Тәрбие сағатының тақырыбы: Болашаққа бағдаршам

Тәрбие сағатының тақырыбы: Болашаққа бағдаршам

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау
Тәрбиелік: өмірде өз орнын табуға тәрбиелеу .

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, , плакат, слайд көрсету.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Әзір ас жоқ дүниеде.

Сабақ өзі оқылмайды,

Көйлек өзі тоқылмайды,

Тұқым өзі себілмейді,

Үйлер өзі салынбайды,

Кендер өзі табылмайды,

Кітап өзі жазылмайды.

… Барлық істің батыры – біз,

Екі қол мен ақылымыз.

 

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Болашаққа бағдаршам», яғни сабағымыз мамандық, олардың түрлері, оларды қателеспей таңдау жайында болмақ. Мамандық таңдау — жасөспірімдердің өміріндегі күрделі де маңызды ,қиын да қажетті қадамы. Ол мектеп кезінде, жас шағында орындалады. Дегенмен осы жолда оқушыларға қиын болады: көбісі мамандық түрлерін, олардың қандай талап қоятынын білмейді. Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.
9 — 11 сынып оқушыларының алдында тұрған басты мәселе — болашақ мамандығын таңдау. Бүгінгі сабақтан әркім нәтиже шығарады деген үміттемін.

 

II.Тренинг «Мамандық магазині»

Жұмысымды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып, “Мамандық магазині” атты тренинг өткізейік . бұл жерде магазинді дүкен деп ойлап қалмаңыздар, магазин- мылтықтың оқшантайы, осы сияқты  қазір кез — келген оқушыға бір мамандықты атаймын , келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.

Мысалы: Мұғалім — механик — кондитер т. Б, осылайша мылтықтың магазиніндей тоқтамастан мамандық атауларын шатаспай айналдырамыз

 

Топқа бөлу кезеңі

«Бұл кім» тренингі

Қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіреді? Әр балаға суреттер беріледі, сурет бойынша 2 топқа бөлінеді.

1-Гуманитарлық бағыт,

2- жаратылыстану бағыты

 

III. Негізгі бөлім

Атақты ғұлама Әл – Фараби :

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз,- десе

Мамандықты дұрыс таңдау — ол өмір жолының сәттілігінің негізі- деген екен психолог Эвальд Фридрихович Зеер

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 — ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
сонымен, мамандық дегеніміз не?

Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық дегеніміз не?

Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі

 

 Пікір бөлісу. Сыныпта кім қандай мамандық иесі болғысы келеді

Мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай — ақ өз мамандығының 10 — 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.

 

Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?

— ата — ананың ақылы

— достарыңның ақылы

-мұғалімнің ақылы

— қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі

— дарының, мүмкіндігің, қабілетің

— жақын аймақтағы оқу орнының болуы

— жалақысының көп болуы

 

Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:

«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».

ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап — тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;

ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет — қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;

ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік — экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.

Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.

 

«Мамандықтар классификациясы»

Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:

  • адам – техника,
  • адам – адам,
  • адам – белгі жүйесі,
  • адам – табиғат,
  • адам – көркем образ.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой — өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

 

  1. “Мамандықтар тоғысы” көрініс қою
  • “Адам мен адам” және “Адам мен табиғат” мамандықтарына көрініс қой. Бұл екі мамандықтың ұқсас жері- екеуі де объектісін бағып- қағып, күтеді

 

V.Пікірталас

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

  1. Мамандық бір — ақ рет біржола таңдалады
  2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты
  3. Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады
  4. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады
  5. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек
  6. 6. Мамандық таңдау – күн көріс қамы

 

VI.Постер қорғау

2 топқа плакат беріледі.Тапсырмалары бағытына қарай мамандықтар саласы және оның маңызы. Осы мамандықтың жетістіктері мен қиын тұстарын қатар бейнелеп , әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

«Екі жұлдыз , бір тілек» 2 топтың жұмыстарын бағалау мақсатында бақылаушы топтарға кезек береміз.балалар жаңа постерде өте жақсы қорғап шықты, қай пән таңдағанда қандай мамандық иесі болатынын олар өте жақсы меңгерген.

 

VII.Таңдау пәні және мамандықтар тізімі

Қане тағы да шолу жасайық

 

Физика

Биология

Химия

Әдебиет

 

 

VIII. Жап- жаңа мамандықтар

Қазір 21 ғасырда мамандықтар қатарына біз бұрын соңды естімеген атаулар қосылып жатыр, және осы мамандықтар өте жоғары сұранысқа ие.

видеоролик

 

IX.Жұмбақ жан- бізге кейіпкеріміз хат жолдапты .

Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптардың өзінде- ақ өнер адамдарына ліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Өнер десе ішкен асымды жерге қойып , өнер адамдарын пір тұттым. « Өнерліге өріс кең»,- дегендей ең бірінші ұстанған бағытым өнер әлеміне қанат қағу, өрлеп ұшу , алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам , сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім.

Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай.

Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалады өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы , мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір- түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздер !

 

Сұрақ- жауап :

  1. топқа сұрақ :Әлі де өткен іске өкінбей өзім қалаған мамандық иесі бола аламын ба?
  2. топқа сұрақ : Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

«Екі жұлдыз , бір тілек» үш топтың жұмыстарын бағалау мақсатында бақылаушы топтарға кезек береміз.
X.«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. сол әріптерге сәйкес мамандықтарды (үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) атап, қысқаша мағлұмат береді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр — сырын айту керек.
І — топ: «П», ІІ — топ: «М»,

 

 

 

 

 

  1. Тестік тапсырмалар:

 

Ең ақшасы көп мамандық қандай?

а/еден жуушы; ә/мал дәрігері, орманшы; б/ бухгалтер, экономист

Ең “жасыл” мамандық қандай?

а/ мұғалім, дәрігер; ә/ эколог, бағбан; б/ мұнайшы, ұшқыш

Ең “тәтті” мамандық қандай?

а/ аспаз, кондитер; ә/ сот, заңгер; б/ шахтер, ғарышкер

Ең “күлкілі” мамандық қандай?

а/ журналист, зергер; ә/ клоун, крикатурашы; б/ ғарышкер, ұшқыш

Ең жауапты мамандық қандай?

а/ сот, бухгалтер; ә/ әнші, биші; б/ ұста, шебер

Ең салмақты мамандық қандай?

Клоун, әзілкеш; ә/мұғалім, заңгер; б/ аспаз, кондитер

Ең қарым-қатынасы күшті мамандық қандай?

а/ мұнайшы, орманшы; ә/ бағбан, дихан; б/ бизнесмен, кәсіпкер
XII. Қорытынды

«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі сабақ  сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет,сондықтан біздің болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек!

Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек,  егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!