Әйтеке би кентіндегі Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 мектептің 6 «А» сынып оқушыларымен жүргізілетін жылдық тәрбие жұмыстарының жоспары

Әйтеке би кентіндегі Қ.И.Сәтбаев атындағы №216  мектептің 6 «А» сынып оқушыларымен жүргізілетін жылдық тәрбие жұмыстарының жоспары

1 Кіріспе

Өткен оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының қорытынды нәтижесіне талдау жасау.

 

 

Тәрбие – дидактикалық жүйе. Сынып жетекшісі күрделі, бірімен – бірі байланысып жатқан  тұтас оқиғаларға, оқушылардың әрқилы мінез – құлқына іс — әрекетіне тап болады. Толып жатқан психологиялық толғаныстар кездеседі.

Осы орайда өткен жылы 5 «А» сыныбымен біршама жұмыстар атқарылды. Ең алдымен оқушылардың өзін — өзі бақылау дағдысы қалыптасқаны. Оқушылар өздеріне тапсырылған тапсырмаларды (іс-шаралар, үй тапсырмаларының орындалуы)орындай білді. Оқу барысында жоспарланған тәрбие жұмыстары өз мәнінде өткізіліп тұрды. Сыныпты барлығы 22 оқушымен аяқтадық. Үздік оқушылар жоқ, екпінділер: Әкім Ерсұлтан, Әбжами Назерке, Демеу Ақтолқын, Райымбердиев Мақсат, Тұрғанбай Гауһар, Бақытжан Гауһар, Дөңес Айбек, Төлеш Айжан.

Сабақтан себепсіз қалған, тәртіп бұзған оқушылар болған жоқ. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, алдыңғы қатардағы сыныптың қатарынан көріне білді.

 

 

 

 

 

 

 

II.Мақсаты.

        

Білім мен тәрбие қашан да егіз ұғым. Білім алушы шәкірттеріміздің жан – жақты дамыған, ақыл – ойы жетік, рухани құндылықтарды қадірлей білетін, адамгершілік қасиеттермен қаруланған жеке тұлға қалыптастыру.

Мектептегі оқу – тәрбие жұмысының бала тәрбиесі мен оның жан – жақты дамуына отбасы мен жанұяның, мектептің ынтымақтастығын арттыра отырып, ата – аналарға, оқушыларға оқу – тәрбие үдерісінің мазмұны мен әдістемесін таныстыру.

Балаларға салауатты өмір салтының машықтарын сіңіру және насихаттауға байланысты нақты шараларды жүзеге асыру.Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру.

Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, экологиясы нашар аймақтармен таныстыру, жерге деген мейірім мен ықыласын, байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуг үйрету.

Оқушылардың шығармашылықпен ойлау қабілетін, санаткерлікжәне жалпы даму көрсеткіші негізінде тілін дамыту. Отаншылдыққа, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

Оқушылардың экономикалық білім негіздерін толықтыру, ата – ананы құрметтеуге, олардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу, Оқушыларды отбасы бюджетін үнемді, ұқыпты, дұрыс жұмсай білуге тәрбиелеу.

Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушылардың әдеп әліппесі бойынша ықпал жасау.

Әдет – ғұрыпты сақтайтын, дәстүрді жалғастырушы қайырымды ұрпақ тәрбиелеу. Оқушыларды адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым – қатынас жасау дағдыларын арттыру.

 

 

 

III.Міндеттері

 

Отанымыздың тарихи құндылықтарын бағалау қабілеттілігін арттыру.Отандық қорғау-азаматтық борыш ұғымын қалыптастыру.

     Адами іс-әрекет жасау тәжірибесін қалыптастыру,сыртқы келбет пен күнделікті тұрмыс тіршілік дағдыларын қалыптастыру.

     Эстетикалық құндылықтарды өн бойына игеруге қызығушылығын арттыру,қандайда бір көркем шығарма саласында өзінің бейімділігі мен қабілетін байқап көруге ұмтылысын қалыптастыру.

     Табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік сезімін қалыптастыру,жанашырлық сезімін қалыптастыра отырып,табиғат үйлесімін қорғауға көзқарасты нығайту

     Өз туыстарының кемшіліктеріне шыдамдылық көрсетуін қалыптастыру,өзін отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуіне,ересек адам ретінде пікір айта алуына дағдыландыру.

     Теріс әсерлерге қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру,дене еңбегі,психологиялық,әлеуметтік және рухани саулық туралы түсінік қалыптастыру.

