ЕЛІМ МЕНІҢ
Тақырыбы: ЕЛІМ МЕНІҢ
Мақсаты:
- Танымдық ой-өрісін, қызығушылығын дамыту.
- Ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, видеоролик
Өтілу барысы
1 – жүргізуші:
Сәйгүлікті құйрық жалын таралған,
Сүйетұғын қазақ осы қараңдар,
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып қыз қууға жараған.
2 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар бүгінгі өткізгелі отырған «Елім менің» жобасына қош келдіңіздер ! Бүгінгі сайыс қазақ елінің рәміздерін ұлықтауға арналған сайыс.
1 – жүргізуші: Бүгінгі сайыс 6 айналымнан тұрады.
1-айналым. «Сіз білесіз бе?»
2-айналым. Сырлы суреттер
3 – айналым. Капитандар сайысы
4 – айналым. «Адасқан әріптер»
5 – айналым. Ән жұмбақ
6 – айналым . Жүзден жүйрік
2 – жүргізуші: Әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
- Мектеп директоры: Ж.Таңмамбет
- Оқу ісі меңгерушісі: С. Ержанова
- Тәрбие ісі меңгерушісі: А. Баспаев
- Мектеп психологы: Г. Әбіл
1 – жүргізуші: Сайысқа қатысушылармен таныс болайық.
І топ «Бәйтерек»
Топ жетекшісі: Оспан Элеонора
Мүшелері:
- Сәду Әлішер
- Қапаш Гүлбақыт
- Әбдікер Әбдімұрат
2 – жүргізуші:
ІІ топ «Ханшатыр»
Топ жетекшісі:
Мүшелері:
1 – жүргізуші: 1-айналым. «Сіз білесіз бе?». Бұл айналымда рәміздерге байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтарға нақты жауап бересіздер.
І топтың сұрақтары:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.
Ту, Елтаңба, Гимн
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.
Көк, сары
- Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.
Екі рет
- Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі
Жұлдыз
- Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай
2: 1
2 – жүргізуші:
ІІ топтың сұрақтары:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл
1992 жыл
- Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым
- Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс
Қыран бүркіт
- Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар
Қанатты пырақ
- Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды
Ел президенттін ұлықтау рәсімінде
1 – жүргізуші: 2-айналым. Сырлы суреттер. Бұл бөлімде алдарыңызға берілген кескіндерді құрастыру керек.
2 – жүргізуші: 3 – айналым. Капитандар сайысы. Бұл бөлімде топ басшыларына тапсырма беріледі. Тапсырма мынадай:
- Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)
- Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп — өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан — байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР — ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан — дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)
- Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?( Шаңырақ — мемлекеттiң түп — негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)
- Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)
1 – жүргізуші: 4 – айналым. «Адасқан әріптер» Әр ойыншыға екі әріп тиесілі, сұраққа жылдам жауап беру керек, әр дұрыс жауап 1 ұпай
1-топ: 2-топ:
О Л Ы Б А С А Р А Р А Ж Т Қ Ы Л
1-топтың сұрағы:
1.Нанды баспа обал болады
- Балатілі бал
- Ақыл жастан
Асыл тастан
4.Бері тарса өгіз өледі
Әрі тартса арба сынады
- Көмекке келу асарсалу
- Өзін-өзі тану пәні сабағының авторы Сара
2 – жүргізуші:
2-топтың сұрақтары:
- Ақылкөпке жеткізер
Өнер көкке жеткізер
2.Ескі жара аузын тырнады
3.Біреуге жала жаппа
- Үлкен кісі немесе атаны кім дейді қарт
- Көмірдің түсі қара
- Астана әсем қала
1 – жүргізуші: 5 – айналым. Ән жұмбақ
- Атамекен
- Арыс жағасында
- Кешікпей келем деп ең
- 16 қыз
2 – жүргізуші: 6 – айналым . Жүзден жүйрік. Бұл айналымда әр
топ өз сыныбын айқындайтын белгінің суретін салу керек.
Сайыс жеңімпаздарын марапаттау.