Бала-әр ата-ананың болашағы,өмірінің жалғасы
Бала-әр ата-ананың болашағы,өмірінің жалғасы
Міндеті: ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын,ата-аналардың балаларға деген тәлім-тәрбиесін көрсету;
Мақсаты:білімділік-балаларға ата-баба дәстүрін терең меңгерту,ән,би,қолөнер сияқты ұлттық нақыштарымызды үйрету;
Тәрбиелік-салт – дәстүрімізді құрметтеуге,ынтымақ пен бірлікке, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық-алғырлық қасиеттерін дамыту,сөздерін жатқа айту қабілеттерін дамыта отырып қалыптастыру.
Барысы.
(Сахнада сазды әуен, «Сарыарқа » күйі ойналады)
(Отбасылық сайыс)
Мұғалім: Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен-кіші, жасымыз,кәріміз де.
Төрлетіндер, қадіренді қонақтарым,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Жаңарғанын сананың
Ұмытады мұны кім?Ата-салтын бабамның
Алып келді осы күн.
Қадірменді қонақтар,ата-аналар, ұстаздар, «Бала-әр ата-ананың болашағы, өмірінің жалғас» тақырыбы бойынша шаңырақ саны сайысын бастауға рұхсат етіңіздер!
Бәйгенің аттарындай шабыстары,
Білімінің ұшқыр болсын табыстары.
Қол соғып қошеметтеп отырайық,
Отбасылар міне бүгін сайысады.
Атаң болса анаңмен-алтыннан соққан қорғаның,
Ағаң болса ақылды-ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жан ашыр-семсер,қылыш білегің,
Ақылды қыз,ақылды ұл-өкпе-бауыр,жүрегің.
(отаға отбасылар шақырылады.Әр отбасы өз орындарынан барып жайғасып отырған кейін қазылар алқасы таныстырылады.)
Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер
Алқасы әділқазы-кемеңгерлер.
Беріңіздер әділ бидей әділ баға,
Шындықты ұрпақтарың сонда көрер.
(Содан кейін осы сайыстың басталу салтанатына қарт әжелер тілегін айтып, батасын беріп, шашу шашылады. Шашу шашылып жатқанда әдемі бір әуен ойналады.Әуенің ырғағымен жүргізуші тойдың ашылуына байланысты жыр жолдарын оқиды.)
Мұғалім:Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Арамызда бүгін болар сайысты Сөзден жүйрік жыршы бетін ашады.
(Мұғалім бүгінгі сайысымыздың әр кезеңімен таныстырып өтеді.)
І кезең. «Сұрасаң менің тегім…»
(Әр отбасы өзін-өзі таныстырады, осы кезеңді не өлеңмен,не қара сөзбен таныстыру керек.)
ІІ кезең. «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман»
(Отбасының ісмерлік шеберліктері:қолөнерлерін қазыларға апарып беріп, оның не мақсатпен жасағандығы айтылады )
ІІІ кезең. «Эрудиттер байқауы»
(Ұлттық киімдегі екі қыз бала табақшамен сандық және конвертті алып шығады. Әр отбасынан балалар ортаға шақырады.Сандық ішіндегі нөмерленген асықтарды алу арқылы тапсырмаларын анықтайды. Тапсырмадағы сұрақтарға отбасы ақылдасып, бірігіп жауап береді.балалар асықтағы сан бойынша ұлағатты ұғымдарды айтып өтеді.)
Сандар қасиетіне тапсырма
А) Бес қаруды атаңыз.
Жауабы. Мылтық, садақ,найза,құлыш,айбалта.
Ә)Жеті жетімге не жатады?
Жауабы.
Тыңдаусыз қалған сөз – жетім.
Киюсіз қалған бөз – жетім
Иесіз қалған жер – жетім
Басшысы жоқ ел- жетім
Аққу-қазсыз көл-жетім
Елінен айырылған ер-жетім.
Замандасы қалмаса бәрінен де сол — жетім
Б)Үш арсыз,үш жамандықты атап беріңіз.
