Ж.Смақов «Айтшы әжетай»
Сабақтың тақырыбы: Ж.Смақов «Айтшы әжетай»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Ж.Смақовтың «Айтшы әжетай» өлеңімен таныстыру және мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушыларды сауатты ,мәнерлі,әсерлі оқуға баулу.Шығармашылықмен жұмыс істеуге ықпал ету,ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі: Туған жерін қастерлеуге,адамгершілікке,білімділікке тәрбиелеу.Еңбекке баулу.Үлкендердің еңбегін бағалауға,құрметтеуге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Әдіс –тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Интериактивті тақта,слайд.
Пән аралық байланысы: Дүниетану,музыка,еңбекке баулу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық:
(Слайд) «5» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз
Үй тапсырмасымен жұмыс: «Мысық пен тышқандар»
- Ертегіні мәнерлеп оқыту
- Мазмұнын айтқызу
- Тәрбиелік мәнін ұғындыру
Өткен сабақты бекіту:
(Слайд) Өткен сабақ бойынша қысқаша түсінік беріп, жаңа сабақпен байланыстыру.
(Слайд) Сөзжұмбақ шешу:
ә | ж | е | ||||||
а | т | а | ||||||
к | а | р | ы | н | д | а | с | |
а | ғ | а | ||||||
н | е | м | е | р | е |
- Әкеңнің шешесі кім?
- Әкеңнің әкесі кім?
- Ер баламен бірге туған жасы кіші қыз бала?
- Бірге туған, өзіңнен жасы үлкен ер бала?
- Ұлдың баласы?
Жаңа сабақ: «Айтшы әжетай»
Сабақтың мақсатымен таныстыру
(Слайд) Мақсаты: Еңбекке баулу. Үлкендердің еңбегін бағалауға, құрметтеуге үйрету.
Белгілі балалар ақыны Жақан Смақов туралы мәлімет
(Слайд) Автор суреті,Ж.Смақов 1932ж Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданы,Ынталы ауылында дүниеге келген.Ж.Смақовтың «Сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастық сыры», «Ойындар мен жұмбақтар» өлеңдер жинағы басылды.Бұлардан басқа «Біздің атай Түсекең», «Қартаймайтын кісі екен», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деп аталатын сурет кітапшаларын бастырды.
Нақыл сөздермен жұмыс:
(Слайд)
Ата –асқар тау.
Ана-бауырындағы бұлақ,
Бала –жағасындағы құрақ.
Нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.
Ой қозғау: Осы нақыл бойынша қандай сурет салуға болады?
(Слайд) Тау,бұлақ суреті
Оқулықпен жұмыс:
«Айтшы әжетай»
(Слайд) Әже мен бала
Ж.Смақовтың «Айтшы әжетай» өлеңін мәнерлеп оқу.
Мазмұнын түсіндіру
А) Іштей оқу
Ә) Тізбектей оқу
Дәптермен жұмыс:
Ақтабан-белгілі бір аттың жеке аты.
Қаракөл қойы-қойдың түрі
(Слайд) Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық
(Слайд) Кестемен жұмыс:
Туыстық атауы Мамандығы |
Атасы Тәрбиеші Нағашысы Монтер Жеңгесі Жылқышы Ағасы Сауыншы Жиен ағасы Құрылысшы Апасы Егінші Жездесі Қойшы |
Туыстық атауларын үлгі бойынша топтастыр.
Ауызша: Әке жағынан туыс Шеше жағынан туыс
Оқушыларға сөйлету
Топтық жұмыс:
1-топ Өлеңнен туыстық қатынастарды білдіретін сөздерді теріп жазу.
2-топ Ұлттық тағам түрлерін ата,жаз
3-топ Мамандық атауларын жаз
Сабақты бекіту:
Өз туыстарың мен жақындарыңның мамандықтары туралы әңгімеле.
Біз не үйрендік?
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: «Айтшы әжетай» мәнерлеп оқу.