Аттанайық, бала шақтан болашаққа!!!
Аттанайық, бала шақтан болашаққа!!!
Мақсаты:Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру.Білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға,білімді болуға шақыру. Мектепті яғни,білім ортасын,ұстаздарын құрметтеп,еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасын,Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу,тәрбиелеу.Ақыл,ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен,білімнің алғаш есігін ашқан ұстазымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып,сәт сапар тілеп табыстау.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.
Музыка ойнап тұрады. (залға екі жүргізуші шығады)
1-жүгізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
2-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, ата – аналар мен ақжаулықты әжелер!
«Аттанайық, бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілікке қош келіпсіздер!Бүгін ең алғаш қалам ұстатып, әліппені үйреткен алғашқы ұстазға рахмет айту салтанатына жиналып отырсыздар. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойды бастауға рұхсат етіңіздер! Ал бүгінгі мерекеде балалық шақтың келесі бір белесіне қадам басып, білім баспалдағына өрлеген түлектердің сапарларына сәттілік тілейміз!
1-жүргізуші:Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өмірдің балғын шағын айқындай-тын қоштасар сәт те келіп жетті. Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да, дана да, жаны шуақты, нұрлы жүрегі,ізгі жаны барын бәріміз жүрегімізбен сеземіз. Ол ұстаз!
2-жүргізуші: Ғалым да, ел қорғаған батыр да, темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарла-ған ғарышкер де – бәрі – бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз!
1-жүргізуші: Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті, — дей келе бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
(ортаға оқушылар шығады) Әнұран орындалады.
Ұ – ұлағатты Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым!
С – салмақты Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
Т – танымал Есейіп ертең кетсең де,
Шәкіртпін ұстаз алдында.
А – ардақты Білім – ойдың сұлуын
Асу еткен ұстазым.
З – зиялы Жүрегінің жылуын
Шашу еткен ұстазым.
1-жүргізуші: Мектеп деген білім кені жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
2-жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім — мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
1-жүргізуші: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі ән ұстаздар қауымына арналады!
Ән: «Ұстазым» Орындайтындар: Айғаным мен Аружан
(Ортаға 9 оқушы шығып тақпақ оқиды)
Әдеби монтаж:
Мектебім – алтын ұям, нұрың жарық.
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып,
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Бала десе ойламайды өз қамын
Көрсем дейді күнге де қол созғанын.
Шын жүректен жатса, тұрса тілейді
Шәкіртінің өзінен де озғанын.
Адам бар ма мұғалімнен жаны ізгі
Аялаймын олар басқан әр ізді
Арманым сол талабына қадірлі
Өнегелі болсам ұстаз тәрізді.
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады – ай, қажымай.
Ел ардақтап ғұламаның есімін,
Біз тербеттік даналықтың бесігін.
Қарауылдың гимназиядай мектебін,
Салтанатпен ашқан едік есігін.
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Бастауышта білім алған өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Атағың Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбең өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.
Ұстазым ғой әліппені үйреткен
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен
Мені оқытқан, өркенімді өсіріп
Жалындатып, жанарымды нұр еткен.
Шуағы мол жаз күніңдей қабағың,
Таң нұрындай арайлы ғой ажарың.
Жымиып бір маңдайымнан сипасаң
Балбырайды бал – бұл жанып жанарым.
2-жүргізуші: Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,
Ұша білсек болмас – ау, қону қиын
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін.
Бастауыштың билейді соңғы биін.- ортаға «Өзбек» биімен бишілерді шақырайық.
Көрініс: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)
1 — оқушы
— Ата, ата, арман деген не? — депті жігіт
-Арман дегеніміз — ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді,- депті қарт.
2 — оқушы
- Дос табу оңайма? — депті қарт.
- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
-Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, -депті қарт.
3- оқушы
— Үйдегі алтын қазығың кім? – депті қарт.
— Ата, үйдегі алтын қазық — бала, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке — қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың-қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, — депті қарт.
