«Салт-дәстүрді білесің бе?» Викториналық сұрақтар сайысы
«Салт-дәстүрді білесің бе?» Викториналық сұрақтар сайысы
Армысыңдар, құрметті халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Қош келдіңіздер сұрақ сайысымызға.
Наурыз құтты болсын деп айтамыз!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз мерекесі баршамызға құт-береке әкелсін!
Кел, Наурыз, тарихымдай ғұрпым асыл,
Ақтарып тереңдерден жыр тумасын.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз мерекесі баршамызға құт- береке әкелсін!
Ойын шартымен таныстыру:
Бірінші айналым:
Әр сынып оқушыларына сұрақтар қойылып, сұраққа жауап берген оқушылар ортаға шақырылады. Бір сыныптан екі оқушыдан.
Екінші айналым:
Оқушыларға сұрақ қойылыды, сұраққа жауап береалмаған оқушының ұпайы жауап берген оқушыға беріледі.Сайыс соңында ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
Үшінші айналымда соңғы торт оқушыға сұрақтар қойылып алған үпайларына қарай орын алады.Сыйлықтар тапсырылады.
Бірінші айналым:
- Қазақ халқы наурызды қашан қарсы алады?(Наурыздың 22-сі күні таңғы сағат үште)
- Халықтың түсінігі бойынша наурыздың 22-сіне қараған түні даланы кім аралайды?(Қызыр)
3.Не себепті осы түні қос шырақ жағылады?
«Жалғыз шала сәуле болмас» деп жаңа жыл табалдырықтан үйге енгенде жарық болсын деген ұғымынан. ( Отқа, күнге, жарыққа деген құрметтің белгісі).
- Не себепті таза киініп, үйді таза ұстайды ? ( « Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе , ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады» ). деген сенімге байланысты.
- Ыдыс атаулыны толтырып қою себебі не ? ( Ыдыс мол болсын деген ұғымға байланысты ).
- «Ұйқыашар» деген не? ( Бойжеткендердің өзі ұнатқан жігіттеріне арнап соғымның етін уызға салып пісірген тағамы.)
- « Селт өткізер», « дір еткізер» деген не? ( Жігіттердің қыздарға арнаған сыйлықтары).
- Ұлыс күні қар не жаңбыр жауса , неге жарыған ? ( Нұр жауды, « туар жыл жақсы болды» ) деп қуанған.
- Қос қолдап амандасып, тос соғыстырудың қандай мәні бар ?
( « Өмір тірегім – төсім , тіршілік көзім екі қолым аман –сау болсын !» ) дегенді білдіреді.
- Отпен алыстау себебі не ? ( От киелі сондықтан «алыс-алыс пәледен қалас !» деп айналысты отпен аластап, тазалайды.
- Наурыз көже неше түрлі тағамнан жасалады ? оларды атаңдар .7 .( соғымнан қалған сүр ет , сүт . езілген құрт, бидай, пияз, сәбіз, қойдың басы) .
- « Жаңа туған Наурызды шомылдыру» деп аталатын салт жөнінде не білесің? ( Топ-топ адамдар билеп, от ұстап арыққа , не өзенге барады. Олар жағалай жайғасып, суға шомылаты.) бұлда тазарудың белгісі .
- « Қасиетті көк өгізді күту» нені білдіреді.( Наурызға болжау жасатуды білдіреді. Ауыл адамдары түнде жиналып көк өгізді күтеді. Ол екі рет мөңіресе керісінше болады деген ұғым бар.)
- Наурыз тілек – Наурыз күнгі амандасу, бата тілек айту.
- Наурыз төл – Наурыз айында туған төл . төл басы деп аталады.
- Наурызша — Наурызда түскен қырбақ. Қарайған жерді жасыра алмай қыраулап жауған жұқа қар .
- Наурызшешек – Наурыз айында гүлдейтін көпжылдық өсімдік .
- Наурыз жыры – Жаңа жыл – Наурызға арнап айтылатын тұрмыс –салт жырының бір түрі .
- Наурыз бата – Наурызға арнап сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәміне берілетін арнаулы бата .
- «Самалық» деген не? (Самалық – самал деген мағынаны білдіреді.) Наурыз күні даланы Қызыр баба аралап , Самарқанның көк тасын ерітеді деген адамдар самалық айтады.
Самалық, самалық ,
Қан тауының көк құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Самалық , самалық,
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
- « Қабақ сындыру» дегенді қалай түсінесің?
Сүт көп , көмір аз.
Жаңа жыл жарылқа ,
Ескі жыл есірке, — деп үйдегі ескі ыдысты (қабақты ) сындырып , «қабақ сынды , қайғы кетті деп ырым жасаған .
- Наурыз сөзі парсы тілінде нені білдіреді –Жаңа күн деген сөз.
- Наурыз күні не себепті көрісуден басталады ? (Жаңа жыл жақсылықтан басталсын .Аман-есен бір-бірімізді ендігі жылға дейін көрейік деген ырымға байланысты.
- Наурыз көжені тоя ішу –қандай ұғымға байланысты қалыптасқан? ( «Жыл бойына тоқшылық болсын» деген ырымға қатысты.
- Игі тілекпен әндетіп үй-үйді аралау дәстүрі қалай аталады? (Жарапазан.)
- « Ұлыс күні алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген ұғым нені білдіреді ? (Реніш болған , адамдарды , ағайын, дос- жараңды татуластыту.)
- Тоқым қағар – Бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі .
- Бастаңғы – Шесесі бір жаққа жолаушылап кеткенде бой жеткен қыз жасайды . Қыздың үйіне құрбы- құрдастары жиналады.
- Ата – бабаларымыз амандасқанда не себепті «Мал – жан аман ба ?»деп сұрайтын. ( Малдың орны ерекше екенін ұғындырады. Кисе киім, жесе тағам, мінсе көлік – тіршіліктің көзі болғандықтан. Малды ерекше құрметтеген.
- Сүйінші – Жақсы хабар жеткізетін кезде жасалатын рәсім. Немерелі болған әже сүйінші сұратып жас балалар мен келіндерін жан-жаққа жібереді.
Жиналған құрметті қауым,наурыз мерекесіне арналған сұрақ – сайысымызды тамамдаймыз. Келесі Наурызда да төрт көз түгел уайым – қайғысыз адамдықпен кездесейік . Бас аман, бауыр бүтін болсын.