Әлеуметтік зиянды әдеттерден аулақ болайық
Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік зиянды әдеттерден аулақ болайық
Мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортада болатын түрлі зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Есірткі,темекі,ішімдік т.б. зиянды заттарды пайдалану адам өміріне қауіпті екенін ұғындыру. 1 желтоқсан Бүкіләлемдік АҚТҚ-ға күрес күні екенін таныстыру. Оны болдырмаудың жолдарын,сақтану әрекеттерін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.Денсаулық туралы ұғымдарын кеңейту.
Әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндірмелі тест түрлері,топтау әдістері,пікірталас,ассосация,көрініс,жарнамалар.
Көрнекілігі:Денсаулық туралы нақыл сөздер.плакаттар,маркер,интерактивті тақта,суреттер.
Түрі: Диспут сабақ
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларын түгендеп,балаларды 4 топқа бөліп отырғызу.Бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру.
«Есірткі алып келгені және таратқаны үшін берілетін жазаны қатаң күшейту керек»
Н.Ә.Назарбаев.
2.Әлеуметтік зиянды әдеттерге нелер жатады? Оқушылар пікірлерін тыңдау.
- Топ бойынша дайындап келген түрлі тақырыптағы көріністерін тамашалап,оқушылар пікірін ортаға салып тыңдау.
- 4. Ситуациялық сұрақтар қою. (әр топқа)
- Жасөспірімдер зиянды әдеттерге қандай жағдайларда ұрынуы мүмкін?
І.Әуесқойлық
ІІ. Сырттағы топтың қысым көрсетуі
ІІІ. Түрлі мәселелерді өз бетінше шешуге тырысу
ІҮ.Өзінше жаңалық ашу.
Ү.Бос уақытты тиімді пайдалана алмау
- Есірткі пайдалануда болатын қауіп-қатерге байланысты тест сұрақтарын дайындап алу.
- Зиянды әдеттерге қарсы көзқарастар қалыптастыру.
Оқушылар топ бойынша зиянды әдеттерді әшкерелейтін жарнамалар ұйымдастырады.
- 8. «ТИ» кестесі арқылы «келісемін», «келіспеймін» айдары бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың қоғамда кездесетін проблемалық мәселелер төңірегінде көзқарастарын білу.
- Осындай зиянды әдеттермен айналысу туралы досың кеңес берсе,қалай қарсы пікір айтып қорғана алар едің?
Оқушылар пікірін тыңдау.
- Ой қорыту.
І.Мен үшін өмірдегі ең құнды нәрселер мыналар болып табылады…
ІІ. Нашақорлықтың алдын алу үшін қандай ұсыныс айтар едің..?
Оқушылар пікірін тыңдау.
11.Сандар сөйлейді:
- Жылқыны сеспей қатыру үшін 7-8 тамшы никотин жеткілікті.
- Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса,бір жылда оның өкпесіне 1 литр смола жиналады екен.
- Дүние жүзі бойынша темекі зардабынан күніне 10 000 немесе 3,5 млн адам қайтыс болады.
- Ішімдік адам өмірін 10-15 жылға қысқартады.
- Балаларға 10 г арақ,жасөспірімдерге 40-50 г арақ өлімге душар етеді.
- Маскүнемдердің балаларының 38 % кемтар болады.
- Нашақор адамның өмірі өте қысқа,нашаның 0,5 грамын иіскесе,0,1 грамын тамырға ексе сананы улай бастайды.
- Елімізде СПИД-пен ауыратындардың 85 % -нашақорлар.
- Қорытынды.
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әрқашан аулақ болайық.
Өз өмірің өз қолыңда,ей,жастар!
Су ішпеген гүлдей болып солмайық.
Сабақ соңында белсенді оқушылар,ұйымшыл топтар мадақталып, бағаланады.