Дауылпаз баба – Қожаберген

Сабақтың тақырыбы: Дауылпаз баба – Қожаберген

Сабақтың мақсаты:

— Ұлы бабамыз –Қожаберген жырау жайлы білімін толықтыру мақсатында жан-жақты зерттеу жұмыстарын жасау арқылы оның ірі тарихи тұлға екеніне көз жеткізеді;

— Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрену;

— Жырау өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашады, бүгінгі өмірмен байланыстырады;

Сабақтың түрі: танымдық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Көрме (Қожаберген жыраудың кітаптары, бағдарлама, рефераттар, ғылыми жоба, дидактикалық материал жинағы, т.б.), слайд;

Бүгінгі танымдық сабағымызды Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр «Еліміздің тарихын білетін ұрпақтың рухы берік болады, оны адамзат дамуы дәлелдеп тұр»

Жоспар: 1) «Өлең сөздің – патшасы…»

2) Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз.

3) Көп ақылды жиналса,

Қиын істі бітірер

4) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні…;

І. Қызығушылығын ояту.

Келесі сөз кезегі Хафизов Наурызбайға беріледі

Ассалаумағалайкүм, халқымызға,

Кейістік көріп тұрған жалпыңызға.

Қатал жау тұс тұсымнан шабуылдап,

Келтірді үлкен нұқсан салтымызға.

 

Ассалаумағалайкүм, сардарларым,

Жұрт үшін ерлік еткен дегдарларым.

Кеңесіп дұшпандардан ел қорғаңдар,

Кетпесін жау қолында мал-жандарың.

 

Ассалаумағалайкүм, сарбаздарым,

Болашақ көпке тұтқа маңғаздарым.

Бабаңнан Қожаберген уағыз тыңдап,

Осыдан жағдайды ұқ сарбаздарым.

 

Ассалаумағалайкүм, қариялар,

Ақылға қиын істе дариялар.

Жау жайын мәлімдейтін келді ретің,

Қауымға үгіт айтып жариялар.

 

Ассалаумағалайкүм, даналарым,

Билеген әр аймақты шораларым.

Баршаның ризығы малды сақта,

Қаңырап бос қалмасын қораларың.

 

Мұратқа пенде жетпес іздегенмен,

Мақсұты орындалмас көздегенмен.

Дүниеден сап-сабымен өтті ерлер,

Найзасын оңды-солды кезегенмен.

 

  • Қалай ойлайсыңдар, бұл үзінді кімнің өлеңінен алынған?
  • Ал Қожаберген бабамыз туралы не білеміз?

 

Қожаберген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің сөзі: Өте жақсы балалар, өз дерің көргендей, Қожаберген бабамыз санқырлы екен. Біраз мәлметтерді есімізге түсіріп, жинақтап,сараладық.

Ал енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін біз қазір үш топқа бөлінеміз (3 түрлі белгімен түсті қағаз тарату арқылы).

ІІ Мағынаны ажырату: Зерттеу жұмысын жасау үшін сіздерге көмек ретінде көрме дайындалды, берілген жұмысты жасау үшін қолдануларыңызға болады. (15 минут берілді, күй жүріп тұрады).

І топ Қожабергеннің шежіресі

ІІ топ «Елім-ай» дастанының шығу тарихы.

Ән: «Елім-ай» Ш.С.Темирханова

ІІІ топ Қожаберген жырауды бүгінгі күнмен қалай байланыстырамыз.

Арнау өлең: «Қожаберген жырау» Садвокасова Эльмира

ІІІ Ой толғаныс (5 минут).

Ал енді балалар, 6 «А» сынып оқушысы Аушакимова Мадина Қожаберген бабамыздың насихат өлеңінен үзінді оқып береді. Сендер мұқият тыңдап отырыңдар, өйткені келесі жұмысымызбен тікелей байланысты.

Түнді қанша мақтасаң

Сарғайып атқан таң болмас.

Жаманды қанша мақтасаң,

Ел басқарар хан болмас.

 

Момыннан туған асылдар,

Қатарынан кем болмас.

Жауынан кек қайтарар,

Құзғындарға жем болмас.

 

Көргенсізге айтқан сөз,

Босқа кетер, ем болмас.

Жиналса да жамандар,

Данышпанмен тең болмас.

 

Тұлпар аттар жарысар,

Баптаулы тұрған күйімен.

Іс тетігі табылар,

Ерлердің үлкен миымен.

Мұғалімнің сөзі: Бұл өлеңнің ұлттық рухани құндылықты қалыптастыруда қандай маңызы бар? Бүгінгі алған білімдеріңді түйіндей отыра, осы өлең жолдарымен байланыстырып, ой толғаныс жазыңдар. Ол үшін 3 минут уақыт беріледі.

Әр топтан 1 оқушы оқиды. Қалған оқушылар өздеріне ұнаған жерге, қабырғаға іліңіздер. Қонақтар, оқушылар «Галлереяға саяхат» жасайық. Өздерінің пікірлеріңізді жазып жапсырсыңыздар.

Жырыма құлағың сал, азаматым,

Ұнаса менің айтқан насихатым.

Кеудеңде шыбын жаның болса егер,

Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын,-дей отыра  Қожаберген бабамызға арналған танымдық сабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет.