Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді
Тақырыбы: Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, кластары, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру.
Міндеттері:
- Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік беру
- Кәсіптік бағдар беру
- Кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру
- Кәсіптік мамандықтарға деген ынта- ықыластарын анықтау және т.б.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, схемалар, сауалнама7
Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тест, сауалнама, дидактикалық ойындар, тренингтер.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, сыныпты 3- топқа бөлу.
Тренинг: «Гүл сыйла» әр оқушы гүлді алып өзінің қалауы бойынша біреуге сыйлауды ұсынады және әр қатысушы “Мен …. (атын атау) мына гүлді сізге сыйлаймын, өйткені сіз ең….” деген сөздер айтуы тиіс.
ІІ. Негізгі бөлім:
- «Ми шабуылы» — ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? (Кластер әдісі арқылы). Әр топ өз ойын өрбітіп интер белсенді тақтада жауабын көрсетеді:
- Кіріспе: Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі тәрбие сағатында шешімін аламыз деген сенімдемін.
Слайд-2 арқылы «Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау- өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Слайд- 3
Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен мәнге ие. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Бұған мыналарды жатқызуға болады:
- Жас жеткіншектердің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі;
- Өзінің өмірлік ползициясын қорғай білуі
- Қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алу,
- Құқықтық мәдениетті дамыту.
Мамандықтарға сұранысының тұрақтылығының көрсеткіші әр мамандықтардың жұмыс орнының санынын артуына байланысты. Өз мамандықтарын таңдауда мақсатқа жету әр адамның еркіне, өмірге құштарлығына байланысты. Сонымен қатар мамандық таңдау факторларына мыналарды жатқызуға болады: слайд- 4
«Білгім келеді» — (қызығушылық, бейімділік).
Қызығушылық- қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге , оны зерттеуге деген құмарлық.
Бейімділік- қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.
«Қолымнан келеді» — (қабілет, денсаулық жағдайы).
Қабілет- адамның қандай да бір қызметті орындаудағы жеке – дара қабілеті, шығармашылық мүмкіндігі.
«Маған керек»- (қажеттілік, сұраныс)
Қоғамға әр түрлі саланың мамандық иелері қажет. Мамандық таңдауда өзіннің мамандығынның еңбек рыногындағы сұранысын білу мен қатар, болашақта өзіңнің еңбекке араласу мүмкіндігінді білу керек.
Мамандық таңдау формуласының шартты белгісі: слайд-4- 5.
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: слайд-6
Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:
- Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер
Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
- Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.
- Жоғары кәсіптік білім: ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.
Кәсіптік оқу орындары туралы ақпараттарды алауға болады: слайд-7
- Оқу орындарына түсушілерге арналған анықтамалық оқулықтардан;
- INTERNET желісіндегі компьютерлік ақпараттық- ізденіс бағдарламаларынан;
- Жарнамалық хабарландырулардан;
- Кітапханалардан;
- Кәсіптік бағдар беру және жоспарлау бөлімдерінен;
- Оқу орындарының ашық есік күндеріне қатысу және жекелей бару арқылы.
- Мектеп бітіруші түлектермен кездесу
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІПТІК МАМАНДЫҚТАРДЫ ТАҢДАУ ТИПТЕРІ: слайд 8-14.
- Реалистік (R),
- Зерттеушілік (I),
- Артистік (А),
- Әлеуметтік (S),
- Кәсіпкерлік (E),
- Дәстүрлі (С).
- ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ РЕАЛИСТІК ТИПІ (R)— Адамдармен жұмыс істегеннен гөрі, еңбектің басқа да маңызды обьектілерімен, механизмдерімен жұмыс істегенді ұнатады.
Негізгі бағыттары:
- Техникалық білім,
- Ауылшаруашылық білімі,
- Орман шаруашылығы,
- Табиғатты қорғау,
- Әскери мамандықтар.
- ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ТИПІ (I)— Ғылымға және ғылыми зерттеулер-ге, ашылуларға, жаңалықтарға және идеяларды іске асыруға бағытталған.
Негізгі бағыттары:
- математика,
- физика,
- биология,
- биомедициналық инженерия,
- генетика.
- ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АРТИСТІК ТИПІ (А)— Өзінің әсемдікке деген сүйіспеншілігін, мүмкіндігін ашуды көркем- өнерде, артистік ортада жұмыс істеуді ұнатады.
Негізгі бағыттары:
- Өнер,
- Музыка,
- Театр,
- Билер,
- Тілдерді оқу, меңгеру,
- Жобалау және дизайн.
- ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТИПІ (S)— Адамдармен қарым- қатынасқа бағытталған. Адамдарға көмектескенді және олардың мәселелерін шешкенді ұнатады
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
- Өнер,
- Әлеуметтік қызмет,
- социология,
- Кеңес беру,
- Коммуникация,
- Мектепалды тәрбие және балалардың дамуы.
- ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТИПІ (E)— Адамдарға ықпал етуге, қорғауға, ұйымдастыруға және олардың негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталған.
Негізгі бағыттары:
- бизнес-білім,
- басқару,
- маркетинг,
- құқық.
- ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТИПІ (С)— Мәліметтерді, бақылауларды өңдеумен жұмыс істегенді ұнатады және ақпараттар жүйесін басқарады.
Негізгі бағыттары:
- Бухгалтерия,
- Статистика,
- Финанс,
- Компьютерлік технология,
- Іс қағазын жүргізу.
Слайд- 15
Мамандықтар кластары | ||
Гностикалық | Қалыптастырушы | Ізденісті |
— тану — айыра білу — анықтау — ажырату — бағалау — тексеру — жұмыс қабілеті | — қалыптасыру — өңдеу — тізбектеу — реттеу — ұйымдастыру — ықпал ету | — іздену — ойлап табу — жаңалық ашу — есептеудің жаңа тәсілін табу
|
Мамандықтар тобы | |||
Қолмен айналысатын | Механикалық | Автоматты | Функционалды |
ІІІ. Тапсырмалар орындау: топтармен жұмыс:
- «Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр- сырын айту керек.
І- топ: «А», ІІ- топ: «К», ІІІ- топ: «Ж»
- Топтық тапсырма: Мамандықтардың классификациялық белгілерінің кестесі бойынша жұмыс: Слайд 16-19
Классификациялық белгілері | Еңбек түрлері және мінездемелері | |||||
Мамандықтар типтері | Адам -Техника | Адам- табиғат
| Адам- адам
| Адам- жүйе
| Адам- көркем бейне | |
Еңбек мақсаттары
| (тану, айыру, анықтау, бағалау, тексеру)
| (құрастыру, өндеу, реттеу, ұйымдастыру, әсер ету, ) | (ойлап табу, құрастыру, шешу жолын табу) | |||
Еңбек құралдары
| ҚОЛ ЕҢБЕГІ
| МЕХАНИКАЛЫҚ (машиналарды, механизмдерді басқару) | АВТОМАТТЫ (станоктарды, құрылғыларды басқару) | ФУНКЦИОНАЛДЫ
| ||
Еңбек шарттары
| Материалдық жауапкершілік деңгейін арттыру шарттары | Ерекше еңбек шарттары | Тұрмыстық тип шарттары | Ашық ауадағы жұмыс | ||
І- топқа:
- Мына мамандықтарды классификациялық белгілері бойынша жікте:
Бақша маманы, милиционер
- Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:
Медсестра- токарь
- Мына мамандықтардың қайсысы қазіргі уақытта жоқ, жойылған:
Суретші, ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.
ІІ- топқа:
- Мына мамандықтарды классификациялық белгілері бойынша жікте:
Кітап сатушы, дәрігер
- Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:
Егінші- агроном
- Мына мамандықтардың қайсысы ХХ ғасырда пайда болды:
Суретші, ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.
ІІІ- топқа:
- Мына мамандықтарды классификациялық белгілері бойынша жікте:
Инженер, автобус жүргізушісі
- Мына мамандықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта:
Инженер- консторуктор мен композитор
- Мына мамандықтардың қайсысы соңғы 10 жылдықта пайда болды:
Суретші, ЭВМ операторы, тракторист- машинист, программист, егінші, трубочист, редактор, столяр, сыршы, атқосшы, дәрігер, ұшқыш, бухгалтер, сандық программалық құрадармен қызмет істейтін оператор, экскурсовод, ағаш өңдеуші, бақша маманы, аспазшы, гувернер, клоун, педагог.
- Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану: Слайд: 20
Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.
3.Сауалнама алу: «Мамандықтарға деген ынта-ықыласын анықтау».
- «Мамандықтар тізбегі»— ойыны
Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді.
ІҮ. Қорытындылау:
- «Мамандық», «Қабілет», «Білім» сөздеріне ой тұжырымдау.
- Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін? Слайд- 21.
Тренинг “Сиқырлы қарындаш”: Менің қолымдағы сиқырлы қарындаш кімнің қолына түссе, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы және кемшіліктері туралы әңгімелеп беруі тиіс.
Талдау: Осы күннен не алдыңыз?
Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Бүгінгі сынып сағатымызды мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!