Алтын балық ашық сабақ

Тақырыбы: «Алтын балық»

 

Мақсаты: Өз-өзіне қызмет көрсету. Қонақ күтуге, дастархан

әзірлеуге үйрету. Салаттың құрамын біліп, тек пайдалы

дәруменді көкөністерді пайдалану. Сөйлеу тілін,

логикасын дамыту. Қауыпсыздық ережесін сақтауға

үйрету.

 

Түзеу мақсаты: Өзінің-өзі күту және өзіндік тіршілігін қалыптауын  бағалау.

 

Сабақ барысы:

1Ұйымдастыру бөлімі.

Армысың аспан әлемі,

Мейрімді жер ана,

Армысың менің достарым,

Сәлеметсіңдер ме, қонақтар.

Судай таза мөлдір көңілмен,

Бүгінгі күнді бастайық.

 

— Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

— Күзде қандай өзгерістер болады?

— Бүгінгі ауа-райы қандай?

 

2 Ойын «Көкөністерді тап»

Себетте жемістер мен көкөністер араласып жатыр. Оқушылар ішінен

Көкөністерді теріп алулары қажет.

 

3 Жаңа тақырып

— Ал ос көкөністерді пайдаланып «Алтын балық» атты салат дайындаймыз. Осы салатты үйде жанұяңызға, әлде келген қонағыңызға дайындауға болады.

Дұрыс тамақтану үшін тамақтанудың гигиеналық ережесін сақтау керек. Тамаққа әртүрлі тағам өнімдерін пайдаланған тиімді. Олардың бірінің құрамында витаминдер көп болса, екіншісі ағзаның күшті болуына көмектеседі. Тамақтың жақсы сіңуіне тағамның сыртқы түрі, иісі, үстел әзірлегені де әсер етеді.

Салатымыз әдемі болу үшін, атына сай әдемі ыдыс тандаймыз және қажетті құралдарымызды дайындаймыз.

Ол үшін бізге піскен картоп, қызылша, сәбіз жұмыртқа және салатымыздың дәмін келтіру үшін шпрот атты балық қажет. Ал қолданатын құралымыз «терка»

 

4 Қауыпсіздік  ереже.

Жұмысымызды бастау үшін қауыпсіздік ережесін еске түсірейік.

Терканың тістері өткір, сондықтан теркамен жұмыс жасағанда саусақтарымызға зақым тегізбеу үшін көкөністі қатты баспаймыз.

 

5 Салат дайындау.

Салатты жасауды бастаймыз мұқият қарап естеріңізге сақтаңдар.

1 Шпротты тәрелкеге салып жаямыз

2 Шпроттың үстінекартопты теркадан өткіземіз

3 Картоптың үстіне майонез жағып, сәбізді теркадан өткіземіз

4 Сәбіздің үстіне майонез жағып, жұмыртқаны теркадан өткіземіз

5 Қызылшаны майонезбен араластырып, сәбіздін бетіне саламыз

6 Салатымыз әдемі болу үшін бетіне алтын балық қоямыз.

 

6 Балалардың жұмыс барысын қадағалау.

Ұқыпты, таза жұмыс жасауды қадағалау.

 

7 Қорытынды.

— Балалар бүгінгі сабақ сізге ұнадыма?

— Осы сабақта сіз не үйрендіңіз?