4 — оқушы
- Өмір сүру үшін не қажет? — депті қарт.
- Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, — депті жігіт.
- Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от — өмір, тұз — дәм, қыз — сән, ақыл өмірдің нәрін береді.
5-оқушы
— Адамға ақыл беретін кімдер? — депті қарт.
— Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.
— Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, — депті қарт.
2-жүргізуші: Армысың сен , алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Ән: «Мектебім» Орындайтындар: Жаннұр мен Аяжан
(Ортаға 8 оқушы келеді)
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға.
Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Жақсылықты әрқашанда жақтаймыз
Сөздеріңді есімізге сақтаймыз.
Үміт күтіп қарайтын болашақта
Ұстаздарым, сенімді біз ақтаймыз.
Мектебім білім берер алтын ұям
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата – анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыр,
Әр күні балалықтай біл жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Мектебім – сүйікті мектебім.
Бауырыңда түледім мен көктедім.
Сен – бұлақ, мен –қайыңмын бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Есімде ұстаз алғаш қарсы алғаны,
Білімнің бастауына жол салғаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
Төрт жылда сағымдай боп өте шықты,
Ойымыз санамызда өте шықты.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел танымас азамат бір-бір мықты.
Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің мұғалім,
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен бірге шығар күн.
Үмітің гүлдер, мұғалім,
Білеміз ертең бізден де,
Өмірдің талап сұрарын.
Сонда, ардақты мұғалім
Уәдемде мен тұрамын:
Шәкірттердің тыңдап жауап-сұрағын,
Жас санаға төгіп білім шуағын.
Хат танытып, жөн сілтеген өмірге,
Бар қауымға құрметті жан мұғалім!
2-жүргізуші: Өнерді жанымменен түйсінемін,
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
Орыс биін билесін мың бұралып,
Бименен шашу шашып бишілерім!- бишілердің орындауында «Оыс биі».
1-жүргізуші: Әр баланың жүрегіне гүл еккен,
Ұстаз ісін ақын біткен жыр еткен.
Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз — ау
Қаншама мың шәкірттерді түлеткен — ей келе, құрметті ұстаздар,4-сынып оқушылары сіздерге шексіз алғыс айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттайды.
1-оқушы: Сөз сөйлесе жарқын — ақ,
Күніміздей жарқылдап,
Біздерге ашық тілегі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашан да,
Қамқор болып жүреді.
Қуаныш Асқарұлына
Алғыс айтад түлегі.-деп «Ұжым ұйытқысы» номинациясымен мектеп директоры Қуаныш Асқарұлы марапатталады.
2-оқушы: Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Гаухар ұстаз әр кезде шуақ шашып.
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып – деп “Талапшыл ұстаз” номинациясы бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Жетпісбекқызы марапатталады.
3-оқушы: Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Мәрзия ұстаз осындай – деп «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Мәрзия Қожағұлқызы марапатталады.
4-оқушы: — Бар баланың түсінетін жан сырын,
Дөп тигізер Алуа ұстаз қалжыңын.
Өзіңізбен сыйласатын бар адам,
Көзіңізден көретіндей таң нұрын- деп «Ең шебер ұйымдастырушы » номинациясымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алуа Дәулетқызы марапатталады.
5-оқушы: — Таңдай көріп, санаңдағы сырды ерек,
Мектепті де мерекеге жүр бөлеп.
Психолог Айман апай біз үшін,
Орыныңыз әрқашанда тым бөлек — деп «Жаны ізгі ұстаз» номинациясымен мектеп психологі Айман Болғанбекқызы марапатталады.
6-оқушы: -Тәлімгер боп, тәлім берер баршаға,
Шаршамайды жұмысы ауыр болса да.
Инабатты болуды біз үйрендік,
Меруерттей мұғалімнен қаншама — деп «Инабатты ұстаз» номинациясымен мектеп тәлімгері Меруерт Арзынбекқызы марапатталады.
7-оқушы: — Адамға деген мейіріміңнің өзінен
Бойыңыздан жылылық лебін сезінем.
