«Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу
Отбасы.
Мақсаты: «Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу.
Міндеттері: -отбасы туралы тусінік беру;
-отбасына деген жағымды қарым-қатынастарын дамыту;
-отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі-құралдар: Суреттер.
Шаттық шеңбері: —Қайырлы таң, балалар!мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.Бүгінгі сабағымызда отбасымыз туралы әңгімелесетін боламыз.Адам дүниеге келеді,айналасына қарап өседі,айтыңдаршы, сәби дүниеге келгенде ең алғаш кімді бірінші көреді?
-Анасын.
Көрнекілікпен жұмыс,слайд арқылы отбасы туралы түсінік беру.
Әңгімелесу:Балалар мен сендерге А.Асылбектің «Жанұя» өлеңін оқып берейін;
Жанұя
Сенде де бар жанұя,
Менде де бар жанұя.
Үлкенде де, кішіде,
Жанұя бар әрбір кісіде.
Балалар «Жанұя» дегенді қалай түсінесіңдер?
Таулық Сыйластық
Жанұя |
Сүйіспеншілік Шаттық
Ойын: «Көршіңе қуаныш сыйла» атты ойын ойнатылып,көңілдері көтеріледі.Ойын ырғақты әуенмен өтеді.Ойында балалар көрші достары туралы өз ойларын айтады.
Дәйексөз: «Адамға ең қымбат-отбасы»деген халық даналығын бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі ретінде түсіндіру.
Отбасы –бұл сенің ең жақын адамдарың:атаң,әжең,әкең,анаң,бауырың,інің,әпкең.
Дәптермен жұмыс: -Дәптерде берілген үйдің терезелеріне отбасы мүшелерінің суреттерін салыңдар.(әке,ана,ата,апа,іні).
Сергіту сәті: Қимыл-қозғалыспен көрсету.
Атамның алып күрегін, Су әкеліп беремін.
Ауланың қарын күредім. Еденді де жуамын,
Әжеме мен құдықтан, Шаң-тозаңды қуамын.
Қорытындылау:
—Бүгін сабақта біз отбасымызды жақсы көруге,отбасындағы адамдарды сыйлауға,көмектесуге үйрендік.Отбасы бізді жақсылыққа,әдептілікке үйрететінін білдік.
Жүректен жүрекке:
Балалар мына ойыншық жүрекшені қолымызға ұстап Н.Айтовтың өлеңін бірге айтайық:
Бір шаңырақ астында, Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.