Басты байлығымыз-денсаулық
Басты байлығымыз-денсаулық
Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру, таза да әдемі,шымыр болуға тәрбиелеу
Көрнек: Тірексызба, ән, «Дәрумендер ойыны» кестесі.Интерактивті тақта,слайд,флипчарт
Технологиясы:Ақпараттық комуникативтік технология
Барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім сөзі
І жүргізуші:. Денсаулық ол шыныққан Барлық дене мүшесі Денсаулық –ол-тыныққан Жүйке тамыр жүйесі.
ІІ жүргізуші: Денсаулық –ол келуің Көңіл күйің жадырай Денсаулық-ол жүруің Ешбір жерің ауырмай 1-окушы: Болсын десең денең мықты,мүсінді, Күнде жаттық, молайт барлық күшінді. Көндір сана-сезімінді ерікке Жүрме тастап жол ортада ісіңді. Керек жанға денсаулық та, келбет те, Білмей оның бар қадірін ер жеттік. Еңбектенсен әлі дағы кеш емес, Қайта оралар жалын жастық – сергектік. 2-оқушы: Жақындайық,жақсы әдеттен қашпайық, Жалқаулықты сылып бойдан тастайық. Денсаулығын жас ұрпақтың ойласақ Салауатты өмір салтын бастайық. Таза ауаға шөлің әсте қана ма. Құйып алшы бұл сөзімді санана. Құрметтей біл қоршаған өз ортаңды, Табиғаттан бөлекпін деп ойлама. 3-оқушы: Сырқап қалсаң ойын соған ауады, Ізде онда табиғаттан дауаны. Табиғаттан асқан артық емші жоқ Ластамайық жер мен суды, ауаны. Білсең егер денсаулықты-сол құнды, Таза ұста салауатты жолыңды. Жеке бастың тазалығын сақтай біл. Кірлетпегін аяғыңды, өолыңды. 4-оқушы: Бұл тірліктің қысқасын-ай, азын-ай Денсаулыққа тең келмес еш қазына-ай. Денсаулықтың білген адам қадірін Өтері анық бұл тірлікте қажымай. Күн құрғатпай жаттығуды бастайық, Кетпесін деп бойдан қуат, күш тайып. Кәрілікті жақындатпай жаныңа Әлсіздікті бойдан сылып тастайық. 5-оқушы: Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар. Біріншісі-ерте тұру Екіншісі-орта тазалығын сақтау Үшіншісі-дене шынықтыру Төртіншісі-үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну Бесіншісі-үнемі сергек жүру Алтыншысы-артық тамақ ішпеу Жетіншісі-көп ұйықтап жалқау болмау. Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады. І жүргізуші: Ден сау болса күштісің бұл әлемде, Денің сауда сұлусың жер бетінде Сол мықты денсаулықтың арқасында Жетерсің әлі талай бақыттарға ІІ жүргізуші: Денің сау, ғұиыр жасың болады ұзақ Ауруға төрт нәрсемен құрсаң тұзақ Жылы сөз жеңіл тамақ жақсы әуен, Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ. 2) Тәулігіне адам төрт сағат сайын 3рет тамақтану керек. Тамақты асықпай әбден шайнаған дұрыс. Қантты балмен, жеміс –жидекпен алмастыру керек. 3) Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеген дұрыс. Суды шамалы мөлшерде ішу керек. Тамақ жаңа дайындалған, жаңа піскен болуы керек. «Сау дене,озат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір»-деген нақыл сөз бар екен. Сол себепті дені сау құрыш білекті, батыл жүректі ұрпақ болып өсуіміз керек.