Жауабы. 1) Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
2.Нақақ қан төгу,кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған жұртты бұзу.
В) Ұлтымыз қандай сандарды киелі деп есептейді? Неліктен?
Жауабы. 3,5,7,9,12,30,40т.б
(ата-анаға тапсырма мен сұрақ-жауап түрлері беріледі.)
«Байғазы» және «Көрімдік» салт-дәстүрлерінің мазмұнын түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?
«Байғазы»- балалардың, жастардың жаңа киімі,заты үшін беріледі.мысалы, қамшы,шана, ертоқым т.б.
«Көрімдік»-жаңа туған бала, жас келінге, құдасына, күйеуге береді. Мұның маңызы алып беруде ғана емес, жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін,ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.
Айырмашылығы көрімдік адамға,жандыға беріледі, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге байланысты.
«Жасау» және «Енші» салттарының мағынасын түсіндіріңіз, айырмашылығын атаңыз.
Жауабы. 1) «Жасау»-ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік.Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет,ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек,әсем әшекейлі заттар берген.Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан.Жасау қыздың еншісі десе де болады.
«Енші»- балалары ер жетіп жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп,дүние-мүлік,мал береді. Мұны енші деп атайды.
Қыздарға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады, ал балаларды үй қылып шығарса (яғни ата-анасынан бөлек отау) оны енші дейді.
«Иткөйлек» («Итжейде») және «Қырқынан шығару» салт-ғұрыптарының мағынасын түсіндіріңіз. «Қырқынан» және «қырқы» сөздерінің мағынасын ажыратыңыз.
Жауабы: 1) Ырымшыл халқымыз бала (туғанына қырық күн) «қырқынан» шығарылғаннан кейін оның көйлегіне (жейдесіне) тәтті түйіп иттің мойынына байлап жіберетін дәстүр бар.Итті балалар қуып жетіп, мойынындағыны шешіп алып, тәттісін бөліп жейді.
Көйлекті (жейдені) баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады немесе адамдар алыс жолға шыққанда жол амандығын тілеу барысында апаттың болмауын ырым етіп бойларында сақтаған.
Ит мойнына байланғандығы оны жеті қызынаның бірі деп әрі баламыз көп болсын деген ырыммен астасып жатыр.
2) Әдетте бала туғанына қырық күн толған соң ыдысқа 40 қысық су құйып шомылдарады.Бұған үлкен әжелер,әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады.сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне, матаға орап тігіп қоятын болған.
«Қырқынан» деген, баланы туғанына қырық күн толған соң суға шомылдырады, тырнағын, шашын алады, соны айтады.
Қайтыс болған адамның қырық күннен кейін «Қырқы» беріледі.Мұны шатастыруға болмайды.
«Тәбәрік» және «Ерулік» салт-ғұрыптарының мағынасын түсіндіріңіз. «Тәбәрік» түрлеріне тоқталыңыз.
Жауабы. 1) «Ерулік» — ауылға жаңа үй көшіп келсе қоныстанса сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақтартады. Бұл – жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың сыйласудың үлкен белгісі.
2) «Тәбәрік» — біреу ойын – тойда бәйге, жүлде алса немесе құдалық салт – дәстүрге кәде алса, одан жанындағыларға үлес беруі керек. Мұндайда жұрт «тәбәрік бер» деп сұрап алады. Олжалы адам әдеп бойынша тәбәрік беруге міндетті, бермесе сараң болғаны.
ІV кезең «Өнерлі отбасы»
(Отбасылар өз өнерін көрсетеді. Сайыста ән,жыр,өлең,би,мәнерлеп оқу,сықақ оқу т. Б.)
V кезең. «Мақал – мәтел,ырым,тыйым сөздер»
(Бұл кезең бойынша әр отбасы жасырулы әріптерді таңдап,сол әріп бойынша ғана мақал – мәтелдер теріп жазады)
VI кезең. «Әке жолы –ұлына мақтаныш,
Ананың аялы алақаны – қызына сағыныш»
(Ата –ананың балаға айтар ақылы: қай ортада қалай жүріп тұру керек,тілегі)
1-оқушы: Анам маған «Үлкенді сыйла» деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен .
