Сөзмерген

Сөзмерген

Мақсаты:

  1. Оқушыларды өз ана тілін дамыту, таза сөйлеуге үйрету, ұлттық салт-сананы қалыптастыру. Ата – бабадан қалған ұлағатты ғибрат алар сөздерді ұғындыру, мағынасын түсіндіру.
  2. Ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету. Тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  3. Ана тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлағатты сөздерден үлгі — өнеге алуға баулу.

 

Көрнекілік: Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер, слайд.

 

Сабақтың барысы: І.  1. Оқушыларды сабаққа дайындау.

  1. Кіріспе: Құреметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі «Сөзмерген» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Ортаға «Сөзмергені» боламын деген сайыскерлерімізді шақырамыз. Сайыскерлерге сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік.

Қазақ – сөз сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Бітпес даудың, бәтуасыз шудың келісімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаятын, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын білген халық болса, ол қазақ халқы дер едік. Ендеше, бүгінгі «Сөзмерген»  сайысына келген сайыскерленге сөз кезегін берсек. Осы сайысқа келгендегі мақсатыңыз не?

 

 

1 – оқушы. 

Естіге айтқан ақыл сөз,

Шыңға тіккен тумен тең.

Ессізге айтқан ақыл сөз,

Құмға құйған сумен тең, — деп ата – бабаларымыз босқа айтпаса керек, білгенімді ортаға салайын, білмегенімді ойға алайын деп келдім.

 

2 – оқушы.

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұллтай біздің де,

Өзі біліп тұрас игі – дегендей, салт – дәстүрімізді сақтап, ана тілімізді құрметтеу мақсатында келдим.

 

 

 

3 – оқушы.

Аатадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұятты,

Өзі біліп тұрса игі, — деп би шешендеріміз айтқандай, ата жолыг қуып, ұлағатты сөздерін көрермендерге жеткізу үшін келдім.

4 – оқушы.

Адамның сәні — өнер, білім, ақылы,

Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы.

Сөздің  сәні — өнегесі, нақылы,

Пікірдің сәні – ең пайдасы, мақұлы, — деп, халқымыздың жақсы

дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жаны таза елін сүйетін ұрпақ болып өсуге, ана тілімізді құрметтеуге сыныптастарымды шақырып келдім.

 

5 – оқушы.

Сол сөздерді ұқпасақ,

Тістерсің бір күн бармақты.

Аталар айтқан ұлағатты сөздерді жаттап өсуге, мен сіздерді

шақырамын.

Жүргізуші: Дұрыс, оқушыларымыз ана тіліміздің жанашыры екенін таныта білді. Ендеше, біз сайысымызды бастайық. Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.

Сайыс үш айналымнан тұрады. Әр айналым 4 тапсырмадан болады. Сайыстың шарты бойынша әр айналымда ұпайы аз екі оқушы сайыстан шығып отырады.

Берілген сөздердің мағынасын тауып, сөз тіркестерімен айтады. Мәнін түсіндіреді. Экранда сөздер слайд арқылы беріледі. Жауап беруге оқушы қолындағы жасыл дөңгелегін көтереді. Бірінші болып, жасыл дөңгелегін көтерген оқушы алғашқы болып жауап береді.

Сайыстың бірінші айналымында оқушылар тек мақал – мәтелдерді сөздердің тіркесін тауып айтып, мағынасын түсіндіреді.

Ұпай саны аз болып, ойыннан шыққан оқушылар «Сөзмергеннің» қоржынын күнделікті қолданылмайтын, сирек кездесетін сөздермен толықтырады.

 

І.  «Кім жылдам, кім тапқыр?» сайысы

 

Қазғандай – Оқу; Жазу; Білім; Айту. (Оқу инемен құдық қазғандай)

Жауар – Парасатты; Талапты; Білімді; Ақылды. (Талаптыға нұр жауар)

Күймейсің  — Отан; Жер; Білім; Өнер. (Отан үшін отқа түс күймейсің)

Қызыл тіл — Өнер алды; Білім алды; Оқу алды; Ақыл алды. (Өнер алды – қызыл тіл)

Білім жоқ – Оқу; Тоқу; Шырақ; Білім. (Оқусыз білім жоқ)

 

Бірінші айналымда ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады және «Сөзмергеннің» қоржынына  әкелген жаңа сөздерін салады.

 

ІІ. Көрермендермен  сайыс сәті.

 

Бөкебай – сөзінің мағынасы(Басқа тартқан шәлі).

Мәміле – сөзінің мағынасы(Келісім).

Торсық – т.ж.ы.

 

ІІІ. «Тапқыр болсаң, тауып көр» сайысы

Екінші айналымда оқушылар сөз тіркесін тауып, мәнін ашып береді.

 

  1. Оймақтай – Үлкен; Дәмі кетпейді — Өте ащы;

Дәу;                                                      Өте дәмді;

Кішкене;                                              Өте тұщы;

Алып;                                                   Өте жұмсақ;

(Оймақтай – кішкене).                        (Дәмі кетпейді — өте дәмді).

 

3.Тәуелсіздік – Бақыт;                   4. Елгезек – Тілалғыш;

Бостандық;                                Жаза алатын;

Бейбітшілік;                              Оқи алатын;

Еңбек;                                        Білім алатын;

(Тәуелсіздік – бостандық)                (Тілалғыш – елгезек)

  1. Үлкен адам – Ақылгөй қарт;

Білімді жас;

Әдепті жас;

Парасатты;

(Ақылгөй қарт – үлкен адам)

 

Екінші айналымнан ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығады. Ойыннан шыққан оқушылар «Сөзмергеннің» қоржынына әкелген жаңа сөздерін салады.

  1. Көрермендермен ойын сәті.

Шәркей — киізден жасалған аяқкиім. (Байпақ)

Тұлып – малдың немесе аңның терісінен тігілген тон.

Ашамай – балаға арналып жасалған ертоқым.

 

  1. «Тауып айтқан – қауып айтады».

Ұлылар ұлағаты.  Бұл – шешендердің нақыл сөздерінің авторын тауып айтулары қажет.

 

«Жаңбыр жаумаса,жер  жетім» — Қазыбек би; Әйтеке би; Төле би;

«Алтын ұяң – Отан қымбат»Қазыбек би;  Әйтеке би; Халық; Төле би;

«Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін» — Қазыбек би; Әйтеке би; Төле би; Халық;

Отан, Отан

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке  . . . – Ұнатамын; Мақтан етем; Сүйіп өтем; Жырлап өтем;

Отан, Отан

Бәрінен биік екен

Мен оын мәңгілікке сүйіп өтем.

 

Үшінші айналымнын қорытындысы бойынша ұпай саны аз оқушы «Сөзмергеннің» қоржынына өз сөзін салады.

Жеңіске жеткен оқушыға «Сөзмерген» деген атақ беріледі. Басқа қатысқан оқушылар да марапатталады.