Құстар келді

Тақырыбы: «Құстар келді»

Мақсаты: біл: Өлеңнің мазмұнын аша отырып, құстар өмірінен кейбір мағлұматтарды толықтыру, өлеңді

мәнерлеп оқу әрекетін қалыптастыру.

дам: Жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың көркем шығармаға деген қызығушылын ояту, оларға

өздігінен жұмыс жасауға бағыт беру, сөз өнерін шығармашылықпен игеру қабілеттеріне жағдай

туғызу, ой-өрісін дамыту, тіл байлығын дамыту.

тәрб: Құстарға табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қамқорлық жасауға, табиғатты сүюге және оны

қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: Дәстүрлі емес (саяхат)

Типі: Жаңа білімді игеру

Әдісі: Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері, сын тұрғысынан ойлау технологиясының тәсілдері

(белсенділік орталықтары, ассосация, бес жолды өлең, эссе)

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қаламсап, оқулық, жұмбақтар, сөзтізбек, көктем мезгіліне байланысты сурет

Барысы:

  1. Ұйымдастыру: Оқушылардың оқу құралын түгелдеу, сабаққа назарын аударту.
  2. Психологиялық дайындық.
  • Балалар саяхатқа шыққыларың келе ме?
  • Ол үшін кедергілер кездессе не істеу керек?
  • Олай болса геометриялық фигуралар арқылы белсенділік орталықтарына бөлінейік.
  • Үшбұрыш (оқу орталығы)
  • Шаршы (жазу орталығы)
  • Дөңгелек (өнер орталығы)
  • Тіктөртбұрыш (зерттеу орталығы)

 

  • Жаңа сабақ.

а) қызығушылығын ояту (жұмбақтар)

  1. Түгі қара мамықтай Ұшса оқтай зулайды,

Төсі ақ сыр жаққандай.      Көктен жұлдыз аққандай.   (Қарлығаш)

  1. Тал басында түндіксіз отау. (Ұя) 4. Орманда жоғары
  2. Өзі сақ, өзі ұсақ. Ағашқа қонады

Шықылықтап тұрмайды.                                                   Тұмсығын балға қып,

Құйрығы ұзын, өзі ала                                                       Тоқ-тоқ соғады.  (Тоқылдақ)

Жауабын тап, бұл қай құс?   (Сауысқан)

  1. Ақ сарайды талқандап, 6. Хат тасушы аты бар

Шықты біреу талтаңдап.       (Балапан)                            Тыныштықтың белгісі

Білсеңдер қане айтыңдар

Үй маңына үйір құс.  (Кептер)

б) сөзтізбек

 

  1. Қ а р л ы ғ а ш
  2.    Ұ я
  3. С а у ы с қ а н
  4. Т о қ ы л д а қ
  5. б А л а п а н
  6.      к е п т е Р

 

Мына ерекше торкөздегі сөзді оқимыз. Бүгінгі сабағымыз не жайында екен? Олай болса бүгін біз құс базарына саяхатқа шығамыз. Құс базарына жету үшін құстардың жолындағы кедергілерден сүрінбей өтуіміз керек. Ол кедергілер: құстар жиыны, өзен-көлдер, таулар, туған өлке. Осы кедергілердегі тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба? Тапсырмаға кіріспес бұрын бүгінгі сабаққа назар аударайық.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Құстар келді» (авторы Т. Молдағалиев)

-Авторға кіріспе.

-Ой толғаныс:

  • Құстар қайдан келуі мүмкін?

 

  1. Мағынаны ашу. Оқулықпен жұмыс істеу.

а) мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы

ә) топтарға тапсырма

 

1-топ (оқу орталығы)

  1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
  2. Өлеңде қандай құстар туралы айтылады? Оларға қандай қамқорлық жасауға болады?
  3. Өзің білетін құстарға ассосация жаса.

2-топ (жазу орталығы)

  1. Оқулықтағы сурет бойынша эссе жазыңдар.
  2. Жаңылтпашты жатқа айт.

Көк тырна,

Көп тырна,

Тыраулап тек,

Көп тұрма.

3-топ (өнер орталығы)

  1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
  2. Құстар туралы қандай өнерлерің (ән, тақпақ,ермексаз және түсті қағаздан құс жасау) бар?

4-топ (зерттеу орталығы)

  1. Құстардың қандай пайдасы бар? (дәптерге жазыңдар)
  2. Өзің тұратын өлкедегі құстарды ата.
  3. Венн диаграммасын толтыр.

 

 

  1. V. Сергіту.

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына.

Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамаса болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

 

  1. Бекіту (кедергілер: құстар жиыны, өзен-көл, таулар, туған өлке)
  2. Туған жерге ең бірінші оралатын қандай құстар?
  3. Туған жерге оралған құстарға аман жүр деген өлең жолдарын табыңдар.
  4. Авторы неге аман-есен жүр дейді?
  5. Туған жерге оралып, ұяға жайлы орын іздеген құстарға көмек көрсет.

 

VII. Қорытынды, бағалау.

— Міне, біз құс базарына да жеттік (интерактивтік тақтадан құстар үні естіледі, суреттер көрсетіледі)

Зерттеу орталығына қосымша мағлұмат.

Дуадақ – кең жазық даланы мекендейді. Басы, мойыны сұр, денесі мықты құс. Әр қадамы 3 метрге дейін жетеді. 1800-2000 метрге дейін ұшады.

Тауыс – Үндістаннан әкелінген, 5-6 жұмыртқалайтын, өсімдікпен қоректенетін құс. Оның ғажап көркі адамды қызықтырады.

Бұлар Қызыл кітапқа енген құстар.

 

VIII. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Құстар туралы қызықты мағлұматтарды жазып келу.