Қадірлейік қасиетті Ананы!

Тақырыбы: Қадірлейік қасиетті Ананы!

Мақсаты: Ананың балаға деген махаббатының шексіздігі, оның арман-тілегі туралы түсіндіру, отбасындағы ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту, оқушының шығармашылық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, балалардың аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Кіріспе. Мұғалім сөзі:

 

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

 

1-жүргізуші:

Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

 

 

2-жүргізуші:

Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің колледж  ұстаздары, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді МҚБ – 10 тобы жігіттеріне береміз.

 

 

 

 

Нияз:

 

Анашым мұң шалмасын қабағыңды,

Аман болсам жақсы оқимын сабағымды,

Үмітіңді, сеніміңді ақтауға да,

Тырысамын оңдаса Алла талабымды.

 

Көзіңе жас алмағай ешқашанда,

Жас келсе де, бақыт болсын оған себеп,

Жүзіңнен күлкі кетпей әрқашанда,

Өзіңді жүрсін Құдай желеп жебеп.

 

Елу жас ештеңе емес тәңір қосса,

Тағы елу жыл ғұмырың алда әлі,

Тілейтінім оны да шіркін жаса,

Қызығардай өзіңе жұрттың бәрі

 

Ал мен болсам жүремін жел боп есіп,

Жұқалау жерін топтың тауып тесіп,

Жеңістерден сағынып келгенімде,

Тек өзің тұрсаң болар, ашып есік!

 

 

 

Нұртас:

Ана!
Сен бақыттысың,
Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.

Асқар Қ.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

 

 

 

Ерлан:

 

Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым

“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

 

 

Нұрбол:

Бала деген адамның өмір гүлі
Бір марқайтар сәбидің көңілді үні
Қабағыңды, шыныңды білмейсің-ау
Апа сендей көрмедім өмірдіні

Апа сен қартаймайсың қартаймайсың
Қартайдым деп ойлама әр тайғасын
Ортамызда отырсаң бала болып
Әрдәйім дастарханың ортаймасын

Дауысыңда балаға жоқ қой ызғар
Тентектерің сонда де сені тындар
Жастығын да солар-ғой шаттығың да
Ойлашы апа бақытты сенен кім бар?

 

 

Шыңғыс:

 

Аялаған, баптаған,

Асыраған сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйретке

 

Хормен:  Анамызға мың алғыс!

 

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді.

 

Хормен: Анамызға мың алғыс!

 

«Адал бол, — деп, — балдырған»,

Әділдікке баулыған.

Жүрегінде – махаббат,

Тілегінде – марқабат.

 

Хормен: Анамызға мың алғыс!

 

 

 

 

 

1 жүргізуші:

 

Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім.

 

Алдарыңызға әнші жігіттеріміз Сағат, Елдар, Даниярдың  орындауындағы

«_Анаға сәлем атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

 

 

Алмас:

 

Анам менің өзіңсің сүйенерім,

Жақса – жақсын өзгелер күйелерін.

Мейлі жансын өзгелер мейлі күйсін,

Мен бәрібір өзіңді сүйер едім.

 

Ыстық екен мейірімді сезімдерің,

Бір мен үшін, түндерде көз ілмедің.

Шыдадың еркелеген қылығыма,

Жан анашым сен қандай төзімді едің.

 

Жаныңды мен түсінемін, ұғамын,

Бұл өмірдің қиынына шыдадың.

Ақтаймын үмітіңді, арманыңды,

Болашақта адам болып шығамын.

 

 

Еламан:

 

Ыстық сенің әрқашанда пейілің,

Тұла бойды жаулап алар мейрімің,

Дәл өзіңдей қамқоршы жоқ бұл әлемде,

Дархан ғой сенің кірсіз аппақ көңілің.

Анам менің – көктегі күнменен тең,

Анам менің – жауқазындай гүлмен тең,

Әлпештеген асыл анам болмаса,

Бұл өмірдің қадірін де білмес ем.

Жүзіңнен бір шаттық көрем анашым,

Мен үшін қуанасың,нұрланасың.

Осы өмірге жеткізген өзің үшін,

Сен маған жыр анасың,нұр анасың.

Шексіз сенің қамқорлығың маған деген,

Қымбат сенің әр сөзің ”балам” деген.

Ақиқат пен шындықтың жолын сілтеп,

Бойыма адалдықтың нәрін берген.

Бұл өмірін арнаған соң анам маған,

Қорған болып өтермін мен-дағы оған,

Нұрлы жүзің жайнай берсін әрқашанда,

Тілеймін ұзақ ғұмыр,бақыт саған!

 

 

 

Дінмұхамедали:

 

Суытпаған бозторғайдай ұясын,

Жүрегіме жылуыңды құясың.

Кенже балаң келді өзіңді сағынып,

Аман жүрші, соның өзі сый асыл.

 

Аналардың ақ сүтінен нәр алған,

Аналардың үмітінен жаралған.

Сәби едік, енді қазір ер жеттік,

Жүректерде биік мақсат, бар арман.

 

Сен туған жер бақша менен бау ма екен,

Ана, өзіңдей бақытты жан бар ма екен?

Ержетсем де еркелегім келіп тұр,

Балалық кез қай жерлерде қалды екен.

 

Жандос:

 

Аналардың ақ сүтінен нәр алған,

Аналардың үмітінен жаралған.

Сәби едік, енді қазір ер жеттік,

Жүректерде биік мақсат, бар арман.

 

Жаның мөлдір жанарындай ботаның,

Мейіріміңді мәңгі әнге қосамын.

Кенже балаң сенсіз қалай тұра алар,

Сағынышпен мен жолыңды тосамын.

 

 

2 жүргізуші:

Азамат қуат алар ақ сүтіңнен

Мәпелеп әлдилеген пейілі кең

Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

 

.

«__Мама___» видеоролик.

 

 

 

Асқар Б.:

 

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам , Ана-құдіретті жан , ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,  Аяулы аналар!!!

 

 

 

1 жүргізуші:

Қабыл алшы өнерлерін баланың

Тілектері орындалсын ананың

Кең даламда шарықтасын әуені

Әнші жұлдыз жас өнерпаз дананың

 

Ән шашу  «Қыздар — ай »

 

Батырлан:

 

Кім сендерді  балалар сүйе — тұғын,                                                                                                          Қуанышыңа қуанып, қайғыңа   күйе — тұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп,  кірпік қақпай                                                                                                          Шешең байғұс дамылсыз жүре – тұғын.

Кім сендерді, балалар тербететін,                                                                                                Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,                                                                                                  Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,                                                                                                           Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең.

Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,                                                                                                                        Хат жазып тұр, төбесі, көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше,                                                                                                            Құлындарын көзімен көргенінше?

Сендер қайтып келгенде адам болып,                                                                                                              Еш арманым болмас дер өле — өлгенше.

 

 

Олжас:

 

Ана бақыты мен ана махаббаты – оның болмысы мен өмірінің мәні, қос қанаты.  Абу Хурайра жеткізген рауаятта айтылады, бір адам Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп «Я Алланың Елшісі, құрметке бәрінен лайықтысы кім?»- деп  сұрайды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Анаң, – деп жауап берді.

– Ал одан кейін кім?

– Анаң, – деді ол.

– Ал тағы кім?, — деп үшінші рет сұрады әлгі адам. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы да:

– Анаң, – деп жауап берді.

 

 

 

Ақжол:

 

Нұр шашып жаңарыннан жалындаған
Не күш бар өзіне ғана бағынбаған
Жанынның нәзік сұлу жылуыннан
Адам жоқ қуат алып жылынбаған
Таппадым саған теңеу асыл анам
Қалайшат махабатты жасыра алам
Идіріп алпыс екі тамырыңды
Бұлақтай ақ сүтімен асыраған

 

 

 

 

 

Алишер:
От сезім анашымнан алаулаған
Жүрегім әр оған жалау болған
Есіме түскен кезде сәби күнім
Ұйқымнан мын оянып сан аунаған
Тербетіп таң атқанша бесігімді
Үйреттін бол деп әр кез кешірімді
Қолымнан келсе егер аяулы анам
Аспанға жазар едім есімінді

 

«  Ана жүрегі » видеоролик

 

Нұржан:

 

Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де қала берілмепті.

Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты:

— Қаладан көтергенше жүк алып әйелдердің кетуіне рұқсат етемін, — дейді

Әйелдер бір –бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.

Дұшпан қалға кіріп қараса бір де бір еркек жоқ.

Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.

Кішкене қыздар ұл балаларды, кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.

Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.

 

Ердос:

 

Иә, Нұржан, Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.

 

 

Аңсар:

 

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!

 

 

Мақсат:

 

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

 

 

 

2 жүргізуші:

 

Сәулелі сөз сөне ме ?!

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге-

Ақ тілеуі атаның, – деп ата-аналарымызға сөз кезегін береміз.

 

Ата – аналрардан музыкалық номер

 

 

1 жүргізуші:

 

Асыл сөзбен ата-анаға ой салайық,

Екі ортаға алтыннан жол салайық.

Құрмет тұтып келген ата-ана, қонақтармен

Рахмет айтып біздер де қоштасайық!

 

 

 

 

2 жүргізуші:  

 

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,

Тілектермен нығайсын берекеміз.

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осымен аяқталды мерекеміз!

 

 

 

Мұғалім сөзі:  Құрметті ата-аналар, ұстаздар!

 

Сіздердің отбасыларыңызға тобымның атынан тек жақсылық тілеймін. Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпырып, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін!

Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын,

Бар тілекті арнайтын балаңызға

Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.

Әлеуметіміз аман, еліміз тыныш болсын!