Өздігінен ою-өрнек жасау
Сабақтың тақырыбы: Өздігінен ою-өрнек жасау
Мақсаты : Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаз, желім, түрлі — түсті мата, қарындаш, өшіргіш, ине,жіп, қайшы.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек үлгілері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Сәлемдесу, түгендеу, тазалыққа көңіл бөлу.
Білімін тексеру, өткен сабаққа шолу.
Жаңа сабақ.
Ою — өрнек халқымыздың мәдени шежіресі. Халқымыз қай заманда болмасын сұлулыққа ұмтылған, әсем дүниелер жасауда айнала қоршаған табиғаттан үлгі алған. Ой ниетін ою-өрнек арқылы жеткізген. Енді осы үлгілердің ішінен құстарға байланысты ою-өрнек түрін таңдап, түрлендіріп шығаруларың керек.
Аққу оюын таңдап отырмыз. Бүгінгі сабақта «Аққу» оюын әр түрлі тәсілдермен жасап үйренеміз. Аққу құсы ұзын мойынды, ақ қауырсынды, ірі құс. Оның дауысы сыбызғы үні сияқты. Елімізде аққудың үш түрі бар: сұңқылдақ аққу, кіші аққу, сыбырлақ аққу.
Аққуды халқымыз киелі құс деп санайды, олар қамыс арасында ұясалады, өсімдікпен көректенеді. Аққудың балапаны көгілдір, сарғыш түсті болып келеді.
Аққу құсын сұлулықтың, тазалықтың, таза сезімнің символі деп бағалайды. Көлдің сәні, айдынның еркесі деп ақындар небір өлең жырларын арнаған.
Бүгінгі сабақта әр қайсымыз өзіміздің ұнатқан әдісімізбен «Аққу» оюын жасаймыз
Сабақты бекіту:
-Аққу құсы туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
— Құстарға байланысты қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?
— Аққу қандай құс?
Сабақты қорытындылау.
— Балалар оюды жасау барысында қандай қиыншылыққа кезіктіңдер, жұмысты жасау қиын болды ма?
Үйге тапсырма : Шетін жиектеу жұмысын аяқтау.