     Нарықтық экономиканың негізгі заңдары жайлы білімдерін қалыптастыру,жасөспірімдерінің өзіне-өзі өқызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын игере отырып көздеген мақсатына жетудегі шыдамдылықты қалыптастыру.

     Шығармашылық жұмыстарда оқушы өзінің ойын білдіріп,қабылдаған шешім нәтижесін бағалай білу дағдысын қалыптастыру және өз қадірін сақтай білу және өзгенің қадір-қасиетін бағалай білу қасиетін қалыптастыру

     Әрбір оқушының өзін өзі бағалау, өзін — өзі реттеу, өзін — өзі іске асыру қабілетін дамыту, өзіне деген сенім қалыптастыру, өз қадірін сақтай білу және өзгенің қадір-қасиетін бағалай білу қасиетін қалыптастыру.

     Кәсіби шығармашылық танымын кеңеиту,мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және адам белгілі бір еңбек іс-әрекетіне неіп,бір ізге түсуіне көмек беру.

Оқу процесінде алған білімдерін тереңірек жетілдіріп, жан – жақты дамыған, кешегіні білетін, бүгінгіні саралай алатын тұлға қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

IV.Сыныптың және жеке оқушының әрекетін ұйымдастыру

 

р/сМазмұныМерзіміЖауапты
1Жаңа оқу жылындағы жаңалықтармен таныстыру жиналысы03.09.2011 жӘкімова А
2Қыздар жиналысы10.09.2011 ж.Әкімова А
3Математика пәнінен қосымша сабақ алуды қажет ететін оқушылармен жұмыс17.09.2011 ж.Әкімова А
4Дәстен Дамир, Жұмабек Сұлтанғасыр, Әбдірейм Оразханның сабаққа қатысуы мен сабақтан кешікпеуін және тіртіптерін қадағалау24.09.2011 ж.Әкімова А
5Ер балалармен жиналыс30.09.2011 ж.Әкімова А
6Күнделікті сабаққа қатысу, сабақ үлгерімдері туралы сараптама жасау8.10.2011 ж.Әкімова А
7Мінез – құлықтарында өзгерістері бар: Нұрғалиева Таңшолпан, Жалғас Арайлым, Бұқбай Жансая оқушыларыммен жеке жұмыс жүргізу15.10.2011 ж.Әкімова А
8Сынып оқушыларының бір – біріне қарым – қатынасын қадағалау01.11.2011 ж.Әкімова А
9Қыздар жиналысы25.11.2011 ж.Әкімова А
10Ер балалармен жиналыс26.11.2011 ж.Әкімова А
11Мереке күндеріне дайындық барысын тексеру10.12.2011 ж.Әкімова А
12Толық игерілмей, қиындық туғызып жүрген пәндер туралы талқылау14.01.2012 ж.Әкімова А
13Жалпы мәселелер бойынша сынып жиналысы4.02.2012 ж.Әкімова А
14Мереке күндеріне дайындық барысын тексеру01.03.2012 ж.Әкімова А
15Дәстен Дамир, Жұмабек Сұлтанғасыр, Әбдірейм Оразхан оқушылармен жеке жұмыс жүргізу10.03.2012 ж.Әкімова А
16Қыз балалармен жеке жұмыс07.04.2011 ж.Әкімова А
17Оқу жылын қорытындылау жиналысы21.05.2012 ж.Әкімова А

 

      V.Сынып оқушыларының оқудан тыс уақытын және қоғамдық ұйымдармен жұмыстарды ұйымдастыру

         

 

р/сМазмұныМерзіміЖауапты
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VI.Тәрбие бағыттары бойынша ұйымдастырылатын жұмыс

 

Қазақстан Республикасының Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында нақтыланған 12 бағыты бойынша жүргізілетін жұмыс

Тәрбие үрдісі

 

ТақырыбыУақытыФормасыЖауапты
1.Азаматтық,патриоттық,

құқықтық және полимадениеттік тәрбие беру

«Тәуелсіз елдің ұланымыз»01.09.2011Тәрбие сағатыСынып жетекші
«Жасай бер, ана тілім – қазақ тілім!»15.09.2011Тәрбие сағатыСынып жетекші
«Сенің құқығың – менің құқығым»27.10.2011Дөңгелек үстелСынып жетекші
«Менің қазақстаным – менің болашағым»15.12.2011Тәрбие сағатыСынып жетекші
Шуағы тарқамасын жер үстінің08.05.2012Тәрбие сағатыСынып жетекші
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Еліміздің тарихи құндылықтарын бағалау қабілеттілігін арттыру.Отандық қорғау-азаматтық борыш ұғымын қалыптастыру.

