІЛ)
  2. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

(1991 ж 16-желтоқсанда тәуелсіздік алды.) (ДИМАШ)

  • Сіздермен болған Мен -Бақыткерей Әсия. Арнайы жаңалықтар үшін.

Ән: «Жаса Қазақстан» Орындайтындар: Д.Қуанышев, Ә.Игілік

1-Арнұр. Рахмет Әсия.

Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп отырған ұлы тұлға

2-Диана:

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым халықпен бірге , ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға.

 

ІІІ- «Елбасы жолы» (Өмір жолына шолу жасау)

1-оқушы: Н.Назарбаев 1940 жыл 6 шілдеде Алматы облысы, Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. (ӘДІЛ)

2-оқушы:    1960-1969 жылы -Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.(ШОЙРА)

3-оқушы: 1969-1973жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия -комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.(БАЙМҰРАТ)

4-оқушы: 1990 ж ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. (ДИМАШ)

5-оқушы: 1991 жылы 1-желтоқсан Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.(Нұрислам)

Би: « Қара жорға»

1-Арнұр.Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет екендігін Түркия елі бірінші болып мойындады.

2-Диана:Ендеше қазірде әлем Тәуелсіз Қазақстан туралы не дейді? Арнайы тілшіміз Қуанышев Диасқа сөз береміз.

                           ІV- «Әлем таныған -Елбасы» әлем елдері басшыларының айтқан сөздері

тілші: Диас:  Қайырлы күн, әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлері Президент Н.Ә.Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік

Барак ОБАМА    АҚШ Президенті

      -Сіздің еліңіз егеменді , тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді.Мен Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті ілгерлету жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын.

Владимир ПУТИН      Ресей Президенті

     -Қазақстан халқы өзінің әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылыстағы қол жеткен табыстары орынды мақтан ете алады. Республиканың халықаралық беделі жылдан-жылға артып келеді.

Ән: «Жаса қазағым» орындайтын : А.Игілік

5.“Ел ертеңін ойлаған-Елбасы”(слайд  Білім туралы айтқан сөздері)

………………..

……………………

  1. «Менің Президентім»

1-оқушы: Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар(Диас)

2-оқушы:Нарқына Арқа жерінің

Көрегендікпен қарады.

Жүрегі етті елінің,

Астана сынды қаланы.(АСЫЛАЙ)

3-оқушы: Қиялы ұшқыр , ойлы адам.

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші ,Атамыз.(ДАНИЛЬ)

 

 

4- оқушы:  Биіктей бер, Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын. (Жанель)

5- оқушы:  Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған(НҰРСҰЛТАН)

7- оқушы:Гүлдене бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам!

Көбейткен достың қатарын,

Нұр аға – біздің ұлы адам.(Әділ)

8- оқушы: Естімейік енді елдің жылағанын,

Қайта құлап, бостандық сұрағанын.

Абылайдың жолымен алға басқан,

Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.(Баймұрат)

1-Арнұр Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

2-Диана.  Халық үшін Елбасы

Әскер үшін қолбасы

Тар жол тайғақ кешуде Нұр ағаны

Туған жұрты қолдасын, — деп бүгінгі 1-желтоқсан Президент  күніне арналған жаңалықтарды аяқтаймыз.

Финал:Ән: «Егемен ел»