Тақырыбы: «Мен +Сен» = Біз»
Тақырыбы: «Мен +Сен» = Біз»
Мақсаты: Балалардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру, өзара ынтымақтастығын дамыту.
Міндеттері: балалардың бір-біріне демеушілік жасауға, жақынырақ танысуға, ашық пікірлесуге, бірге жұмыс жасауға қалыптастыру.
Ойын «Танысу»
Көрнекілігі: Орама жіп
Ойынның шарты:Балалар шеңбер жасап дөңгелене отырады. Басқарушы қолындағы орама жіптің бір ұшын қолына ұстап,
өзінің атын және бос уақытында не істейтінін айтып, қолындағы жіпті қарсы
отырған адамға домалатып жібереді. Жіпті алған бала да бір шетін ұстап қалған
бөлігін қарсы отырған балаға қарай домалатып,өзінің атын және бос уақытында
не істейтінін айтады.ослайша барлық бала өз атын және өзі туралы қысқаша айтып
шығады. Балалар өрнек құрғанша осылай жалғастырады.
Жүргіуші: «Балалар, біз мына өрмекшінің торын не үшін құрдық ?» -деп сұрайды және үш-төрт баланың пікірін біледі.
Келесі кезеңде жүргізуші жіпті соңғы берген оқушының атын және айтқан сөзін қайталап, жіпті кері қарай домалатады. Ол осы әдіспен жіпті өзіне берген балаға береді. Осылайша
Жіп жиналады. Егер жіп шатасып қалса, «Балалар біздің достығымыз осындай байланыста болсын», -деп айтылады.
Ойын: «Орын ауыстыру»
Балалар дөңгелене бір-бір орындық алып отырады. Жүргізуші ортада тұрады.
Жүргізуші: «Кім орнынан ауысады»,-деп сұрайды. Мысалы: «Кәне, кімде шаш бар, кім мектепте оқиды-сол балалар орнын ауыстырсын», -дейді. (Бұл сұрақтар жалпы оқушыларға арналып айтылады. Мысалы: «Кімде қол бар?», «кімде сумка бар?», «кім үлкендерді сыйлайды?» т.б) балалар жаппай орын ауыстырған кезде, ортадағы бала бір орынға отырып алу керек. Ал орын жетпей қалған бала бір мақал айтады және ойынды жалғастырып әкетеді.
Ойын : «Не өзгереді ?»
Балалар бір-біріне қарама-қарсы екі қатарға тұрады. Бір минут ішінде әркім өзіне қарсы тұрған адамның шашын, бет –бейнесін, киімдерін мұқият қарап отырады. Содан соң барлығы теріс айналып үстіндегі киімдерін немесе бет-бейнесінің бір жерін өзгертеді. Мысалы: бантигін алып тастауы мүмкін, сырғасын, кастюмнің бір ілгегін тағуы мүмкін, бетін тыржитуы мүмкін, т.б не өзгергенін айтып береді. Екеуі де тапса, не екеуі де таба аламаса тең болады,ал біреуі тауып, біреуі таба алмаса, ұтылған жақ бір шумақ өлең айтып береді.
Ойын: «Қызықты өткен күнге рақмет»
Балалар барлығымыз дөңгеленіп тұрайық. Бір бала ортаға шығып тұрады, оның қасына екінші бала келіп, қолын қысып «Қызықты өткен күнге рақмет», — дейді. Бір-бірінің қолын ұстап, екеуі ортада қалады. Әрі қарай үшінші оқушы келіп, ортада тұрған екі оқушының біреуінің бос қолын қысып «қызықты өткен күнге рақмет», -дейді де қол ұстасып тұрады. Осылайша барлығы қол ұстаса тізбектеледі. Содан соң барлығы үш рет қол қысысып «Қызықты өткен күнге рақмет» -дейді. Ойын аяқталады.