Нәтижесінде оқушылар өз елін сүюге,өз елінің тарихын сыйлауға үйренеді,оқушыларда патриоттық рух пайда болады,құқықтық санасы қалыптасады.

2.Рухани адамгершілік тәрбиесі

 

 

 

Тәрбие тұғыры имандылықта03.11.2011Семинар — тренингСынып жетекші
Кітап – рухани қазына12.04.2012Дөңгелек үстелСынып жетекші
Осы бағыт бойыша алға қойылған міндет.

Адами іс-әрекет жасау тәжірибесін қалыптастыру,сыртқы келбет пен күнделікті тұрмыс тіршілік дағдыларын қалыптастыру.

Нәтижесінде оқушылар адамгершілікке,рухани тазалықтарын сақтауға,әр істе сабырлы болуға үйренеді.

3.Эстетикалық

тәрбие

«Әдептілік – адам көркі»20.10.2011Тәрбие сағатыСынып жетекші
Жаңа жылдық кеш29.12.2011Тәрбие сағатыСынып жетекші
«Армысың, ару көктем!»01.03.2012Тәрбие сағатыСынып жетекші
«Сәлем бердік, жас Наурыз!»21.03.2012Музыкалық кешСынып жетекші
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Эстетикалық құндылықтарды өн бойына игеруге қызығушылығын арттыру,қандайда бір көркем шығарма саласында өзінің бейімділігі мен қабілетін байқап көруге ұмтылысын қалыптастыру.

Нәтижесінде оқушы бойында танымы кеңейіп,рухани құндылықтары әсемдік арқылы көркем мәдениет арқылы қалыптасады

Экологиялық

тәрбие беру

Қоршаған ортаның экологиялық жайсыздығы15.03.2012Дөңгелек үстелСынып жетекшісі
Құстар біздің досымыз17.05.2012Сайыс сабағыСынып жетекші
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік сезімін қалыптастыру,жанашырлық сезімін қалыптастыра отырып,табиғат үйлесімін қорғауға көзқарасты нығайту

Нәтижесінде табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсінеді,табиғаттың тылсым сырына үңіле бастайды.

5.Отбасы тәрбиесіОтбасы —  тіршіліктің тірегі06.10.2011Тәрбие сағатыСынып жетекші
«Асыл әжем,сүйкімді немерем»07.03.2012СайысСынып жетекші
Әке – отбасының тірегі03.05.2012Тәрбие сағатыСынып жетекші
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Өз туыстарының кемшіліктеріне шыдамдылық көрсетуін қалыптастыру,өзін отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуіне,ересек адам ретінде пікір айта алуына дағдыландыру.

Нәтижесінде отбасында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасы нығая түседі.

 

6. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыруДенсаулығы ғаламның – денсаулығы адамның23.02.2012Тәрбие сағатыСынып жетекші
ЖҚТБ – ға қарсы күрес күні01.12.2011Дөңгелек үстелСынып жетекші
7 – сәуір әлемдік денсаулық күні05.04.2012Семинар тренингСынып жетекші
Салауаттылық — денсаулық негізі23.05.2012СайысСынып жетекші, дене шынықтыру пәні мұғалімі
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Теріс әсерлерге қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру,дене еңбегі,психологиялық,әлеуметтік және рухани саулық туралы түсінік қалыптастыру.

Нәтижесінде оқушыларға адам денсаулығының қымбаттығын түсінеді,денсаулықты сақтаудың өмірлік дағдарысы мен жауапкершілік тәртібінде дағдыланады.

 

7.Еңбек және экономикалық

тәрбие

Отбасы бюджеті және мен22.09.2011Тәрбие сағатыСынып жетекші
Халықаралық стандарттау күні13.10.2011Пікір алмасуСынып жетекші
Ұлттық валюта күні17.11.2011Дөңгелек үстелСынып жетекші
Нан – дастархан байлығы24.11.2011Тәрбие сағатыСынып жетекші
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Нарықтық экономиканың негізгі заңдары жайлы білімдерін қалыптастыру,жасөспірімдерінің өзіне-өзі өқызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын игере отырып көздеген мақсатына жетудегі шыдамдылықты қалыптастыру.

Нәтижесінде белгілі бір еңбекте іс-әрекет саласына енуге ұмтылысы қалыптасады.

8. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

 

 

«Сәлем – сөздің анасы»26.01.2012Сынып жиналысыСынып жетекші
«Тілі басқа, тілегі бір»30.04.2012Тәрбие сағатыСынып жетекші
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Шығармашылық жұмыстарда оқушы өзінің ойын білдіріп,қабылдаған шешім нәтижесін бағалай білу дағдысын қалыптастыру және өз қадірін сақтай білу және өзгенің қадір-қасиетін бағалай білу қасиетін қалыптастыру

Нәтижесінде шығармашылық қызметте өзіің дербестігін көрсетуге әртүрлі топ өкілдерімен қарым-қатынас жасау мәдениеті қалыптасады.

 

9. Өзін — өзі тану мен өзін — өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру

 

 

«Мен және менің достарым»08.12.2011Тәрбие сағатыСынып жетекші
Мектеп психологының кеңесі16.02.2012Сынып жиналысыСынып жетекші
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Әрбір оқушының өзін өзі бағалау, өзін — өзі реттеу, өзін — өзі іске асыру қабілетін дамыту, өзіне деген сенім қалыптастыру, өз қадірін сақтай білу және өзгенің қадір-қасиетін бағалай білу қасиетін қалыптастыру.

Нәтижесінде

Оқушы өздік «Мен» — іне жақындап, өзін — өзі дұрыс анықтайды..

10.Кәсіби

шығармашылық

тәрбиесі

Мұнай – газ кешен қызметкерлерінің күні08.09.2011Пікір алмасу сабағыСынып жетекші
Энергетик күні22.12.2011Сынып жиналысыСынып жетекші
«Ұстаз – ұлы есім»29.09.2011Тәрбие сағатыСынып жетекші
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Кәсіби шығармашылық танымын кеңеиту,мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және адам белгілі бір еңбек іс-әрекетіне неіп,бір ізге түсуіне көмек беру.

Нәтижесінде

Маңызды кәсіби қасиеттерді меңгеруге деген ұмтылысы қалыптасады.

11.Әлеуметтік және жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру «Ұлылар үндестігі»19.01.2012Әдеби – музыкалық кешСынып жетекші
«Тұғыры биік тұлға»09.02.2012Тәрбие сағатыСынып жетекші
Алтын сақа26.04.2012Сайыс сабағыСынып жетекші
Осы бағыт бойынша алға қойылған міндет.

Әлеуметтік басқарушылық іс-әрекеттердегі қабілеттерін дамыту, топ басшысы ролі негізінде өзінің саяси ұстанымын және өзгелердің ұстанымын анықтай білуін дамыту

Нәтижесінде

Нәтижесінде әлеуметтік өзгерістерді ұғыну, соған орай белсенді өмір ұстанымында болуға ыңғайланады.

12. Интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру«Тапқыр достар»12.01.2011Сайыс сабағыСынып жетекші
«Сен білесің бе?»02.02.2012Пікір алмасуСынып жетекші
Білім мен парасат сайысы19.04.2012Сайыс сабағыСынып жетекші
Осы бағыт бойынша алға қойған міндет.

Оқу процесінде алған білімдерін тереңірек жетілдіріп, жан – жақты дамыған, кешегіні білетін, бүгінгіні саралай алатын тұлға қалыптастыру.

Нәтижесінде

Ақыл – ойы жан – жақты дамыған, білімді азамат тәрбиеленеді

 

 

 

 

ҮІІ. Оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыс

 

4-стратегиялық бағыт – даралық ерекшеліктеріне байланысты жеке жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру. Мінез-құлқына ауыртпашылық байқалатын оқушылар және ерекше қабілетті оқушылармен жұмыс.

Оқушылардың педагогикалық – психологиялық диагностикасының көмегімен жеке тқлғалық қасиетін танып, білуге тәрбиелеу, олармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру; сынып мінездемесі және жеке оқушының мінездемесімен жұмыс және оқушыны жеке тұлға ретінде танудың диагностикасын жүргізу.

р/сЖеке жұмыс жасайтын оқушының аты-жөніСебебіТүзетуші

іс-әрекеттер

МерзіміЖауапты
1Әкім Ерсұлтан

Әбжами Назерке Кәрімолла Серікболсын

Райымбердиев Мақсат

Ерекше қабілетті оқушыМатематика пәні мұғалімімен жұмыс бағыты01.09.-01.11.2011ж.Әкімова А.

Боранбаева Г.

2Дәстен Дамир

Жақсылықов Нұрбек

Жұмабек Сұлтанғасыр

Мінез-құлқында ауытқушылық байқалған оқушыПсихологпен жұмыс бағыты01.09.- 10.10.2011жӘкімова А.

Желдірбаева Қ.

