Шырайлы -Шығысым

Сабақтың тақырыбы:  «Шырайлы -Шығысым»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды туған өлкесін сүюге , аялауға ,қорғауға баулу , өлкеннің шұрайлы жерлерін сақтап қалуға өз үлестерін қосуға жұмылдыру , әсемдікке баулу  ,экологиялық білімдерін молайту.

Дамытушылық: Атамекенді  ардақтау сезімдерін дамыту .

Тәрбиелік : туған жерін көркейтуге ат салысу,еліне адал қызмет  етуге тәрбиелеу. Өз бетімен ізденіге зерттеушілікке үйрету.

Сабақ түрі: тренинг

Көрнекілігі: слайдтар, гүлдер  жүрекше,Туған ел туралы әндер жинағы

Шаттық шеңбері

-Балалар , бәріміз ортаға шығып , «Шаттық-шеңберін» құрайық .

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бірге келсін қуаныш нұр іздеген

Шуақ толған жанымыз , жүрегіміз.

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Дей отырып Е. Хаснғалиевтің  «Атамекен» әнін орындайық.

Интерактивті тақта арқылы Шығыстын әсем табиғатын көрсету.

Миға шабуыл

Сен Шығыстың табиғатын қалай сақтар едің?

Әр  оқушының жеке пікірі  тыңдалады.

Толықтыру

Қарасам Қазақстан картасына,

Орнаған бар байлықтың алқасына .

Арайлы Атамекен – туған жерім.

Мен үшін сенен артық әр тасың да .

Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені . Тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрсе жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат ,Жер- ана, Атамекен ,туған жер –Ана. Атамекен , туған жер , ауылым деген сөздерде терең ұғым бар, ол- әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені. Туған жердің барлық табиғи қадір- қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойына тарайды .

Оқу ақпараты

Атамекен ,Атажұрт ,Туған жер .Бұл –ең қасиетті ұғымдар.Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі  өте терең . Табиғатты ұғына білу, онымен сырласа білу ,оның қасиетін қастерлей білу әр адамның борышы..Табиғаттың адам өміріне аса зор пайдасы бар. Ондағы түрлі өсімдіктер , гүлдер,сонымен қатар ағаштардың (емен,қарағай, қайың ,терек,шырша,арша,балқарағай,т.б.) адам денсаулығына тигізетін үлесі зор.

Пайдасымен қатар туған жерді ардақтау  оны қасиет тұту –қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма: Тек қана жасыл түсті пайдалана отырып ,туған жердің суретін салыңдар.

2- тасырма: Өз өлкеннің табиғатына қамқорлық туралы қысқаша жазыңдар

Шығармашылық жүмыс.

Шығармашылық жұмысты Туған жерге , Атамекенге арнап шығарған төл туындыларыңыз бар ма ?

Атамекен, атақоныс несімен қымбат?

Халқымыздың мақтанышы болған батыр атамыз Б .Момышұлы ; «Сұлулық дегеннің тамыры  табиғаттану  дегенде жатыр. Мысалы ,гүлді алайық . Сол гүлдерге  біз сұлу емессің  деп айта алмаймыз. Ол табиғаттың жасаған сұлулығы. Аңдардың ішінде сұлулар аз емес.Құстардың ішінде қаншама сұлулар  бар.?  Сол себепті  де ,қарағым , сұлулық деген нәрсенің  өзі  табиғаттың көркі … Осы күнде ғалымбыз  деп жүрміз , бірақ табиғатқа қарсылық ету — күнә  » деп табиғат сұлулығын сезіне білу және оны аялау  қажеттігін ескерткен .

Сәйкестендіру тесті:

Шығыстың махаббат кесенесі                            Сібе көлдері

Сақ дәуіріндегі өмір сүрген

адамдардың асыл мұрасы қай

жерден табылды?                                                    Рахман көлі

Қазақстанның ең биік нүктесі                                Қозы Көрпеш- Баян сұлу

Биіктігі 80 м жерден құлап

аққан сарқырама                                                      Әулие бұлақтар

Шығыстағы егіз көлдер                                          Берел қорғаны

Оралхан Бөкейдің туған жері?                               Мұзтау

1750 м биіктікте орналасқан көл?                          Шыңғыстай ауылы

Шипалы бұлақтар                                                     Көккөл сарқырамасы

«Жүректен –жүрекке »

Оқушыларды шеңберге жинап, қолдарына гүлдерді таратып , оның нәзіктігіне  ,әдемілігіне назар аударту:Мұғалім өз гүлін тілегін айтып  жанандағы балаға береді ол гүлді өз гүлімен қосып  тілегін айтып келесі оқушыға береді. Гүлдер бірте-бірте үлкейіп  гүл шоғына «Тілек шоғына  » айналып  мұғалімнің өзіне қайта айналып келеді

Сендер міне бір-біріне тілек тіледіңдер. Сол тілектерің жақсылық болып, өз отбасыларыңа өз  ауыл қалаларыңа жасаған тілеген      жақсылықтарың.Әрбір жақсы ой, ізгі істерің осы гүл шоғы сияқты үлкейіп  өзіңе одон үлкен жақсылық болып оралады.