К.Д. Ушинский «Төрт тілек»

Тақырыбы:К.Д. Ушинский «Төрт  тілек»
Пән:Әдебиеттік  оқу
Сынып:3 «А»     мұғ: Курмашева Айнагүл  Адиетовна
Сабақ  мақсаты:К.Д.Ушинскийдің шығармаларымен оның ішінде , «Төрт  тілек» әңгімесімен таныстыру;
  • Білімділік: әр жыл  мезгілінің  тіршілік  үшін  маңыздылығын  ұғындыру, оқу және таңдап  оқу  дағдыларын жетілдіруге  үйрету;
    Дамытушылық:шығармашылық, ойлау,  сөйлеу  қабілеттерін  дамыту;
    Тәрбиелік:  көркем әдебиет  оқуға  деген  қызығушылықтарын ояту және табиғатқа деген  қамқор көзқарас  қалыптастыру.
Сабақ  түрі:·         жаңа  материалды  меңгерту
Оқыту әдісі:·         көрнекілік- әңгімелеу

Көрнекілік: АКТ,  портрет, жазушының  кітаптары

                                                        Сабақ барысы:

I  Ұйымдастыру  бөлімі.

  1. Психологиялық дайындық

— Қоңырау соғылды, сабақ басталды. Бір-біріне күлімсіреп  қараңдар. Қандай тамаша, бүгін бәріміз  біргеміз. Біз қайырымдымыз, бір-бірімізге мейірімдіміз, біздің көңіл-күйіміз  тамаша. Тереңірек дем алып, оны шығарыңдар.Кешегі ренжігендерін, өкпелерін, уайымдарын деммен бірге шығып  кетсің.Оларды  ұмытыңдар.Мен  сендерге көтеріңкі көңіл-күй, бір-бірлеріне қамқорлықпен қарай  білулеріңді тілеймін.

Сабақты бәріміз ұйымшылдықпен  бірлесіп  өткізейік

  1. Кәне, бәріміз сабақ бастамастан бұрын тіл дамыту жаттығуын жасайық:
  • Дыбыс артикуляциясы
  • а-у, а-о, ы-і, ұ-ү; аоуиэ; аиуоэ; ауиоыэ
  • Сөздерді оқу:
  • шұнақ, зәрлі, жалаңдап, ұшпадай, үскірік, шидем, домбығып
  • Үй тапсырмасы
  • С Сейфуллин  Қызыл шұнақ. Өлеңді  оқыту
  • 1.Көзбен оқу.
  • 2. Сыбырлап оқу.
  • 3. Дауыстап оқу.
  • 4. Жай оқу .
  • 5. Жылдам оқу.
  • — Жарайсыңдар!

«Қыс  келбеті»  тақырыбына  сурет  салу   Қыс  мезгіліне қатысты  жұмбақ  айту

  1. Тақырыпты меңгертуге дайындық:

1)Сабақ  тақырыбын хабарлау

Балалар, бүгін бізде  ерекше  сабақ. Өйткені  бізге бүгін  қонақтар  келді

— Әр  адамның  арман  тілегі  болады. Сенің  қандай  тілегін  бар, нені  армандайсың? (дәптерге  жазу)

Монитордан  сабақ  тақырыбын  іштей  оқыңдар.

2)Константин Дмитриевич Ушинский –  «Төрт тілек» әңгімесі

Әңгімені  оқымастан  бұрын мен  жазушымен таныстырайын.

2)   Кіріспе әңгіме

Мониторда   К.Д. Ушинский  туралы  слайд  «Балалар әлемі және Туған тіл»

Константин Дмитриевич Ушинский –ол орыстың ұлы педагог-жазушысы

Константин Дмитриевич Ушинский  Тула қаласында 19 ақпан 1824 жылы 1812 жылғы Ұлы Отан  соғысына  қатысқан демалыстағы офицер Дмитрий Григорьевич  Ушинскийдің жанұясында дүниеге келді.  Константин Дмитриевичтің анасы — Любовь Степановна ол 12 жаста болғанда дүниеден озды. .Константин Дмитриевич   Новгород-Северской гимназиясында  оқыды. . Кейін Мәскеу  университетіне  түсті. Бітірген  соң мұғалім  болып  жұмыс  істеді.. Ол балаларға  арнап  көптеген тамаша  кітаптар жазды: «Балалар әлемі», «Туған тіл», «Таңғы  сәулелер», «Төрт  тілек», «Бишка»  т.б. Ол  балаларға  арнап  көптеген тамаша  кітаптар жазды. Кітаптары  көптеген  әңгімелер, өлеңдер,  ертегілерден  құралған.  Константин Дмитриевич Ушинский   көп жылдар бойы балалармен жұмыс істеді. Ол балаларға  арнап әдебиеттік  оқу  және  орыс  тілі  кітаптарын  және мұғалімдерге  арнап педагогикадан ғылыми еңбектерін жазды. Оның кітаптары «Балалар әлемі»  және «Туған  тіл». деп  аталды.

