Бабалар еккен шынарды балалары саялап..
Тақырыбы Бабалар еккен шынарды балалары саялап..
Мақсаты: 1. Ұрпақ бірлігі мен сабақтастығын, ұлттық салт- дәстүрімізді, өнерді паш ету, ата-ана- оқушы-ұстаз өкілдерін ынтымақтастыру.
- Оқушылар мен ата-аналардың білім деңгейін, шығармашылық ізденістерін шыңдау.
- Оқушы және ата-аналар бойына отансүйгіштік тәрбие қалыптастыру.
Түрі: Сайыс
Әдісі: театрландырылған, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, ел рәміздері, баспасөз материалдары, киіз үйдің ішкі көрінісі, шарлар, ұлттық тағамдар, техникалық құралдар, т.б.
Өткізілу барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
- Ән: “Елім менің” (оқушылар орындайды)
- Ән орындалып жатқан кезде, қазақ киімін киген аналар шығып, шашу шашып, құттықтаулар айтады.
- Ән орындалып болған соң, аналар мен әкелер үстел басына жайғастырылады. Балаларының өнерін тамашалайды.
- Кіріспе. Мұғалім сөзі:
-Жалғассын бүгінгі той- мерекеміз,
Шайқалып төгілмесін берекеміз
Ел сенімін арқалаған шәкірттердің,
Істерін әрқашанда үлгі етеміз.
Ұлы бұлт торламасын көгімізді,
Сақтайық өзен, тоғай, көлімізді.
Бөлейік жасыл желек ну егіске
Сан ұлтқа сая мекен жерімізді.
Өнерлі өрендерге дем берейік
Күй шертіп, би билейік, дөңгелейік.
Шалқиық, шаттанайық, ән салайық,
Мереке әуенімен тербелейік.
Ән менен би, жыр менен күй жарасқан,
Нұрын төгіп, күлімдейді көк аспан.
Бүгінгі күн- ғажап күн
Қасиетін паш етіп тұр қазақтың!
Құтты болсын қайта оралған мереке!
Ене берсін, келе берсін береке.
Қадірлейік бейбіт аспан ақ күнін
Қадірлейік халқымыздың шаттығын!
— Құрметті Ата-аналар, оқушылар!
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Бүгінгі “Бабалар еккен шынарды, балалары саялап…” атты Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Сынып оқушыларының өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Тәрбие сағаты сайыс түрінде өткізіледі.
Ең алдымен:
- Сынып оқушыларын екі топқа бөлу;
- Топтың атын анықтау;
- Әділқазылар алқасын сайлау.
- Негізгі бөлімі: Сайыс өткізу.
Сайыс бағдарламасы:
1.”Сәлем- сөздің анасы” (таныстыру: әнмен не өлеңмен,т.б.)
- “Көңілі-ояу, көзі- ашық” (зерделілік жарысы, сұрақ- жауап)
- “Ескірмейтін есті сөз” (би-шешендердің ел басқарудағы әділ шешімдерін келтіре отырып, көрініс көрсету)
- “Өнерліге өріс кең” ( патриоттық әндерді айта отырып, бейнебаян келтіру)
- “Күлкі-ашылған гүл, көңіл-шашылған нұр” (көңіл сергіту, мерекелік шашу)
- Түрлі тапсырмалар орындау.
- Қорытынды.
- “Көңілі-ояу, көзі-ашық” бөлімінің тапсырмалары:
Танысқыңыз келсе қазақ халқымен,
Салт- дәстүрі, тарихы, әдет-ғұрпымен
Нағыз қазақ қалада емес ауылда
Танылатын ұлттық мінез-құлқымен.
— Әр топқа 10- сұрақтан оқылады.Ойлану уақыты 1 минут.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріліп отырады. Егер сұрақты білмесеңіздер “келесі” деп, келесі сұраққа көшулеріңізге болады. Ендеше басталық.
1-топқа: 1.ҚР Тәуелсіздігін қашан жариялады?(1991 ж.16 желтоқсан)
- Қай жылы БҰҰ- ға мүше болды? (1992 ж. 2- наурыз)
- ҚР Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қашан бекітілді?
(1992 ж. маусымда)
- Елтаңбаның авторы (Ж.Мәлібеков, Ш. Уәлиханов)
- Ұлттық валюта қай жылы енді? (1993 ж.15- қараша.)
- Ресми тіл қандай тіл? (орыс тілі)
- ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттің билік көзі. (халық)
- Конституция қанша тараудан тұрады? (9)
- Елордамыз Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан? (Солтүстік шығысында)
- Әнұран,Ту, Елтаңба қай бапта айтылған? (9)
2- топқа: 1. Ата заң қай жылы қабылданды? (1995 ж.30-тамыз)
- ҚР қандай мемлекет? (Зайырлы, демократиялы)
- Әнұранның сөзін кімдер жазды?(Н. Назарбаев, Ж.Нәжімеденов)
- Мемлекеттік тіл қазақ тілі деп қай бапта айтылған? (7)
- Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша нешінші орын алады?(9)
- Конституция неше баптан тұрады? (98)
- Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
- Қазақстанның дамуының перспективалық мақсаттары анықталған Н.Назарбаевтың еңбегі. (Қазақстан- 2030)
- Ш.Ниязбеков қай рәміздің авторы? (Ту)
- Конституция бойынша ҚР Президенті қанша жылға сайланады? (7).
- Түрлі тапсырмалар орындау:
- Берілген өлеңді мәнерлеп оқу сайысы (әр топтан бір оқушы)
- “Қыл қалам шеберлері” (топ мүшелері бірінен соң бірі берілген тақырыптағы суретті бояумен салу арқылы бейнелеу)
- “Қазақстанның бүгіні мен ертеңі”
- Қорытындылауды әділқазыларға беру.
— Қорытындыланып болғанша үстел басындағы аналар мен әкелер халық әнін орындайды.
— “Баталы ұл арымас” дегендей бата беріліп, адал ниет жақсы тілектерін білдіреді.
— Тренинг “Жүректен- жүрекке” (ата-аналар мен оқушылар дөңгелене тұрып, бір-біріне жүрекшені ұсыну арқылы ақ тілектерін арнайды)
— Әнұран айтылады.
Қорытынды: —Мақтанамын текті халық ұрпағы екеніме
Ой- арманы іңкәрлік жетегінде.
Көк аспан күлім қағып нұрын шашқан
Азат өмір шалқысын мекенімде!
Шуағы бар бойымда арайлы күн нұрының
Жанға қуат емі бар жүректегі жырымның.
Бәрінен де арын биік қоя білген қайсарлы.
Батыр халық, ақын халық ұрпағының ұлымын.
Халқым барда әрқашан биіктерге самғаймын,
Үлгі етіп әлемге жақсылығын жалғаймын
Бабалар еккен шынарды балалары саялап
Тереңге жайып тамырын көгеріп тұрсын тал-қайың!