Тапсырмалар
Раушан гулділер тұқымдасына жататын жеміс ағашы калай аталады? Алма ағашы Қазақстанда алманың қанша сорты бар? 40 астам Алманың қандай емдік қасиеті бар?Адам ағзасын тазалауға, қан бұзылу, жүрек ауруларына пайдасы зор. Алманың құрамын ата ? Алма құрамында 83-88% су, 7,5-16% қант, 0,2-0,8% қышқыл, А,В1,В2,В6,С дәрумендері бар. Өнерлінің өрісі кең Банан ағашының бір сабағында қанша жеміс өседі? 300 – дей жеміс Банан жеміс дақылдарының ішінде жалпы өнімі бойынша нешінші орын алады? 2 – орын Банан жемісі құнары жағынан қай дәнді дақылмен тең келеді? Бидаймен тең келеді Банан жемістерінен адам денсаулығына қажетті өндіретін заттарды ата. Банан ұны, мармелад, шәрбат, шарап, шырын, Өнерлінің өрісі кең Денсаулық туралы мақал – мәтел “Дене шынықтырумен шұғылдансаң еш ауруға да пысқырып қарамайсың” Кімнің сөзі? Әбуғали Ибн Сина Анар шырынын қандай ауруларға ем ретінде пайдаланады? Ішек құртына,тұмау,күйік,іш құрылысы ауруларына пайдаланады,Ішек құртына, тұмау,күйік,іш құрылысы ауруларына пайдаланады Анар ағашының биіктігі қанша? 3-5 метр Анар жемісінің құрамын ата? 80-90% су,8-12% қант,0,5-5 % түрлі қышқылдар,3-4 % өмірсу,С,В дәрумендері бар Анар шырыны медицинада қандай аурулар үшін дәрі ретінде қолданады?Анар шырынын және жемісінің қабығын медицина асқазанның жұмысы бұзылғанда, ішек құртына қарсы дәрі ретінде қолданады. жасырын сөзді тап Өнерлінің өрісі кең Денсаулық туралы өлең жолдарын жатқа айт Пісірілген алмұртты қандай ауруларға ем үшін пайдаланады? Қатты жөтелгенде, деміккенде ем ретінде қолданады Емдік мақсатта алмұрттың жапырақтарын пайдалана ала ма? Иә Кептірілген алмұртты қандай аурулар үшін пайдаланады? Қызба ауруы кезінде, бүйректегі тасты шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады Алмұрттың құрамындағы антибиотикті ата. Арбутин Өнерлінің өрісі кең “Би” – аурумен күресудің ең тиімді құралы Адамдарда болатын аурудың 99%-ы неден болады? Тамақтанбаудан
ІІ — кезен
Итальяндықтар қызанақты қалай атаған? Помо доро – “Алтын алма” Өнерлінің өрісі кең Денсаулық туралы өлең жолдарын жатқа айт Қызанақтың отанын ата Перу Француздың “Пома аморис” сөзі қазақша қалай айтылады? Махаббат алмасы “Помидель перу” деп қызанақты қай ел атады? Испандықтар Қызанақ құрамында қандай дәрумендер кездеседі?Магний, темір,йод,натрий,С,В дәрумендері Орамжапырақтың адам денсаулығына пайдасы қандай? Адамдардың ас қорыту мүшелеріне өте пайдалы Шешуін тап Оранып көк жапыраққа Өсіп жатыр атырапта Шешуі: орамжапырақ Орамжапырақтың шырыны қандай ауруларға дәрі ретінде қолданады?Асқазан, бауыр ауру Өнерлінің өрісі кең Денсаулық туралы мақал – мәтел Орамжапырақтың құрамында қандай дәрумендер бар? Кальций, А,В1,С,В6,минералды дұздар Орамжапырақты адамдар қалай пайдаланады? Пісіреді, қуырады, ашытады, тағамдарға қосады және табиғи күйінде пайдаланады Көкөніс бұл қалаулы, Жасамас онсыз палауды. Жауабын тап.? Сәбіз Сәбіз негізінен неше жылдық өсімдік? 2 жылдық Сәбіздің құрамын ата? В,В2 дәрумендері, аскорбин қышқылы, 3-15% мөлшерінде қант және эфир майы бар Сәбіздің тамыры жеуге жарамды ма? Иә Сәбіз тұқымынан алынған эфир майы неге пайдаланады? Косметика саласына Сәбіз нені емдеуде үлкен сұранысқа ие? Авитаминоз Бақшамызда өседі Керек тағам деседі Бар қызыл, көк, сарысы Ащы – тұщы бәрісі Жауабын тап? Бұрыш Жасыл бұрыштың құрамында қандай дәрумен көп? С дәрумені Бұрыш неше жылдық бақша өсімдігі болып табылады? 1-жылдық Бұрыштың отаны қалай аталады? Оңтүстік Америка Бұрыштың құрамындағы дәрумендер қандай ауруға пайдалы? Тері аурулары Бұрышты тапқан ғалымды ата. Христофор Колумб «Денің сау болсын десең жүгір. Әдемі болғың келсе –жүгір. Ақылды болғың келсе-жүгір»
ІІІ кезең
«Сау дене,озат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір»
Тазалық сақтау туралы ғылым қалай аталады? Гигиена Дені сау адам қандай адам? Атап айт. Шыныққан, еңбекқор, білімді, көңілді, белсенді, денсаулығы мықты Өнерлінің өрісі кең Денсаулық туралы өлең оқы Өнерлінің өрісі кең Шынығу туралы мақал – мәтел айту Салауатты өмір сүруді қалай түсінесің? 1. Адамгершілік талаптарына сай өмір сүру
2. Тәртіпті, таза, ұқыпты жүріп тұру. 3. Толық, жан – жақты білім алу, өз денсаулығына қамқорлық жасау Денсаулық сөзіне мақал — мәтел айту Қорытынды: «Дене шынықтырумен шұғылдансаң еш ауруға да пысқырып қарамайсың»,–деген екен Әбуғали Ибн Сина Әрбір адам күнделікті өмірде жемістер мен көкөністерді жеп,спортпен шұғылданып денесін шынықтырғанда ғана денсаулығын ойдағыдай сақтай алады. Ендеше басты байлық –денсаулығымызды қорғап салауатты өмір салтын сақтайық. Сау болыныздар!!!