Жасыл шырша. Жасыл түс
Күні: 29.12.2011ж
Оқушы:Шиниязов Арсен
Сабақтың тақырыбы: «Жасыл шырша. Жасыл түс»
Сабақтың мақсаты: Оқушыға мейрам туралы түсінік беру.
Жасыл шырша арқылы жасыл түсті
білуге, ажыратуға үйрету.
Дидактикалық ойын арқылы жасыл
түсті меңгерту.Сөздік қорын
молайту.
Түзеу мақсаты: Ой-өрісін дамыту, ойын іскерлігін
қалыптастыру.Ұсақ моторикасын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Жасыл шырша, суреттер.
I Ұйымдастыру бөлімі
а) Амандасу
б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II Жаңа сабақ.
I Тапсырма
Оқушыға суреттерді көрсету арқылы жаңа жыл мейрамын түсіндіру.
-Мынау не?
— Жасыл шырша.
-Шыршаның түсі қандай?
-Жасыл.
— Мейрам күні бізге кім келеді?
— Аяз ата мен ақшақар келеді.
— Сен мейрамға қандай киім киіп барасың?
— Сайқымазақ.
II Тапсырма
Жасыл шыршаны безендіру.
Әр түрлі ойыншықтардың ішінен жасыл түсті ойыншықтарды тандап алып, шыршаға ілу.
III Сергіту сәті:(Әуенмен)
Тербеледі шыршалар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай шыршалар,
Ұп-үлкен боп өседі.
IV Қима жасыл шыршаның суретін құрастыру.
Оқушыға берілген қима жасыл шыршаның суретін дұрыстап құрастыру.
V Компьютермен жұмыс.
Мышка арқылы жасыл түсті таңдап шыршыны бояу.
VI Саусақ жаттығу
- «Шарик»
- «Терек»
VI Жапсымма жасау.
Түрлі-түсті қағаздарды, кардонды пайдаланып шырша жасау.
VII Қорытынды
- Мынау не?
- Шырша.
- Қандай түсті шырша.
- Жасыл түсті.
VIII Үйге тапсырма
Суретті жасыл түспен бояу.