Имандылық- ізгілік негізі

Тақырыбы: «Имандылық- ізгілік негізі»

Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие берумен қатар бір Аллаға сенімдерін арттыру, дінді уағыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  «Абай» энциклопедиясы, тақырыпқа байланысты нақыл сөздер, слайд.

Сабақтың түрі: Кездесу
Барысы:

  1. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі.
  2. «Ислам діні- таза, күшті, құдіретті дін».

III.  «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»-

  1. Қазақтың қара өлеңдері
  2. Сұрақ –жауап

 

Мұғалімнің сөзі:

 

Армысыздар, қадірлі ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі ашық тәрбие сағаттында имандылық, мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар және басқа діни сөздер туралы айтылмақ.

Соған орай бүгінгі тәрбие сағаттымызға мешітінің бас имамы – Химелден ата келіп отыр. Бәріміз қошемет көрсетіп, ортаға шақырайық.

 

 Жүргізуші:

 

Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл.
Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық.
Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.
Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауында : «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».
Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.
Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік!
Қазір де бүкіл адамзат баласының басында болып жатқан проблемаларды тек Ислам арқылы шешуге болады.
Ислам — адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижілер жиынтығы.
Ислам мемлекеттерінде тұрмыс жағдайы төмен болса да, қылмыс деңгейі мен ажырасу саны ең аз, рухани бақыт көрсеткіші мен денсаулық деңгейі әжептәуір жоғары.
Дамыған елдерден қанша төмен тұрса да жоғары деңгейдегі мораль мен тәртіп сақталған.
Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі.
Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады, қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады.
Исламда, мемлекетті басқару ұйымы үшін, қалай салық жыйнау, салық мөлшерін белгілеу, қаржыны реттеу, қоғамдық тәртіпті белгілеу және қадағалау, халық қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстарды адамдар арасында әділ бөлу сияқты т.б. нұсқаулар бар.
Яғни, Ислам — «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет Дін.

 

 

Жүргізуші:

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- Темирхан Бисұлтан

 

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөз ешуақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан, оның төрті

Алланы танытуға сөз айырмас.

Аманту оқымаған кісі бар ма?

Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма?

Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,

Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға.

Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,

Оларға кез-кезімен нәби келді.

Қағида шариғаты өзгерсе де,

Тағриф Алла еш жерде өзгермеді.

Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес,

Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.

Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,

Бос сөзбенен қастаспай, түзу емес.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

«Дін- ғылымның анасы» —  Хабан Дәурет

Дін- ғылымның анасы,

Дін- ғылымның әкесі,

Ғылым- діннің баласы,

Дін- ғылымның көкесі!!!

Ғылым да бар, дін де бар,

Қоқыс та бар, гүл де бар.

Адам ата өлмесін,

Ақырзаман келмесін,

Қол қусырып құдайға

Ғылым мен дін, бірге бар!

 

«Бес парыз»Муканов Бағдат

Болған соң мойнымдағы бас қарызым,

Айтайын өтер-өтпес досқа арызым.

Жәннатқа жақсы істермен жарысайық,

Орындап мұсылманның бес парызын.

Иманды баға жетпес нұрға бала,

Ақылды адам одан құр қала ма?

Дүниені әркімдерге-ақ берген Раббым-

Дінді тек берер сүйген құлға ғана.

Ендеше, дін тірегі- намаз дейді,

Намазбен пенде Алладан пана іздейді.

Құлшынып құлшылығын арттырғандар-

Құранан ешқашан да ара үзбейді.

Тұтпаса уағымен Оразаны-

Адамның тәні толып, жаны азады.

Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі

Тозақтың сенде дей бер бар азабы.

Парызды сонан соңғы- Зекет дейді,

Қолыңа нелер келіп, не кетпейді.

Бергенің береке болып ахиретте

Жұмақтың биігіне жетектейді.

Алланың түссе саған назары асыл,

Сүймейсің бос мақтанмен сөз аласын,

Инша Аллах қабыл болса қажылығың-

Анаңнан туылғандай тазарасын!

Жаратқан «бай», «кедей» деп жіктемейді,

Жалқаулық, сараңдыққа құп демейді.

Тыйым жоқ бес парызда,

бізге Алла-

Келместі қолымыздан жүктемейді

Жүргізуші: Ешбір жеке тұлғаға телінбейтін қазақтың қара өлеңі әу баста былай дейді:

Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ қайтса, басқа дәулет құралмаған.

Күніне мың пәлеге жолықсаң да,

Сонда да күдер үзбе бір Алладан!

