Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Бала тәрбиесіне байыпты қарайық….
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Бала тәрбиесіне байыпты қарайық….
Мақсаты: 1. Оқушылардың ата-ана сөзінің мәні ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық – қарым қатынасты қалыптастыру, бір-біріне деген сенімін нығайту.
- Оқушылардың ата-ана алдынжағы борышы туралы жауапкершіліктерін арттыру
- Ата –ана мен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуіне туғыза отырып ата-анасының баласына деген сенімін ояту, баласына ата-ана алдындағы парызын міндеттеу, баланың болашақ өмірін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Тақырып жазылған күн суреті, күннің шапағында жазылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, компьютерде жазылған слайд, проектор, үлестірме қағаздар, бейнебаяндар.
Нақыл сөздер
- «Тәрбие-баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақал-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек» . А.С.Макаренко
- «Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл-отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы». А.С.Макаренко
- «Бала жөнінде әділ пікір айту үшін оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесінде көшуіміз керек». Н.Н.Пирогов
- «Ата-аналар балалрына сыйлы болуы тиіс. Бірақ сый – сияпат сүйіспеншіліктен туындауы қажет» В.Г.Белинский
- «Ата-ана қадірін білмеген халық қадірін біле алмас. Халыққадірін білмеген ата-ана қадірін біле алмас»
Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз
Жаманнан жақсы туады
Адам айтса нанғысыз
Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы,қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана-отбасының ұйтқысы, жылуы, шағуы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қадағалайды. «Бала – өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл блген.
«Әрбір баланың мінез – құлқы ата-ананың жағымды іс –әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И.Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасында, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы. Сондықтан, жиналысымызға қатынасып отырған ата-аналар, ұстаздар төмендегі сауалнамаларға жауап берейк.
- Сауалнама
- Ата-ана құқығы
Бала тәрбиесіне қағидалар. (Слайд)
- Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қатынасын жасаған абзал.
- Әдепсіз сөз, дөрекі айқай- тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дрекі жауап береді.
- Егер өзің баланы сыйламай тұрып, одан өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят
- Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата- анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
- Ата- ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.
Мейірімділік – адамның бет әлпетінен, іс-әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет. Сондықтан кімде-кім басқа адамның ақыл-ойы, мүлде тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көөмектесе, сол адамды демеп-жебесе ол мейрімділікке жатады.
Іс – шарамыздың келесі блімінде мына бейнебаянға назар аударсақ (Б.Мұстапаевтың орындауында «Ана жүрегі» атты әннің бейнебаяны көрсетіледі.)
Бұл көрініске қарап елжіремейтін адам, езілмейтін жүрек жоқ шығар.
Осындай қатігездік қайдан шығады деп ойлайсындар? Енді ос көрсетілім бойынша сұрақ қоғым келеді:
- Оқушылар, сендер осы көрініске не айтасыңдар?
- Ата-аналар, сіздер не айтасыздар?
- Сендерге қалай әсер етті?
- Бұл баланың бойынан қандай қасиет байқалады?
- Баланы осындай жағдайға жеткізбеудің тәсілдері қандай?
Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңес айтқым келіп тұр. Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер.
1-қателік. Балаларды орынсыз еркелету.
2 – қателік. «Не істесең оны істе, маған бәрібір» деп айту
3-қателік. Аса қатылдық, яғни «Мен не айтсам, соны орындауың керек, өйткені мен сенің ата — анңмын» деп айту
4-қателік. «Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін» деп айту
5-қателік. «Саған кңіл бөлуге уақытым жоқ» деп айту
6-қателік. Балаңыздың баршалыққа баулымау
Міне, құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.
Келесі блімімізде «Бала тілегі» атты бейнебаянды ұсынамыз.
Бала тілегі атты бенейбаяннан өрбитін сұрақтар.
- Осы бейне баяннан қандай ойлар туындайды?
- Әкеннің ондай жағдайға душар болуына не әсер етті?
- Ағасының бауырына істегені дұрыс па, оны сіз жақсылық деп түсінесіз бе?
Қорытынды:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондқтан «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп алғаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан – бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Бұлардың барлығы қоғамға тәуелді.
«Мейірімділікті анадан,
Әдептілікті данадан үйрен» дейді халқымыз.
Бір біріне қамқор, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу және адамгершілікті мол асыл қаситтерді бойларына сіңдіру біздің міндетіміз екенін айта келіп пікір алмасу түрінде өткен ата-аналар жиналысымды тәмамдаймын.