Үлкендерден ауысқан кішілікті
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра – ізеттілік,
Арымды соған күйзеттіріп,
Адалдық – менің сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.
Мұқағали Мақатаев.
2-оқушы: Ана үшін аянба- ант ұрады,
Бала үшін аянба – бетің күйеді
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.
Бауыржан Момышұлы.
3- оушы:Ғабиден Мұстафин: «Аиа – ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы».
4-оқушы:А.Пушкин: «ата – бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі»
5- оқушы: В.Сухомлинский:«Баланың жақсысы «баланың жақсысы – әке мен шешенің ары,ата ананың абыройы, жаманы – қайғысы,азап – соры».
VIІ кезең.
Жағдаят (Ұлттық киімдегі екі қыз бала табақшамен киіз үй парақшасына жазылған сұрақтарды таңдап алады)
Ән орындалады
(Ата – аналарға жағдаяттар беріледі.)
1)Алақай, мен бас алдым! Мұғалім бізге не айтқанан білесің бе? –деп сынып окушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайындақуанышы қойнына сыймай анасына айтып жатыр.Үй іші бұған онша мән бермеді. БДірақ күндер өте береді. «Алақай, бес алдым» деген баланың қуанышты сөздері сирек естілетін болды.Сіздің ойыңыз қандай?
2)Көрші келіншектердің әңгімесі.
-Менің қызым – озат оқушы, үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді.
-Озат оқушы болғаны жөн-ау, бірақ үй шаруасына араласқаны дұрыс болар еді.
-Оның жақсы оқығанның керегі не үйдің тірлігі бітпеген соң.
Осы үш ата – ананың өзара әңгімесе сіздің ойыңызша қалай?
3)Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз.Ол «Ән тыңдап отырмын,қолым бос емес» деп барудан бас тартты.
Не істер едіңіз?
5)Ұлы « Бұл қазіргі мода» деп шашын өсіріп желкесіне түсіріп жүруді қалады.
Сіз «Ол дұрыс емес, оқушыға сай жүруің керек» десеңіз де түсінбеді.Сіздің осы кездегі әрекетіңіз?
6) Қызыңыз апайлары рұқсат етпеген туған күнге барудан сізден рұқсат сұрады.Сіз «Болмайды, бармайсың » дедіңіз.Қызыңыз «Мен баруым керек, құрбыма келемін деп уәде бергенмін» деп сізді тыңдар емес. Сіз қызыңызды қалайда жібермеуіңіз керек.
(Балаларға жағдаят сұрақтар)
1)Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды.Сен достарыңмен ойнапжүріп бұл істі ұмытып кеттің.Анаң жұмыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды.Сег келгенде анаң ренжулі.Сенің әрекетің.
2)Сен өте асығыссың, себебі сабаққа үлгерің керек.Кеше сынып жетекшіңе « Енді кешікпеймін беп уәде бергенсің.Көшеде жүгіріп келе жатып байқаусызда бала жетектеген қарияны қағып кеттің.ол кісі құлап қалды,немересі шошығаннан жылап жіберді.Сен не істейсің?
3)Бүгін анаң жақсы көретін тамағыңды жасап берді.Сен отыра қалып іні – қарындастарыңмен қосыла жедің де,даладағы ойынға қарай жүгірдің.сен нені ұмыттың?
Қорытынды:
Мұғалім:Туған соң адам боп,
Білімсізден жаманы жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Сауатсыз деп жазғырған
Ата – баба ардақты
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді
Ата жолын жалғапты
Бауырласқан жанымыз
Бұзылмаған салтымыз
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Сақталады міне дәстүр – салтымыз.
(Қазылар алқасы бүгінгі сайысты қорытындылайды. Оларға «Өнерпаз атауы», «Зеректер отауы», «Шебер отауы», деген атақтар беріліп, бас жүлде алған отауға «Үлгілі отбасы деген атақ беріледі, бағалы сыйлықтармен марапатталады.)