Даналық дариясы
Тақырыбы: Даналық дариясы
Мақсаты:
а) Оқушыларға ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша өткен тақырыптарын, білгендерін талдап, қорытындылау.
ә) Ақын шығармашылығының кез келгенін талдай білу дағдысын одан әрі қалыптастыру, оқушының сөйлеу тілін дамыту.
б) Өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға дағдыландыру.
Әдісі: Сайыс
Көрнекілігі: «Абай-дана, Абай-дара қазақта» бұрыш ұйымдастыру, үн қағаздар, ақын суреті, фотосуреттер, газет-журнал материалдары.
I.Ұйымдастыру
- Кіріспе: (мұғалім сөзі) Ұлы ақын Абай жайында.
«Шыңғыстау» — 1 – топ , «Семей» — 2 – топ .
- Негізгі бөлім:
- «Өткел». Топ жетекшілеріне 5-5-тен сұрақ қойылады.
- «Белес». Топқа екі-екіден сұрақтар қою.
III. «Бекет». Көрермендерге сұрақ қойып, олардың ұпайы топқа қосылады.
- «Асу». Ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру.
- «Жерұйық». Жеңген топтың еркімен ойналатын ойын.
ІІІ. Қорытынды.
І кезең «Өткел». (әр жауапқа 1000 бал)
1- топтарға берілетін сұрақтар:
- Абайдың жұқа сөзінің антонимі, жұрт сөзінің синонимінен басталатын өлеңінен үзінді келтір.
Ж: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым».
- Шәкәрімнің Абайға қандай жақындығы бар?
Ж: Абайдың немере інісі, яғни Құнанбайдың Құдайберді атты баласынан туылған.
- Абай публицист пе? Ж: Иә
- Абайдың 17- қара сөзінде өнерлерімен айтысып, таласып келіп ғылымға
жүгінетін үшеуді ата?
Ж: Ақыл, қайрат, жүрек.
- Абайдың өмір сүрген жылдары?
Ж: 1845-1904жж.
2-топтарға берілетін сұрақ:
- «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім» деген жолдары бар өлеңін әрі
қарай жалғастыр.
Ж: Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
- Абайдың салт бойынша үйленген әйелі?
Ж: Ділдә
- Абай өзін «Дүниеге көзімді ашқан кім» дейді?
Ж: Михаэлис
- Абайдың 7- қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады» -дейді. Оларды ата.
Ж: 1. Ішсем, жесем, кисем. 2. Білсем, көрсем, үйренсем.
- Абай күйші ме?
Ж: Иә
II кезең. «Белес». (әр дұрыс жауапқа 2000 бал)
1- топқа берілетін сұрақтар:
- Абайды әншілік өнерге тәнті еткен кім?
Ж: Біржан
Қосымша көмек: Ол Арқаның саңлақ әншісі.
- «Бас басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па, елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын
Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың» — Абайдың қай өлеңінен алынған?
Қосымша көмек: Бұл өлеңде ақын қазақ елінің қиын да күрделі тағдырына жаны ашиды. Қалың елі қазағына қорған болғысы келеді. Халықты бірлікке, ынтымаққа шақырады.
Ж: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым».
2- топ сұрағы:
- Біреудің кісісі өлсе қаралы-ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы-ол,
Көзіңнің жасын тыймай жылап жүріп
Зарланып неге әнге салады ол?- өлеңі қай өлеңнен үзінді?
Ж: «Біреудің кісісі өлсе қаралы-ол».
Қосымша көмек: Адам баласы жылап туады, кейін өледі деп осы өлеңде қорытынды жасайды.
- «Қарасөз» арабша қандай сөзбен мәндес?
Ж: Ғақылия.
Қосымша көмек: Бұл сөз-көркем сөз, дана, асыл сөз деген мағына береді.
III кезең. «Бекет». (Көрерменге сұрақ) (2000 бал)
1-топқа: Абай мен Әбіштің ақылшысы?
Ж: Павлов
Қосымша көмек: Орыс интеллекциясының өкілі
2-топқа: «Қазақтың бас ақыны» деген кім?
Ж: А.Байтұрсынов.
IV кезең. «Асу»
8 терезе беріледі, онда 8 сұрақ жасырылған. Оған қоса қосымша көмек те беріледі.
- «Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға»,-өлеңінің тақырыбын атаңыз.
Ж: Әсемпаз болма,әрнеге.
Қосымша көмек: Абай бұл өлеңінде «өмірден өз орныңды тап, себебі сен оның бір мүшесісің» дейді.
- Иман мен ұят туралы Абайдың қай сөздерінде әңгіме қозғалады?
Ж: 13, 28, 38 сөздерінде.
Қосымша көмек: Әрбір ақылы бар кісіге-иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз және де әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек,-дейді.
- Ол жыламай қайтіп тұрады.
Мынау азған қу заман
Қалыбында тұрмайды,- бұл өлең кімге арналған?
Ж: Көкбай Жанатаев
Қосымша көмек: Абай алғашқы өлеңдерін осы ақынның атынан жариялап жүрген.
- Абайдың ең алғашқы аударма өлеңі?
Ж: «Бородино»
Қосымша көмек: Бұны Лерментовтан аударған және бұл аударма үлкен шайқасқа қатысты шығарма.
- Өзі бір бөлек жан
Үйі-базар, түзі-той» кімге арналған өлең жолынан үзінді?
Ж: Оспанға
Қосымша көмек: Ол адам Абайдың қалжыңбас, төбелескіш, кішкентайынан ұрыншақ, Абай жақсы көретін інісі.
- Абай 1858ж. қандай жұмыстарға араласты?
Ж: Әкімшілік, билік.
Қосымша көмек: Бұл жұмыс Абайды халық халімен қайғысымен, ортақтастырып, табыстыратын жол.
- 1875-80 жж. Абай қай елде болыс болды?
Ж: Қоңыркөкше
Қосымша көмек: Бұл елдің атауындағы алғашқы сөз түске байланысты ,
2-сөзі Сейфуллиннің табиғатын жырлаған жерге байланысты.
- «Бір сөзім «Мың бір түннен» оқып көрген,
Өлең қып сол сөзімді айтқым келген.
Болыпты ағайынды екі жігіт
Бағдатта Мұстафа мен Сафа деген»-қай шығармадан алынған?
Ж: «Әзім әңгімесі» дастаны
Қосымша көмек: Бұл Абайдың аяқталмаған шығармасы.
V кезең. Жерұйық. (Ұпай екі еселенеді.) Жеңіске жеткен топқа қойылатын сұрақ:
Абай ескерткішін ең алғаш рет мүсінші Наурызбаев кескіндеген екен.Сол ескерткіш орнатылған қала Қазақстан халқының көп қоныстанған қалаларының бірі. Ал сол облысқа қатысты Нарынқол ауданын кейін жоңғар шапқыншылығы кезіндегі атақты батырдың есіміне ауыстырылған.
Сонымен сұрақ: Абайдың алғашқы ескерткіші қай қалада орнатылды?
Ж: Алматы облысы, Райымбек ауданы.
Қорытынды: Сайыс соңында «Семей» тобы 21000 ұпаймен жеңіске жетіп, Жерұйықта ойнап, ұпайы еселенді.