“Қазақстан — 2050” стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Тақырыбы:   “Қазақстан — 2050” стратегиясы –  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Өткізілетін топ:  211 топ

Өткізілу формасы: Сайыс сабақ

Сабақ мақсаты: Сайыс сабақ арқылы оқушыларды «Қазақстан 2050» стратегиясымен таныстыру, білімдерін жетілдіру.  Өз отанын сүюге, елінің болашағына алаңдау, елінің саясатына, экономикасына, қоғамдық  өміріне белсенді араласуға талпыныс ояту, тәрбиелеу. Бұқаралық ақпарат құралдарымен, интернетпен жұмыс жасауға, сайыс мәдениетін сақтауға үйрету, бәсекелестік қабілетін дамыту.

 

Көрнекілігі: слайд, газеттер, стенд, суреттер.

 

Сабақтың өту кезеңдері:

  1. Қатысушы топтармен танысу.
  2. Әр – бір топ мүшесіне жеке-жеке сұрақ қою.
  3. Берілген әріптерден сөз құрастыру.
  4. Топ жетекшісі өз тобына сұрақ қою арқылы сөздер жасырады.
  5. Сөздің дұрыс айтылуы.
  6. Әр топқа бір сөзден беріледі, сол сөздің мағынасын ашу керек.

 

Ікезең: Таныстыру

1-ші топтың аты: «Болашақ»;

Ұраны: «Болашақ жастардың қолында»

2-ші топтың аты: «Жастар»;

Ұраны: «Жас келсе, іске»

ІІ кезең: Бірінші  топ мүшелеріне жеке-жеке сұрақ қою.

Екінші топ мүшелеріне жеке-жеке сұрақ қою

 

ІІІ кезең: Берілген әріптерден, қойылған сұрақтың  жауабын құрастыру:

І-топ сұрақтары:

  • Қазақстан қандай қауымдастық таныған ел? (әлем)
  • Қазақстан 2010 жылы қандай ұйымға төрағалық етті? (ЕҚЫҰ)
  • Біздің елде әлемдік және дәстүрлі діндердің неше съезі өтті? (төрт)
  • Қазақстанда түрлі әлеуметтік, этностық және … топтардың келісімі мен  татулығы орын алған. (діни)
  • Қазақстанда кімнің құқықтары жөніндегі Омбудсмен институты  құрылды? (адам)
  • Біз « … — Түркменстан шекарасы»  теміржол  желісін салып, Парсы шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол аштық. (Өзен)

ІІ-топ сұрақтары:

  • «Қазақстан -2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің . . . саяси  бағыты. (жаңа)
  • Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 397 инвестициялық не іске асырылды? (жоба)
  • Біз мемлекеттің . . . мерзімді кезеңге  бағдарланған одан әрі даму векторын күшейтуге тиіспіз. (ұзақ)
  • Цифрлық және . . .  технология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген жаңалықтар күнделікті ақиқатқа айналады. (нано)
  • «Қазақстан -2030» стратегиясы 1997 жылы . . . құжат ретінде жасалды.(жаңа)
  • Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай дамыған неше елдің қатарында болуға тиіс? (отыз)

ІV кезең: Топ басшысы өз тобына жасырылған сөздерден сұрақ қою арқылы ұпай жинау керек.


   І-топ сұрақтары:                                                

  • ЕКСПО-2017
  • «Қазақстан -2050»
  • Инвестиция
  • Патриот
  • Реформа
  • Қазақ халқы
  • Мәдениет
  • Бюджет
  • Болашақ
  • Ислам ынтымақтастық ұйымы

 

 

V кезең: Берілген сөзді дұрыс  әріптеп айту.

 

И Н Ф Р А Қ Ұ Р Ы Л Ы М

 

VІ кезең: Топтар  өзіне берілген

сөздің мағынасын ашып беруі керек

 

С Т Р А Т Е Г И

 

ІІ-топ сұрақтары:

  • «2030 стратегиясы»
  • Жаһандану
  • Бизнес
  • Инновация
  • Демократия
  • Қазақ тілі
  • Дәстүр
  • Бағыт
  • Ядролық қару
  • ЕҚЫҰ