Абайды оқы – таңырқа

Сабақтың тақырыбы: «Абайды оқы – таңырқа!»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен  таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту.

Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып  өсуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  слайд, бейнетаспалар, көріністер

Жүру барысы:

Ұйымдастыру: «Шаттық шеңбері»

Кіріспе.

Мектеп – білім ордасы, тәрбие көзі. 15 сәуір – гимназиямыздың туған күні. Осыған орай,

Әр сөзінде астарлы ой тұрады.

Оқысаң, ашылады ой тұманы.

Сүрініп, жығылмауға Абайды оқы,

Абай сөзі – қазақтың бойтұмары

– дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

 

  • Пікірлер ағашы. -Абайды не үшін оқимыз? (оқушылардың пікірін тыңдау)

Негізгі бөлім.

Абай – Ибраһим.

1-оқушы (Аяулым):

Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Абайдың бар өмірі өзі   туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті.

2-оқушы (Жансая):

Әкесі -тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті.

3-оқушы:

Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

4-оқушы (Ерназ):

Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде  14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды.

5-оқушы (Марат):

Осы 4 жылдық медреседегі  және  3айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.

6-оқушы (Феруза):

20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренді.

7-оқушы (Айым):

Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды.

8-оқушы (Зайра):

Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, оөық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.

9-оқушы (Ақжан):

Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.

Абай – ақын.

 

Абай – дара, Абай – кемел, озат та,

Жол салады әр өлеңі ғажапқа!

Бар жазғаны даналық боп саналған,

Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта.

Мыңмен жалғыз алысқан,

Арыстандай ер еді.

Әр ақынды кезеді

Абайдың өлең-өзені.


 

Ары  таза, иманы мол данышпан,

Заман үнін сезе білген алыстан.

Өлеңімен оятып әр сананы,

Өмір бойы надандықпен алысқан.

 

  • Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
  • «Қыс»
  • «Жазғытұры»
  • «Жаз»
  • «Күз»
  • «Ғылым таппай мақтанба»

 

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де-өзі, мал да -өзі

Ғылымға көңіл берсеңіз.

 

Мұғалім:

— Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.

 

Абай – сазгер.

  • Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

 

  • Тәңір қосқан жар едің сен
  • Сегіз аяқ
  • Көзімнің қарасы
  • Қор болды жаным
  • Бойы бұлғаң
  • Айттым сәлем, Қаламқас
  • Біреуден біреу артылса
  • Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа
  • Сен мені не етесің?
  • Ата-анама көз қуаныш
  • Сүйсіне алмадым сүймедім
  • Желсіз түнде жарық ай

 

Ән «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай»

Абай – ойшыл.

 

Дана Абайға тең келмес ешбір ақын,

Танытты ол адамзаттың асыл затын.

Қырық бес қара сөзді жазып кетті,

Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын.

 

  • Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.

Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.

Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 45 қара сөзі бар. Олай болса сол қара сөздерінен үзінді тыңдайық.

(Үнтаспадан қара сөздер тыңдау(7,31 қара сөздері))

Абай – аудармашы.

  • Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да И.А.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.
  • Көрініс: «Шегіртке мен құмырсқа»

Қорытынды.

 

Димаш:

Аты өшпейді Абайдың мұным анық.

Ар-ожданын намысқа жанып алып,

«Қалың елім — қазағым» деп жырлады,

Зередей әжесінен тәлім алып.

 

Фатих:

Қазақтың асқан кемелі

Жұрттың қамын жеп еді,

Ақынның рухы өлмейді,

Абай – ұлы себебі!

 

  • Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.

 

  • Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар.