Ауған ақиқаты

Ауған ақиқаты

1.Қонақтарға құттықтау сөз арнау:

2.Кештің мақсаты: 1) Оқушыларды 15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне 21 жыл толуына орай қазақстандықтардың, ерлік істерімен таныстыру, ой-өрісін дамыту.

  1. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баулу.

4.Көрнекілік: Кештің тақырыбын ілу, фота сурет, нақыл сөздер, шарлар, шақыру билетін тарату.

  1. Кіріспе бөлім: «Ауған ақиқаты» туралы баяндама 1 минут үнсіздік. Отан үшін мерт болған жандарды еске алу.
  2. Негізгі бөлім: Келген Ауған соғысына қатысқан қонаққа сөз кезегін беру, сұқпат.
  3. Қорытынды бөлім: Оқушыларға ән шашу.
  4. Қонақтарға сыйлық тарату.

 

Құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары! 15 ақпан «Кеңес әскерінің» Ауғанстаннан шығарылғанына 21 толуына орай өткелі отырған                       «Ауған ақиқаты» атты кездесу кешін бастауға рқұсат етіңіздер.

Енді, осы ауған жерінде қаза болған жауынгерлерімізді 1 минут еске алайық.

Ұрпақтар толқындары алмасуда

Ұлы істер  керуені алға асуда,

Жан аға ерлігіңнің мирасындай

Жасампаз терсектермен жалғасуда

 

Қыран құсым көк аспанда самғасын

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр

Жас ұландар биік ұста туыңды

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

 

Нық басайық, анығырақ табанды

Тең ұстайық, ширақ аттап

Көтер есе, құрыш білек-жауынгер

Рухты бол, жеңілмейтін табанды!

Ауған соғысының ардагері, бүгінгі кешіміздің қадірменді қонағы

Нуржауов Бауыржан Какимжанұлы 1967 жылы Семей облысы Шұбартау ауданы Эмельтау ауылында дүниеге келген. 1974-1984 жылдары Т.Көбдіков атындағы орта мектебінде оқып бітірді.

1985-1987 жылдары әскер қатарында, Ауғанстан жерінде Логар деген провинцияда 44653 әскери бөлімінде барлаушы болып қызмет атқарады.

1989-1993 жылдары Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы педагогикалық институтының «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі мұғалім» манадығын бітірді.

1993 жылы Шұбартау ауданының әскери комиссарының орынбасары, Аягуз ауданы, Зайсан ауданы, Ақмола облысының Шортанды ауданында жұмыс істеді.

Ендігі кезекте Нұржауов Бауыржан Какимжанұлына сөз береміз.

Мектебіміздің оқушылары сіздерге арнап «Мен қазақпын» биін орындап береді.

1979 жылдың 25-желтоқсанынан 1989 жылдың ақпаны, яғни, 9 жылдан аса уақыт бойы кеңес әскерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді. Кеңес одағы басшылығының қаулысымен олар Ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеді. 14 мыңға жуық кеңес жауынгерлері бұл соғыста үйлеріне оралмады. Олардың ішінде Қазақстандықтар да бар еді. Қайғы мен қасірет әкелген бұл соғыс Қазақстан жерін де айналып өтпеді. Ұрыста қаза болған жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгіге сақтау қасиетті борышымыз.

Оларды ұмытпас үшін естеліктер айтылып, ескерткіштер орнатылып, мәңгілік алаулар жағылды. Осы дәстүр біздің Қазақстанымызда да сақталған.

Соғыстың адам баласына әкелер зардабы мен қасіреті шексіз екені баршаға аян. Бұл соғыстан қанша боздақтар оралмады. Сол боздақтардың аналары әлі күнге дейін қара жамылып, қасірет шегуде. Бұл соғыста 761 адам қаза тапқан, 26 адам іс-түссіз жоқ, 1000-ға жуық адам  кемтар, 1000-ға жуық адам осы соғыстан кейін о дүниелік болды. Осы соғысқа қатысқан ардагерлерімізге арнап бір ән жолдасақ. Мектебіміздің ең кішкентай әншісі Манарбекова Айымның орындауында «Достық» әнін тамашалаңыздар.

Уа қазағым, Талай өмір өткердің

Тар заманның тауқыметін бөктердің

Ешкімдағы сөз айта алмас сөкпегін

Әлем білген Наркескеннің өктемін

Қазақ жұрты қайыспайды сондықтын

Тауып өткен тіршіліктің өткелін.

Ортаға «Лашын» тобының оқушысы: Нәзікті шақырамыз. Нәзіктің орындауында «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін қабыл алыңыздар.

Білем мен қашаннан да жақсы өлмесін

Ұмытылмас жылдар өтіп көрем ылғи

Ауғанның батырының жас бейнесін

Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды.       Ауғаныстан туралы біз не білеміз?

Ауғаныстан бұл ежелден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Бірақ, бұл ел бізге ұмытылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз.Біреудің жүрек ұлын, біреудің бауырын бұл жағанда жұлып әкетерін кім білген. Адам тағдырына көнеді, бірақ, ұлынан айырылған ана көне ме? Ол әлі де ұлын келеді деп үміттенуде.

«Отаным-Қазақстан» әнін тамашалаңыздар. Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кездегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес.

Солардың ішінде ауған жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті.

Кешімізді аяқтай келе  келешек жас ұрпақ сендердің бойларыңда, жүректеріңде. Отанды сүю, қорғау, Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім, бейбіт өмір, Қазақстанымызда бұндай зұлымдық болмасын, болашақ ұрпақ дінімізді құрметтеп, қастерлеп осындай жақсы қасиеттер бойларыңда, жүректеріңде ұяласын деп тілек білдіреміз.

Тағы да ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылып, соғыстың аяқталғанына 21 толуымен құттықтаймыз.

Кенжебеков Ерсін мен Жеңісқалиева Маржанның орындауында «Отаным Қазақстан» әнін тамашалаңыздар.