Салтанат апай ақ халатты, абзал жан,
Ризамыз біз, мың алғыс өзіңізге — деп «Біздің сүйікті дәрігер» номинациясымен мектеп медбикесі Салтанат Берікқазықызы марапатталады.
Ән: «Ұстазым, менің ұстазым» Орындайтындар: Шұға, Іңкәр, Аяжан
- Енді бізге 4 жылда білім нәрімен сусындатқан пән мұғалімдеріне рахмет айта отырып, алғыс хатпен марапаттаймыз.
- Ортаға 4 оқушы шығады.
1-оқушы: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Шуақ шашқан жүзіндегі нұр қандай?
Орыс тілін мейірлене үйретіп,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Әлия ұстаз өзің салған сара жол,
Көз алдымда көре тұғын белестер.
2-оқушы: «Үш тұғырлы тіл» — біздің ұранымыз,
Рыскүл ұстаздан көп болар сұрарымыз.
Орыс тілін мемлекеттік тілден кейін
Оқимыз қанғанынша құмарымыз
Бүгінде тілді білсек қор болмаймыз,
Шүлдірлеп тұрсақ егер зор болмаймыз
Тілейміз біз сіздерге шын жүректен
Болашаққа сілтейтін жол болғайсыз
3-оқушы: Өзін – өзі тану пәні — сөздің басы,
Өрлейді биіктерге оның тасы
Бүгінгі жаһандану заманында
Алуа апайдың біз үшін зор ғой бәсі.
Күтеміз ықыласпен әр сабағын,
Оқимыз жіберместен бір парағын
Барынша игеруге тырысамыз,
Осы деп бұл заманның зор талабы.
4-оқушы: Үйренеміз жалықпай,
Ағылшын тілін шарықтай.
Тіл сындырып,ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Әйгерім апай тәлімі
Сәулесін шашқан жарықтай.
5-оқушы: Үйретіп сан мың түрін сызуының,
Нұрбек ұстазымды ұғынды кім?!
Пейзаж, натюрморт, кескіндеме,
Ешқайсысы таңсық емес маған бүгін
Үйрендік бейнелеудің сырын сізден,
Ақ тілек тіледік біз шын жүректен.
6-оқушы: Кім білмейді біздің Роллан ағайды
Спорт десе ашылар жан сарайы
Спортзалдан қашанда табылатын
Салауатты өмір салтын қалайды.
7-оқушы: Өнер десе ішкен асын жерге қояр
Маржан ұстаз ән айтса көңіл тояр
Бар білгенін біздерге үйретуге
Талмай,тынбай,шаршамай әркез даяр.
8-оқушы: Сырғып артқа сәби шағым, жас шағым,
Өте шықты бастауышта қас – қағым.
Рауан ұстаз таныстырды біздерге,
Табиғаттың алуан түрлі достарын.
Би: Вальс
2-жүргізуші:
Білім беріп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтар тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарға береміз!
(Ұстаздар қауымының құттықтау сөзі)
Қорытынды сөз
Жақсы шәкірт Азамат атанады.
Халқынан , ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырамыз ата- ананы – деп, сөз кезегін ата-аналарға береміз.
1-жүргізуші: Шаттанамын мен бүгін шаттамын,
Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.
Осы сырды үйреткен 4 сыныбым,
Түстей болып, міне, бүгін артта қалдың.
2-жүргізуші: Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.
Пана болған, дара болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ек біз сізді.
Хор: «Ұстазым»
І – жүргізуші: ІІ – жүргізуші:
Білімді жан әрқашанда бағалы, Өтті сенде қызық шағым,
Білім барда ақ шашың да даналы Бастауышым – балбұлағым.
Көрерменім аман – сау боп осымен Қоштасар күн жетті міне,
Ақ көгершін самғап ұшып барады. Қимастықпен қол бұлғадым.
1-жүргізуші: Осымен 4-сынып оқушыларының «Аттанайық, бала шақтан болашаққа!» атты бастауышпен қоштасу кеші өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Аман сау болыңыздар!