Бүкіл қазақ халқының өмір сүру негізін көрсететін есте жоқ ескі заманнан жеткен жәдігер сөз осындай. Бұл біреуі ғана. «Құдайсыз қурай сынбайтынын», «Алладан сұрағанның екі бүйірі, адамнан сұрағанның екі көзі шығатынын», «Құдай деген құр қалмайтынын» заманалардан бері білетін халық мұндай өлең-жырдың мыңын айтқан.Осының бәрін қорыта келіп Абай: «Алланың, Пайғамбардың жолындамыз…» дейді.Абайдан ары да Бұхар жырау: «Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа…» деп өсиет айтады.

Ал, «Мұсылман мен кәпірдің арасын бұзып дінді ашқан» қарға да бойлы Қазтуғанның жыры болатын.

Жалаңаш барып жауға ти,

Тәңірі өзі біледі,

Ажалымыз қайдан дүр!- деген Шалкиіздің тәуекелі «Мен ісімді Хаққа тапсырамын һәр жерде» деген берік ұстанымнан, тағдырына келтірген кемел иманынан еді.

 

Малын салып алдына,

Әр саладан құйылды.

Он екі ата Байұлы,

Бір Аллаға сыйынды -дейтін Жиенбет жыраудың жыры тайға таңба басқандай тарихтың өзі.

 

Дұшпаннан көрген қорлығым,

Сары су болды жүрекке.

Он жетіде құрсанып,

Қылыш ілдім білекке.

Жауға қарай аттандым,

Жеткіз деп Құдай тілекке! -деген Ақтанберді бабамыздың жастайынан сом жүрегі суарылған ілімнің қайда жатқанын аңғара беріңіз.

 

Дін мұсылман баласы,

Адамдықтан жерімес.

Тіл мұсылман, қарашы,

Арамдықтан шегінбес.

Дәніккесін бұл шіркін,

Адал бір дәм жегізбес! -деп аһ ұрған Үмбетай жыраудың ақиқатшыл жүрегін ыза кернейді.

 

Иманын айтып өлерде,

Иекке жаны келгенде,

Сәлем айтты үш қайта,,

Кеттім деп сізді көре алмай.

… Қайырылмас қаза келгенде,

Батырың өлді – Бөгенбай! -деп ардақты батырдың ақ өлімін Абылайханға естіртіп, «иманын айтып өлерде…» – деп көңіліне қуат тұтады, жүрегі Алла деп соққан асыл ер!

 

Ай, мұсылмандар, жарандар,

Малыңнан зекет беріңіз,

Бірлігін Хақтың біліңіз.

Хақ жолымен жүріңіз,

Пәк болады дініңіз!

деп зар қаққан  Қаблиса жырау бабамыздың жүрек сөзі ақиқатпен суарылған алмас қылыштай өткір еді.

 

Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі,

Бөріге қой алдырмас ердің ері.

Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,

Жоламас ешбір пәле шайтан-пері –деп тақуалықтың жолын көрсетеді Шал ақын.

Және де:

Жарлығы екі болмас Хақ Құдайым,

Жанында серігі жоқ, дақ  Құдайым.

Жанымды алсаң, Құдая, иманмен ал,

Шайтанның қазасынан қақ Құдайым –деп Алладан ақ адал өлім тілейді. Алланың аманатын орындап, хақ мұсылманша өмір кешуді мұрат тұтады. Айналасына да айтатыны: «Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң, намаз оқы Алланы ойыңа алсаң» деген насихат болды.

Енді заманының зарлы күйін жағы суалғанша жырлаған Дулат ақын ақырында:

Дұға қылып қойыңыз,

Рахым айтып біздерге.

Баршамызға Құдайым,

Иман берсін сіздерге! –деген тұжырымға келіп тиянақ табады.

 

Құдайдан соң, жарандар,

Мұхаммедті айталық,

Өзінің сүйер дос кісі.

Өтірік жалған сөйлейді,

Иманына қас кісі.

Бейішті қайтып көреді,

Бұл дүниеден бос кісі?

Дулат бабамыздың зар қақсауының түпкі себебі де қазақ халқы діні жаттың илеуіне түсіп, иманынан айырылып қалмауы үшін еді.

Ханның ісі қатайды,

Азамат ерден мал тайды.

Қанды көбе киініп,

Бір Аллаға сыйынып,

Ұрандап жауға тигенде,

Кім жеңеді талай-ды,

Жолдастарым, мұңайма! -деп ақырып жауға тиген ер Махамбеттің иманының кәмілдігі, сенімінің беріктігі аузына осы сөзді салғаны хақ.

