Кеш «Ерлік – ұрпаққа ұран»
Кеш «Ерлік – ұрпаққа ұран»
Мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыптық көрме, слайдтар.
Әлия: Қайырлы күн ағайын!
Дулат: Есенсіздер ме, құрметті қонақтар!
Әлия: Адам баласы бір жақсы қасиеті туған жердің топырағынан алады деген ұғым бар. Туған топырағынан жаралған әр адамзаттың болашаққа деген сенімі мен көзқарас еркіндігі тек қана бейбіт өмірге қамтамасыз етілген елде қалыптаспақ.
Дулат: Жанын қиған сен үшін
Тоқта достым сабыр ет.
Үнсіз тұрып бір минут
Басыңды иіп, тәжім ет.
Ауған жауынгерлерін 1 минут еске алайық./Үнсіздік минуты/ Рахмет
Дулат: Бейбіт өмір! Осынау сөздің астарында азаттық пен еркіндікті және бас бостандығын білдіретін үлкен мағына жатыр. Бұл сөзде қай халықтың болмасын жердің бүтіндігі мен елдің амандығы үшін, бейкүнә сәбилердің тыныш ұйқысын қорғау үшін небір тар жер тайғақ кешуден өткенін баяндайтын тарихы жатыр. Бейбіт өмір қалыптасқан жерде әрбір ұлттың жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса бермек.
Әлия: Ия, Әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген . Патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады. Біздің халқымызды ерлік дастаны ата – бабамыздың сонау заманда найзаның ұшы, білектің күшімен жер қорғауынан бастап, одан бергі небір соғыс зобалаңдарынан бастап бастан өткеруіне көрініс….. Соғыс — зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі Ауған соғысы еді.
Дулат: 1979 жылы желтоқсанда А: И Бережиев басшылық еткен Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл соғысқа өзгеде одақтастар мен бірге біздің 22000 қазақстандық қатысты. Соғысқа аттанған өрімдей жастардың алдында үлкен мақсат тұрады. Ол – Ауғанстан жеріндегі дұшпандар басқыншылығына тойтарыс беріп, бейкүнә халықтың тыныштығын қорғау немесе өзінің Отан алдындағы интернационалдық борышын қалтқысыз өтеу болады. .
Әлия: Осындай ауыр аманат арқалап,. өмірмен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батырлықпен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз – бүгін біздің ортамызда.
Дулат: Бүгінгі кештің құрметті қонақтарымыз.
- Баймұхамбетов Жардем Сатайұлы.
- Баубеков Серік Адилұлы.
Әлия: Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне арналған бүгінгі кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Ән «Қазақстан»
Дулат: Ер қадірін назардан тасалаудан
Қай ел опа тауыпты?
Ия, Ерлікті жасамаудан
Бағаламау әлдеқайда қауіпті! – деп Мұхтар ағамыз жырлағандай, қанда қырғын мен боздақтардың қаралы хабарына нүкте қойған 1989 жылдың 15 ақпаны әр жыл сайын дәл осындай күндері атап өтіліп келеді. Бейбіт өмірімізді қорғайтын жастарымыздың бойына отансүйгіштік сезіммен патриоттық рухы ұялар майдангер азаматтар қай уақытта да үлгі — өнеге, тәрбие мектебі.
Сөз кезегі мектебіміздің директоры Ғилым Базарбайұлына беріледі.
Әлия: Өтер жолдар, уақыт тағы алыстап, Тағдыр тауқыметін табыстар, өздеріңді жырлап өтер ұрпағын, Ауғандағы азап шеккен арыстар, — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өшпейді, Заманалараға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлердің бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстағы белсенділіктер түрлі кәсіпті игерудегі, бәрінен бұрын жастарды отансүйгіштікке имандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері.
Дулат: 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк,сәбилердің шырылын шыңырауға шын батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс барша адамның жадында мәңгілікке жатталады.
Ибраһим:Ерлік-жан дүниенің ұлы қасиеті деген екен бір дана қария.Әскерлік анттарын ақырына дейін адалдықпен атқарып және сол жолда нағыз ерлерше қаза тапқан қайран боздақтар есімдері мәңгілікке өшпейді.Өмірінің өлшеулі бір бөлігі; жауқазын жастық шағының сүбелі үлесіне оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман сау оралып, туған жермен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау- біз үшін бір ғанибет.Жәрдем аға естен кетпес естеліктерден үзінді айта отырсаңыз
Ән «Тәуелсіз Қазақстан»
Әлия:Азаттық алу бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген.Өткен әрбір соғыс мыңдаған миллиондаған адам шығынын әкеліп , қаншама мемлекетті күйретумен тарихта қара бояумен таңба болып қалды.Ел аманатын арқалап шет жерге бөтен елге табан тіреген кезде Серік аға қандай күйде,қандай әсерде болдыңыз.
Оқушылардың сұрағы қойылады.
Дулат:Бүгінде біз Егемен елміз.Тәуелсізбіз.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік-бұл тарихтың біздің ұрпаққа берген, тағдырдың қазаққа берген басты бақыты, баға жетпес дәулеті» деген сөздері әлемдік өркениеттен өз орнын тауып жаһандану ағысына енген елімізді алға апарар ұраны іспетті.
Әлия:Азаматтық ел жүгін атқару ол Асулардан аттайтын қатпары мол.Ауғанның ащы дәмін татқан бауырым,Алаштың арқа сүйер мақтаны бол!
Майдангер ағаларына арнап өздерінің сәлемін жолдау үшін сахна,а бір топ ұландарымызды шақырамыз.
Оқушылардың шағын концерттік бағдарламасы
Дулат:Ауғаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 20 жыл өтсе де сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жан жарасынан айыға аомай келеді.Кезінде қатерге бел буып,батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп қаһармандық танытқан, өздерінің отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау, бүгінде өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу біздің борышымыз.
Құрметті қонақтар азғана сыйлығымызды қабыл алыңыз.
Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндері амандықпен дидарласайық.
Хор «Атамекен»