Отбасы.Мен және біз.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы.Мен және біз.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға отбасы,адамның отбасындағы алатын орны туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру.Жүйелі сөйлеуге үйрету.Пәнге қызығушылығын арттыру.Шығармашылық әрекетін дамыту.
3.Сыйластыққа,мейрімділікке,татулыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілік: слайд,суреттер
Пәнаралық байланыс: ана тілі,қазақ тілі
С/барысы: 1. Ұйымдастыру
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
Психологиялық дайындық.
Слайд:
Қуан,Шаттан! Алақай!
Қуанатын келді күн
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты бүгінде күн!
Слайд: 2.Үй жұмысын тексеру.
Құстардың жазғы тіршілігі.
Ақерке 1. Жазда құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады.
Сәнімай: 2. Үй құстары мен жабайы құстар тіршілігін салыстыр.
Бекзат 3. Құс фермалары қандай мақсатта құрылған.
Жаңылсын 4. Қандай үй құстарын білесің?
3.Байланыстыру.
Құстардың бір-біріне қамқорлығы
Адам сияқты өз балапандарына тамақ су беріп,балапандарын қорғайды.Адамдар құстарға қамқорлық жасайды.Адамдар бір-біріне қамқорлық жасайды.
Слайд 4: Жаңа сабақ.Жұмбақ шешу.
Маған да,саған да
Жақын туыс бес адам
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы,солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәріде өз жұртың
Айтады,кәне кім атын?
Слайд: Ата.Ана.Апа.Аға.Іні
Осы кісілерді басқа сөзбен қалай айтуға болады?
Отбасы.Жанұя.Семья
Олай болса,бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Отбасы» «Мен және біз»
Отбасы туралы не білеміз?
Слайд:
Ата-әже
Әке шеше іні
Туыс |
Аға апа қарындас
5.Оқулықпен жұмыс.
1.Мұғалімнің оқу.
Слайд: Отбасы туралы сурет.
А) Іштей оқу
Ә) Шынжырлап оқу
6.Сұрақ-жауап.Тапсырмалар
Слайд: 1. Отбасында кімдер барын айт
2.Отбасыңа сенің қандай көмегің тиетінін айтып бер .
3.Үлкендер саған қандай көмек беретінін әңгімеле.
- «Ризашылық» деген сөздің мәнін түсіндір
- «Туыс» деп кімдерді айтады?
- «Мен және біз» дегенді қалай түсінесің?
- Анаңның қандай туыстары бар?
7.Сергіту сәті.
Қәне қана жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып- ұшып алайық
Орнымызға қонайық
8.Дәптермен жұмыс.
Қаңтардың 18-і
«Отбасы» «Мен және біз»
Жеті атасын жазады.
Слайд: Ата,бала, немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.
9.Ана тілінен Отбасы туралы жаттаған тақпақтарыңызды айту.Отбасы туралы мақал-мәтел айту.
10.Шығармашылық ой.
І-қатар «Менің атам»
ІІ-қатар «Нағашы атам»
11.Бекіту.
Не үйрендік?
Не білдік?
Сұрақ-жауап
12.Қорытынды. Бағалау
Үйге тапсырма: Отбасы.Мен және біз