Енді атақты Шортанбай:

Құбылаға бас қоймақ,

Мұсылманның тарығы.

Ораза, намаз қаза қылмасаң,

Көңіліңде Құдай барлығы – дейді. Шортанбайдың хақ Ислам жайындағы талғамы бір бұл ғана емес, тұтасымен Алла жолы – ақиқатқа шақыратын жырлары толып жатыр.

Жас шағынан Мекке көріп, Алтай менен Қобданың арасын мекен етіп дін таратқан дала ғұламасы атақты Ақыт хажы Үлімжіұлы:

Бір Алладан басқаға,

Бас кессе де бас ұрма! – деп жырлауы ұрпағының дінін таза, адами рухын биік ұстауына қарата айтқан өсиеті еді. Айтар сөзін бұралаңдатпай шірене тартқан жебедей дөп қадауға әрине жүрек қуаты керек! Сонда ғана қуатты сөз шықбақ. Ол қуат шыққын сөзде емес, шығаратын ақында болады алдымен. Қазақтың бұл ақындарына осыншама қуаттың қайдан келіп жатқанына көзіміз енді жеткендей болды.

 

Жүргізуші:

Хадис-Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы, «Құран кәрімнен» кейінгі ең қастерлі кітап. Мұнда мұсылманшылық, имандылық, инабаттылық, адамгершілік ережелері жинақталған.

 

Хадисте: «Қайсыбір әйел төрт амалды орындаса, сегіз жәннаттың қалаған есігіне кірсін» делінген.

Біріншісі — күніне бес уақыт намазын оқу.

Екіншісі — жылына бір келетін Рамазан айында ауыз бекіту.

Үшіншісі — күйеуінің ризашылығына бөлену,

Төртіншісі — ар-ұятын сақтау.

Яғни, төртінші амалдағы ар-ұят дегенде, суық жүрістен сақтанып, некелі күйеуіне ғана көрсетуге тиіс құндылықтары мен артықшылықтарын өзге бөтен көздерден тыю.

Себебі, адам баласының бүкіл жаман іс-әрекеті көз жанарынан бастау алады.

 

 

Аш адамға көмек беріңдер.Аурудан хал сұрандар.

Қарызға батқан адамның қарызын өтеуге көмек беріндер.

 

 

 

Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе, сол адам тәңір алдында да, адам алдында да иманды адам. Иманның жақсысы-сабырлы және кеңпейілді болу.

 

 

 

 

Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады, себебі әйел- анаңыз, әжеңіз, қызыңыз.

 

 

 

Тамақ  салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.

 

 

 

Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.

 

 

 

Апатқа апаратын жеті түрлі күнәдан аулақ болындар: Құдайдың құдіретіне шек келтіру, алдап-арбаумен шұғылдану, біреуді нақақ өлтіру, пайдакүнемдік, жетімің ақысын жеу, күйеуіне адал әйелді сөгу, отан қорғау үшін болған соғыстан қашу.

 

 

Мұғалімнің сөзі: Ендігі сөз  кезегін, қонағымыз Химелден атаға берейік.

Залдағы оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қояды.

 

Мұғалімнің сөзі:

Химелден ата, әңгімеңіз сондай әсерлі, тартымды жақсы болды. Осы берген жауаптарыңыз, әңгімелеріңіз бізді қатты қызықтырады. Енді бұл әнгімеден кейін оқушылар өз ойларын айта жатар.

 

Мұғалімнің сөзі: Құрметті, Химелден ата, сіз бізге көп нәрсе үйреттіңіз. Сізге осы  оқушылардың атынан ризашылығымызды білдіремін. Сізге де Алла тағала бар жақсылықтарын берсін демекпіз.Біз сізден естіген, білгендерін үнемі естен шығармай орындап, имандылық жолында адал болып, сенімнен шығамыз деп уәдемізді береміз.Сіздің алтындай уақытыңызды бізбен бөліскеніңізге көптен- көп рахмет айтамыз.

Жүргізуші:

«…Иман сақтауға қорықпас жүрек, айналмас көңіл, босанбас буын керек. Яғни (оқу арқылы таныған) иманы бар деуге ғылымы жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап: ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті «шын» деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Алла өзі сақтасын! Әрнешік білмек керек, жоғарғы екі түрліден басқа иман жоқ»,- деп қорытады Абай.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыз.