Өмір гүлі – анаға ұлылық тән
Тақырыбы: Өмір гүлі – анаға ұлылық тән
Мақсаты: Ана — өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала
махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көріністер, әндер, оқушылар әңгімелері, суреттер, буклет. Плакатқа
жазылған нақыл сөздер, оқушылар суреттері.
Барысы: І бөлім.
Кіріспе әңгіме
1-бастаушы: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан , ананың сүтінен дарыған. Сондықтан, құрметті асыл аналар, ұстаздар, бүгінгі «Өмір гүлі – анаға ұлылық тән» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. «Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес» деген атақты жазушымыз Ғабиден Мұстафин.
— Балалар, бізді өмірге әкелген кім?
— Ана
— Сол, ең жақын адамдарды қадірлей де, қастерлей білеміз бе?
1-оқушы: Біз ғана емес,
Қадір тұтқан балалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген-тіршіліктің тірегі
Армысыздар қасиетті аналар
2-бастаушы: Жер бетіндегі ең әдемі сөз – Ана. Адам алғаш сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі тілдердің бәрін де осы сөз ерекше қадірлі. Ана десе толқымайтын жүрек, тебіренбейтін көңіл болуы мүмкін емес.
2-оқушы: Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да ,
Тек анаңа жақынсың.
1-бастаушы: «Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы қарымды жазушы да, данышпан ғалым да, сөзге жүйрік шешен де, ел басқарған елбасы да, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, анадан нәр алып өседі.
3-оқушы: Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам,
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан.
2-бастаушы: Ана- ең аяулы жан. Ол іңгәлап дүние есігін ашқан сәттен бастап өмір бойы өз ғұмырын бізге арнайды. Қандай жағдай болмасын, әрқашан қасымыздан табылатын асыл жан – ардақты аналарымыз!
4-оқушы: Ана деген асқақ ән,
Орындайтын әрқашан
Анадай қымбат сыйлықты,
Таба алмайсың ешқашан!
Хор: «Анашым»
ІІ бөлім. «Ата тәлімі»
1-бастаушы: Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлықтай өсиет сөздері бар.
— Ана-өмір беруші
— Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың.
Қазір енді сол ғибрат сөздерден көрініс тамашалайық
1-көрініс
Қарт: Балам үйдің алтын қазығы кім?
Бала: Ата, үйдегі алтын қазық-бала.
Қарт: Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық-ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі-қызға үлгі, әке тәрбиесі-ұлға үлгі.
2-бастаушы. Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді.
2-көрініс:
Қарт: Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Бала: Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке.
Қарт: Балам, әке қанша мейірімді болса да ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
ІІІ Бөлім «Оқушылар шығармашылығы»
1-бастаушы: Әлпештеген баласын
Ана-бақыт, ана-күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Ананы жырлаймын деп ақын тебіренеді. Ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойлананды. Біздің оқушылар да құр алақан емес. Оқушылар өз аналарына арнап шығарған жыр шумақтарын, жазған әңгімелерін немесе жаттаған тақпақтарын айтады.
5-оқушы: Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
6-оқушы: Ана – көркі көгімнің,
Ана – нұры жерімнің,
Ана – бағы баланың,
Мақтанышы даланың.
7-оқушы: Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған,
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ анам!
IV бөлім. «Ана – күрескер, ана – қайраткер»
2-бастаушы:Адамзаттың ертеңгі тағдырына мазасызданып, соғысқұмар жендеттерге ашық үн көтерген, қоғамда бейбітшілік орнату жолында аянбай тер төккен күрескерлер мерекесі-бұл. Олар өнер жұлдыздары – Күләш, Роза, Бибігүл, сондай-ақ, еңбек озаттары, қайраткер әйелдер.
8-оқушы. Мақтаныңдар, аналар –
Қыздардан батыр, дана бар.
Елі сүйген батырлар –
Әлия, Мәншүк-даралар!
9-оқушы: Менің атым — Әлия,
Елге даңқым жария,
Лайықты даңқыма
Қызмет етем халқыма!
10-оқушы: Мен кәдімгі Мәншүкпін,
Ол туралы ән шықты!
Апам солай атапты,
Ақтаймын ол атақты
11-оқушы: Ақын болам Шолпандай,
Әнші болам бал таңдай,
Күйші болам Динадай,
Ғалым болам Нәйләдай!
Мұғалім: Бас иейік те, құрметтейік те ананы. Әйел-ана барлық қиындықты күш, сарқылмайтын бұлақ емеспе?! Елбасы – Нұрсұлтанды да, Күләш пен Мәншүкті де дүниеге әкелген — ана!
V бөлім. «Әнімді анама арнаймын»
1-бастаушы: Көгілдір көктем келді.Дала қандай әсем! Қар еріп жылғалардан су ағып жатыр. Жер беті жұқа ғана тебінге орана бастапты. Бәйшешектер бүр жарып, жыл құстары да келе бастапты. Олармен бірге көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі де келді.
2-бастаушы: Бүгінгі күн – жер бетіндегі барлық аналардың, қыз-келіншектердің мерейлі мерекесі. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпаққа құндағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі-бұл.
12-оқушы: Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген анашым
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құтықтаймын
13-оқушы: Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп, ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз!
Хор:
Мұғалім: Адамзат ең алдымен ана алдынды парыздар. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту-таралғының керегі жоқ. Бүгінгі 8 наурыз мерекесімен аналарды құттықтаймыз.
Хормен: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз!
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әйел – ана, әйел — өмір. Аналар адамды бесіктен бастап баулиды, «Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген ұлы ғұламалардың бірі. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдыретін жырмен өрнектеп, әнмен әуелетіп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Сондықтан да «Өмір гүлі- анаға ұлылық тән» деп бекер айтылмаса керек. Ана көреген, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Олай болса ана атына кір келтірмей, оларды әр уақытта ардақ тұтып, құрметтеуіміз керек.