«Өнегелі отбасы» тақырыбында сайыс

 

Сабақтың мақсаттары:

Келешек ұрпақтың  көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту.

 

Сабақтың формасы: Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: «Мен және отбасым» атты қабырға газеті, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар!

Бүгін біз келешек ұрпағымыз көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Өнегелі отбасы» тақырыбында сайыс сабақ өткізгелі отырмыз.

Адам артына із қалдыру үшін жер бетінде, басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде із қалдыру үшін  туады демекші, ата – ана өмірге ұрпақ әкелген соң оның жақсы азамат болып өсуіне, тәрбиесінің дұрыс болуына мән беріп, аса бір ілтипатпен қарайды. Ал осындай саналы да тәрбиелі ұрпақтың өсуіне ата – анамен бірге мектеп ұжымы да бірдей ат салысады.

Балалық шақ – адам өміріндегі қайталанбайтын маңызды шақ. Балаға деген қарым – қатынасымыз о бастан қандай болса, баланың жеке басы соған қарай қалыптасады. Баланың жеке бас қасиеттерін дер кезінде байқау – келешекте оның жақсылыққа жақын болуына, ата – ананы қадірлеп, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

 

Сіздерді бүгінгі сабағымыздың қонақтарымен таныстырып өтейін:  (отбасылар)

 

Сайыс шарттары мынадай:

  1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» — таныстыру.
  2. «Білгенге – маржан…» — сұрақ-жауап.
  3. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» — қолөнер бұйымдарын қорғау.
  4. «Тәрбие тірегі отбасында» — жағдаят сұрақтарына жауап беру.
  5. «Өнерлі өрге жүзер» — отбасылар өнері.
  6. «Баланың бас ұстазы – ата — ана» — тірек – схема құрастыру.

 

Бүгінгі сайысымыз екі түрлі жолмен бағаланады:

  • Әділ қазылар алқасының көмегімен: (Әділ қазылармен таныстыру).
  • Тәуелсіз сарапшы көмегімен (Қорапшаны көрсетіп, түсіндіру).

 

  1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» — таныстыру.
  2. «Білгенге – маржан…» — сұрақ-жауап.

 

 

 

 

№1 отбасына қойылатын сұрақтар:

 

  1. Үш би  — Әйтеке, Төле, Қазыбек.

 

  1. Адасқанда бағыт көрсететін жұлдыз – Темірқазық.

 

 

  1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары – Домбыра, қобыз, жетіген.

 

  1. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата — Әнұран, елтаңба, ту.

 

 

  1. Бала өмірге келгенде болатын той – Шілдехана.

 

  1. Сынған сүйекті салушы – Сынықшы.

 

 

  1. Мұсылман дінінің пайғамбары – Мұхаммед Пайғамбар.

 

  1. Ұясы жоқ құс – Көкек.

 

 

  1. Оралхан Бөкейдің туған жері – Катонқарағай.

 

  1. Бала – балың,

Немере …(жаның).

 

№2 отбасына қойылатын сұрақтар:

 

  1. Жеті күн – Дүйсенбі, сейсенбі,…

 

  1. Бір мүшелде неше жыл болады? – 13 (12).

 

 

  1. Қырық өтірікті айтқан бала – Тазша бала.

 

  1. ҚР мемлекеттік тілі – Қазақ.

 

 

  1. Қуанышты хабар үшін сұралады – Сүйінші.

 

  1. Қажымұқан Мұңайтпасұлы кім? – Палуан.

 

 

  1. Ағаштан жасалған су тасуға арналған құрал – Иін ағаш.

 

  1. Жылқыда өт жоқ, құста … (сүт жоқ).

 

 

  1. Ш. Уәлиханов қай облыста дүниеге келген? – Қостанай.

 

  1. Әке – асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ, Бала — … (жағасындағы құрақ).

 

 

№3 отбасына қойылатын сұрақтар:

 

  1. Қазақтың киелі сандары – 3,7,9,…

 

  1. Қазақтың атақты күйшілері – Құрамнғазы, Дина, Қазанғап.

 

 

  1. Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер – Алдар Көсе.

 

  1. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? – 1995 жылы.

 

 

  1. Балалр дүниеге келмей жатып екі жақтың құдаласу салты – Атастыру.

 

  1. Қазақта халық емшісін кім деп атайды? – Тәуіп.

 

 

  1. Талқан түюге арналған көне құрал –

Келі, келсап.

 

  1. Бақыт құсы – Аққу.

 

  1. Абай мұражайы қай жерде орналасқан? – Семей.

 

10.Бала тілі — … (бал).

 

Музыка пәнінің мұғалімі Нұрлы Бағдәулетқызының орныдауында «Ұрпаққа өсиет» термесін қабыл алыңыздар!

 

  1. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» — қолөнер бұйымдарын қорғау.

А) Өздері жасап келген заттарын қорғау.

Ә) Киіз үй бөліктерін құрастыру. –

 

Осы кезде 5 «Б» сынып оқушыларынан құралған шағын оркестрдің орныдауында Дәулеткерейдің күйі «Қос алқа».

 

Тақтадағы мақал –мәтелдердің мағынасын ашу.

 

  1. «Тәрбие тірегі отбасында» — жағдаят сұрақтарына жауап беру.

 

№1 отбасына қойылатын сұрақтар:

Ата – анаға:

Балаңыз кішкене дауыс көтерсеңіз болды, «үйден кетемін» деп ашулана бастайды. Мұндай жағдайда қандай шара қолданар едіңіз?

 

 

Балаға:

Ата – анаң қатты дауыс көтерсе немесе ұрса сен қандай әрекет жасайсың?

 

 

№2 отбасына қойылатын сұрақтар:

Ата – анаға:

Балаңыз мектепте сынып жетекшісімен келіспей қалды. Жағдай ушығып барады. Бала, тіпті мектепке барғысы келмейді. Сіз қандай жол табар едіңіз?

 

 

Балаға:

Сынып жетекшісімен келіспей қалсаң, не істер едің?

 

 

 

№3 отбасына қойылатын сұрақтар:

Ата – анаға:

Сіз балаңыздың өзінен үлкен балаға ақша беріп жүргенін көршіңізден естідіңіз. Сіздің әрекетіңіз?

 

 

 

Балаға:

Жасы үлкен бала сенен ақша талап етеді. Осы жағдайда не істер едің?

 

Қазақ халқының ұлттық биі «Қара жорғаны» назарларыңызға ұсынамыз.

 

 

  1. «Өнерлі өрге жүзер» — отбасылар өнері.

 

  1. «Баланың бас ұстазы – ата — ана» — тірек – схема құрастыру.

 

 

 

 

 

«Тәрбие көзі не?»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ата – ана алдындағы борышым»

 

 

 

 

 

Көрермендермен сұхбат жүргізу: Қай отбасы жеңіске жетеді деп есептейсің?

 

 

 

Қорытынды: Мұғалім жалпылама қорытынды жасап, әділ қазылар алқасы берген бағасысмен таныстырып мынадай номинациялар бойынша марапаттаулар жүргізеді:

  1. «Өнегелі отбасы»;
  2. «Ең өнерлі отбасы»;
  3. «Ең білімді отбасы».