Ол  не  туралы  жазды?  Ол жануарлар, балалар, табиғат  туралы  жазды.

Монитордан  оның  жазған  кейбір  кітаптарын көрсету

ІІІ Тақырыпты  меңгерту

1) Әңгімені  оқып  беру

2) Сөздік және сөздің лексикалық мағынасын түсіну жұмысы

қуанышы  қойнына  сыймау

3) Талдау

-Әңгімеде  кімдер  әңгімелеседі?

— Олар  не  туралы  айтады?

— Митяның қандай  төрт  тілегі  болды?  Митя  неліктен  төрт  мезгілдің  бітпеуін  сұрады?

Қорытынды:Табиғаттың  төрт  мезгілі  кезектесіп  айналып  келіп  тұрады. Ол табиғат  заңдылығы. Оны  өзгерту ешкімнің қолынан  келмейді.

б)Мәтінмен  алғашқы  танысу. Өз бетінше моделдеу

-Оқыған мәтіннің моделін жасаңдар?
—  Шығарма  ұнады  ма?в) Алғашқы  оқыған кездегі қабылдауларымен  бөлісу

-Қай жыл  мезгілі туралы  айтқаны ұнады?  Тауып  оқу

Сергіту  Презентация «Жыл мезгілі».

Кәне,  жылдың әр  мезгіліне  қонаққа  барайық!

Табиғат  жылдың әр  мезгілінде де  тамаша!

1 слайд. «Қыс».

жұмбақ

— Кімге  қыс  мезгілі  ұнайды?

— Неге?

2 слайд. «Көктем».

жұмбақ

  • Көктемнің өзіне тән қандай  ерекшелігі  бар?

г) Мәтінді мәнерлеп,   түсініп  оқу  жұмысы

-Әңгіме  қалай  басталады?  Оқу    Неше  бөліктен  тұрады?

— Митя  қай жыл  мезгілі  туралы  керемет  деп  шаттанды? Қай бөлікте?

-Қай  мезгілді  бітпесе  екен деп тіледі?

— Ең  жақсы  мезгіл деп  қай мезгілге  тамсанды? Неше  сөз  арқылы  өзінің тамсануын жеткізді?

-Неткен тамаша  мезгіл! деп қай  мезгілді  айтты?

— Митяның сөздерін дауыс  ырғағын  келтіріп  оқу

— Лепті сөйлемді  дауыс  ырғағын келтіріп  оқу.

д)Дұрыс  емес  жоспармен жұмыс.

-Менің жоспарыммен келісесің бе?

айтқан ойлары  бар  жазбаны  көрсету

Қосымша  тапсырма:

Тағы  бір  әңгімесін   оқушы  айтып  береді.

К.Ушинский «Ертегі   Қыс кемпірдің әлегі».

Сабақты  қорытындылау

  • Кімнің әңгімесімен таныстық?
  • Ол кім?
  • Сонымен қай  жыл  мезгілі жақсы  екен?

Қорытынды:    Жылдың әр  мезгілі керек және ең маңызды!

-Сендердің  тілектерін Митяның тілегімен  сәйкес  келді ме?

Кәне  тақырыпқа  сай  мақалдар  оқиық.

Қысқа шанаңды  жаз  сайла.

Сәуір  болмай, тәуір  болмас

Күз- молшылық белгісі

Презентации «Жыл мезгілі».

Кәне,  жылдың әр  мезгіліне  қонаққа  барайық!

3, 4 слайды «Жаз», «Күз»

  1. Синквейн. Жыл мезгілдер туралы синквейн жаздыру.

Синквейн- бұл өзінің белгілі құрамы  бар миниатюрлі  5 жолдан тұратын тақпақ

  • 1 жол —  синквейн тақырыбы ( қыс ).
  • 2 жол — (2 сын есім).
  • 3 жол — (3 етістік).
  • 4 жол –автор ойы (4  сөзден тұратын  сөйлем).
  • 5 жол –асоссация

Мысалы  синквейн:

Қыс

Қарлы,  аязды.
сықырлайды, домбықтырады, үсіреді.

Балалар  үшін  қызықты мезгіл.
Аяз.

  1. Үй тапсырмасы — жыл  мезгілдері  туралы басқада шығармалар  оқу