Мамандықтың бәрі жақсы

Күні: 28.10.13

Тақырыбы:«Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету,

оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін,

түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын,

қызығушылықтарын арттыру. “Мамандық” құндылығы туралы түсінік

сферасын кеңейту. Мамандық таңдаудағы ата — ана міндеті, оның

нәтижесіндегі еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның әлеуметтік

ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал ету.
Міндеттері:
• Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
• Мамандық таңдауда үйлесімді оң шешім қабылдау;
• Бала бойындағы жеке дара психологиялық ерекшелігін тану;
• Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табандылыққа отбасында тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:
Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, ойын — жаттығу.

Қатысушылар:ауылымыздың  кітапханашы, орман күзетшісі, фелдьчері, ішкі істер бөлімінің қызметкері, мал дәрігері, ұстаздар, 9 класс ата- аналары.
Жүргізілу барысы:
Ұйымдастыру:
Ата — аналардың қолына жасыл және сары түсті жапырақшалар, мамандық туралы сауалнама таратылады.

1.Кіріспе сөз
Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? «Мамандық — дегеніміз не?» Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгін ой бөлісеміз.
Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.             Әл — Фараби
ІІ. «Ой қозғау»
МАМАНДЫҚ – ОЛ…
Мамандық – бұл арнайы біліктілік пен білімділікті талап ететін, адамның еңбек қызметінің түрі.
ЕҢБЕК — ОЛ…
Еңбек — бұл адамның қызметі, материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталады.
ЕҢБЕК ПЕН МАМАНДЫҚТЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ…
Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек, Ал мамандық латын тілінен аударғанда — ресми көрсетілген іс, яғни мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керектігін көрсетеді.
ІІІ. “Бүгінгі менің ойым”
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
• Бейімділігі (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы);
• Қабілеті, денсаулық жағдайы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);
• Ықылас деңгейі мен өзін — өзі бағалауы;
• Икемі;
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
• Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын білу;
• Кісілік қасиеттерге (имандылық, ізгілік, қайрымдылық, кішіпейілділік, дербестілік, жауапкершілік, намысқойлық, жігерлілік,, т. б.) ие болу;
• Ортамен қарым — қатынас жасай білу;
• Өзінің таңдаған мамандығының мазмұны мен қызықты қырларын, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана таңдаған мамандығы туралы ой — ниеті салмақтана түседі.

 

ІV. Бүгінгі ашық сабағымызға әдейілеп ауылымыздың азаматтары шақырылып отыр. Олар: ауылымыздың кітапханашысы Меңсұлу апа, ауылымсыздың фелдьчері Салтанат апа, орман күзетшісі Дархан ақа, мал дәрігері Жеңіс ақа, ішкі істер бөлімінің қызметкері Сайлау ағай. Келген қонақтарымызға уақыттарын бөліп келгендеріңізге алдын — ала алғыс айтамыз.Енді сіздерді шақырудағы себебіміз оқушыларымыздың ойларындағы сұрақтарын қойсын деген ниетпенжәне өздеріңіздің мамандықтарыңыз туралы мағлұматтар берсеңіздер. (Оқушылардың сұрақтары)

Сергіту сәті:«Мейірімділік алаңы»
Қатысушыларға түрлі түсті қағаздардан (қиылған күннің шуақтары, гүлдер, жасыл шөптер т.б.) таратылады. сол суреттер арқылы өздеріне жоба құру мақсатын түсіндіру.

  1. «Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер»
    — Мектептегі оқу пәндері — нақты мамандық емес. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың ұнайтынын білдірмейді.
    — Қалаған мамандықтың мазмұнына көңіл аудару.
    — Егер мамандық сенің досына ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
    — Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің таңдаудағы ой — ниетің салмақтана түспек.
    — Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.
    — Алдағы өмірлік жоспарын қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.
    — Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек.
    — Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін — келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.
    (Оқушылар мен ата — аналар арасында ережелер туралы пікір алмасу жүргізіледі)

VІ.“Сүйіспеншілік сипат”
“Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді” (Л. Н. Толстой)
Көрсетілген дәйексөздің мағынасын ашу.
Мамандықтың бәрі жақсы, баламның өз қалауы бойынша мамандық таңдауға жағдай жасаймын, бірінші кезекте жоғарғы оқу орнын емес, әуелі мамандық таңдауды бірінші кезекке қоямын деген ата — аналар жасыл жапыраққа өз ізгі ниетін білдірсін, ал пікірге кереғар ұстаным ұстайтын ата — аналар, яғни мамандық таңдауда әлі де шешілмеген көкейінде проблемасы бар ата — аналар сары жапыраққа ой — ниетін білдіріп ағашқа жапсырамыз.
Енді осы ойларыңыздың барлығы неге ағашқа жапырақ түрінде жапсырылды, қалай ойлайсыздар…
Әрбір отбасы — өркен жайған ағаш діңгегі. Егер осы сары жапырақтар көп болса, сіздің отбасыңызда балаға мамандық таңдауда беріліп жатқан бағыт — бағдарыңыз көмескі, оң жолға қойылмаған. Ал егер жасыл жапырақ көп болса, сіздің отбасыңызда балаға мамандық таңдауға бағыт — бағдар беру өз мәні де жүргізіліп жатыр деп айтуға болады.
Үлкендер бата бергенде көктеп көгер, ұрпақ жай деп жатады, сол сияқты отбасының көктеп — көгеруі үшін, өздеріңіз айтып жатқан жақсы ойлардың барлығын балаға сүйіспеншілікпен ұқтыра, қалыптастыра, дарыта білуіміз қажет.
VІІ. Суретті тест
Қатысушыларға смайликтер бейнеленген қағаздар таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін осы смайликтер арқылы көрсетеді.
VІІІ. Қорытынды бөлім:
Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай, барлық проблемалардан қашып құтылу мүмкін емес. Балаңызға, мамандық таңдауда қадірменді ата — ана ақыл қосар ақылшысы екеніңізді, қиындығын жеңілдетер көмекшісі екеніңізді, яғни ертеңгі күнгі сүйеніш — тірегі екеніңізді ұмытпаңыздар.Ал қазір менің алдымда оқушы ертең үлкен оқу орнының студенті аталғалы отырған оқушыларыма айтар сөзім «мамандық таңдау – өмірді таңдау» сондықтан өз мамандықтарыңды таңдаған кезде өздеріңізге сенімді болыңыздар.