« Адамгершілік қасиетті бала бойына дарыту»
Бастауыш сынып мұғалімі:Океева Ая Қайыркенқызы
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жарлы ауылы №9 орта мектеп
Тақырыбы: « Адамгершілік қасиетті бала бойына дарыту»
Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру, толықтыру,
сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету.
- Үлкендерді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, суреттер: Әбу Насыр Әл-Фараби.
Барысы: І. Кіріспе сөз (топпен отыру)
Тәрбиенің негізгі міндеті қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру. Қазіргі танда әсіресе көп көңіл бөлетін мәселе – адамгершілік тәрбиесін күшейту. «Адамға ең бірінші тәрбие беру керек» — деп Әбу Насыр Әл-Фараби айтқан.
- Адамгершілік дегенімізге қандай анықтама берер едіңдер?(оқушы пікірі)
ІІ. Топпен жұмыс жүргізу
Өзіміз айтқан адамгершілік қасиеттердің ішіне: әсемдікке, әдемілікке дағдыландыру, кішіге көмек беру, үлкенді сыйлау, өзін-өзі ұстауда кіреді. Осы әдептілік қасиеттерді біле тұра біз әдепсіздікке, тәртіпсіздікке де ұмтыламыз. Енді мектепте, көшеде өзімізді қалай ұстауымыз керек ережелерін жазамыз:
1 тапсырма: І топ: Мектепте (ереже) 1,2,3,4
ІІ топ: Көшеде (ереже) 1,2,3,4
Мектепте, көшде жүру ережелерін оқып беремін.
2 тапсырма: Жұмбақ әңгіменің шешуін табу
І топ: Қарт адам туралы
ІІ топ: Автобуста
Мен оқимын балалар жауабын айтады.
3 тапсырма: Сиқырлы сөздер (екі топқа бірдей)
4 тапсырма: Көрініс көрсету
І топ: Сыныпта
ІІ топ: Көшеде
5 тапсырма: Екі топқа бірдей «Не деу керек?» өлеңін еске түсіру (бір-екі шумағын)
6 тапсырма: Тәрбиенің, адамгершілік қасиеттің тағы бір түрі тиымдар, ырымдарды еске сақтау: екі топ өздері білетіндерін қағазға жазу.
III.Қорытынды Е.Өтетілеуовтің «Нағыз адам боламын» атты өлеңін оқу
Мұғалімнің сөзі:Сендер мейрімді,ақылды,адал,нағыз адам болып өсуге талпыныңдар.