Тәрбие сағатының тақырыбы: Ана – өмір тірегі
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ана – өмір тірегі
Мақсаты:
- Аналарды, қыздарды және ұстаз-аналарды мереке күнімен құттықтау
- Ата — бабадан келе жатқан салтымыз ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлауға үйрету
- Оқушылар бойында мейірімділік, инабаттылық, сыпайылық және басқа да адамгершіліктің жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Мерекелік зал сәйкес безендіріледі, слайд-шоу жүріп тұрады, шарлар, гүлдер, ана туралы жазылған қанатты сөздер:
Ақ шашты ана: «жастығым — балам» дейді.
Ақылды бала: «ай-күнім — анам» дейді.
Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады.
Сайыстың жоспары:
І. Аналар өздерін таныстыруы
ІІ. Жағдайаттардыды шешу жолдары
ІІІ. Өнер көрсетуАна мен баласы
VI. Дастархан мәзірі
1 — жүргізуші:
«Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үшқанаәріптентұратын «ана» сөзініңастарындаұшантеңіз ой жатыр. Ана — әрбірадамбаласыүшінеңыстық, жанғажақын, мағыналы да қастерлісөз. Адамзатбаласыалғашдүниеесігінашқандаананыңақсүтіменбойынанәралады, анақұшағынаеніп, анамейірімінебөленеді. Адамныңаузынаншығатынеңалғашсөзі де – «ана». МіржақыпДулатовағамызайтқандай, біздісүйетұғын, күйетұғын, әрқашанқамымыздыойлапжүретұғынабзалжандыадам, бұл – ана.Ендеше бүгінгі ертеңгілігімізді өмір тірегі – АНА деген ардақты жанның құрметтеріне арналады.
2 — жүргізуші:
Армысыздар, ару қыздар, абзал ана,
Анаға тең келетін бар ма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,
Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын.
Құрметті аналар, ұстаз-аналар және ару қыздарымыз, қош келдіңіздер! Мереке қарсаңында өткелі отырған «Ана-өмір тірегі» атты аналар сайысына қатысушы аналарымызды балаларымен ортаға шақырамыз.
(Музыка ойналып ортаға аналар шығады)
1 — жүргізуші:
Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қарсы алайық бүгінгі аналарды,
Ұстағанқазағымныңата — салтын.
2 — жүргізуші:
Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысты бастамас бұрын сіздерді сайыстың бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
(Қазылар алқасы таныстырылады )
1 — жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейсіз.
Сайысқа келген аналар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз!
Сіз білесіз бе,таныстыра білу де – өнер. Бұл «өнердің» қыр-сырын меңгеріп үлгермеген болсаңыз, «ештен кеш жақсы». Сонымен, таныстыру кезегі аналарда.
2- жүргізуші:
Қыз еркем кестесімен көркем,
Ұл еркем өнерімен көркем, — деп аналарымыздың өнеріне кезек береміз;
1 — жүргізуші:
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, (Аналар ситуациялық сұрақтарға жауап береді)
Ситуациялық сұрақтар:
- Балаңыз спорттық жаттығудан келіп сабаққа дайындалмай ұйықтаймын деді, Сіздің ісіңіз….
- Сіздің сүйікті фильміңіз бен баланың жақсы көретін мультфильмі бір уақытта болатын болды,
Сіздің әрекетіңіз… теледидарды кім көреді?
- Дүкенде сүтке жететін ғана ақшаңыз қалды, ал балаңыз алма әперуіңізді сұрады, Сіз не аласыз? Неге?
- Сіздің балаңыз бір баламен төбелеске түскен екен, себебін қалай анықтайсыз?
2 — жүргізуші:
Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
1- жүргізуші:
Ас адамның арқауы – деп аналарымыз әзірлеп әкелген дастархан мәзіріне назар салайық.
(Әділ қазылар алқасы қорытындысын шығарады. Марапаттау рәсімі.)
2 — жүргізуші:
Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олайболсасөз – сөздіңеңтөресі: анаңдықалайсыйласаң, өзбалаңныңанасын да солайсыйла,барлықәйелзатына, тіптіжаснәрестеқызына да құрметкөрсет, оларғақолданкелгеншеқамқорлықжасаңдар.
1 — жүргізуші:
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын! деп мерекемізді аяқтаймыз.
Сау болыңыздар!
(Сайыстар арасында музыкалық өнер көрсетіледі)