 

 

 

 

 

 

ҮІІІ. Ата-анамен жүргізілетін жұмыс

 

     2 стратегиялық бағыт — Ата-анамен жүргізілетін жұмыс бағытын нақты айқындау, жүйелендіру. Мектеп, оқушы, ата-ана арасында байланысты нығайту және бастауыш сынып ата-аналар үшін «Шыңырақ»,  орта буын ата-аналар үшін «Орда», жоғарғы буын ата-аналар үшін «Ақ сарай» жауапкершілігі толық серіктестік құру арқылы бала тәрбиесінде жаңа заман талабына сай ата-аналардың өзіндік толық идеяларын іске асыруға мүмкіндіктер туғызу.

Отбасылық жағдайларды үйрену және баланың отбасылық тәрбиесіне жағдай жасау, ата-анамен жеке және топтық жұмыс жүргізу, тақырыптық кеңестер беру; тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу (тоқсанына 1 рет) ата-ана арасындағы жиналыс рейтінгісін жасау; оқу үрдісінен тыс қызықты іс-әрекетті ұйымдастыруға тарту; «Оқушы-ата-ана» жүйесіндегі ата-аналардың өзара әсерінің біріккен тренингтерін өткізу; сынып оқушылары ата-аналар ұжымының жұмыс қорытындысының диагностикасы.

р/сІс-шараның мазмұныУақытыЖауапты адамдар
1.Жаңа оқу жылындағы жаңалықтармен таныстыру, «Орда» серіктестігін құру10.09.2011ж.Әкімова А.
2.1 – тоқсанды қорытындылау02.11.2011ж.Әкімова А.
3.«Мен және менің отбасым» отбасылық сайысы19.11.2011ж.Әкімова А.
4.2 – тоқсанды қорытындылау29.12.2011ж.Әкімова А.
5.Отбасындағы әкенің рөлі. Әкелер жиналысы14.01.2012ж.Әкімова А.
6.«Оқушы — ата-ана — мұғалім» қарым – қатынасы туралы пікір алмасу18.02.2012ж.Әкімова А.
7.3 – тоқсанды қорытындылау19.03.2012ж.Әкімова А.
8.«Отбасы тәрбиесі» тақырыбында өткізілер психолог кеңесі14.04.2012ж.Желдірбаева Қ., Әкімова А.
9.4 – тоқсанды қорытындылау21.05.2012Әкімова А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІХ. Оқушылардың тәрбиелік және сапалық деңгейлерін бағалау өлшемдері

 

5–стратегиялық бағыт – Оқушылардың тәрбиелік сапалық деңгейлерінінің бағалау өлшемдерін қалыптастыру. Оқушылардың сапалық деңгейлерінінің бағалау өлшемдерін қалыптастыруда алшақтау мотивациясы – бұл төменгі деңгейдегі (тұрақсыз, қызығуы жеткіліксіз, немқұрайлы) оқушылармен жұмыс жасау.

Жетістікке ұмтылу мотивациясы – бұл орта деңгейдегі (қызығушылығы бар, бірақ бағдары айқын емес) оқушылармен жұмыс жүргізу.

Белсенділік мотивациясы – бұл жоғары деңгейдегң (ізденімпаз, өзіндік идеясын ұсына білетін) оқушылармен жұмыс жүргізу.

Шартты түрде 3 деңгейі айқындалып, түзетуші іс-әрекеттер арқылы түзету шаралары жүргізіле отырып, тоқсанына не екі айда бір тұлғалық деңгейінің дамуына, әр деңгейіне көтерілуіне байланысты бағалау өлшемдері жасалуы керек.

 

Міндет:

Орта деңгейдегі (тұрақсыз, қызығуы жеткіліксіз, немқұрайлы) оқушылармен жұмыс жасау.

Нәтижесінде өздігімен жұмыс істей білмеу қабілеті азаяды, жетістікке талпынысы артады.

2011-2012 жылы 50 пайызға жеткізу

 

2Жалпы сыныптағы оқушының 35 пайызыЖетістікке ұмтылу мотивациясы

Кез келген жұмыс түрін ұйымдастыруға ұмтылыс қабілеті

Кез келген жұмыс түрін ұйымдастыруға ұмтылыс қабілеті

Кітап әлеміне саяхат, тапсырмалар беру арқылы

—         40 пайызға

—         60 пайызға

—         80 пайызға

 

 

 

 

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІҮ тоқсан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Міндет:

Орта деңгейдегі (қызығушылығы бар, бірақ бағдары айқын емес) оқушылармен жұмыс жүргізу.

Нәтижесінде жұмыс түрін ұйымдастыруға ниеті арқылы, жағымды қарым-қатынас туғызады.

2011-2012 жылы 80 пайызға жеткізу