Заман және тұлға
Заман және тұлға
Мақсаттары:
— оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, 1917 жылғы Қазан төңкерісінің тарихи сипаты туралы , қоғам қайраткері , ақын Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы арқылы дәуір тарихы туралы мағлұмат беру;
— өз елін, жерін сүйетін, тарихи тұлғаларға құрмепен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу;
— оқушылардың ойлау, қабылдау, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Көрнекілігі: Сәкеннің портреті, Сәкен туралы жазылған естеліктер, суреттер, БАҚ материалдары ,слайдтар ,нақыл сөздер, өлеңдер жазылған плакаттар
Әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу, көрнекілік ,көрініс
Түрі : тарихи- танымдық кеш
Өтілу жоспары:
- «Тарихсыз халық тұл » / Мұғалімнің кіріспе әңгімесі /
1917 жыл, Қазан төңкерісі
- «Заман және тұлға» / қоғам қайраткері, ақын С.Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығы, қоғамдық қызметі /
- « Тар жол, тайғақ кешу » тарихи-мемуарлық романы , « Азап вагонында »
- «Азапты жылдардың азалы үні » /1937-1938 жылдардағы дүрбелең /
- «Тәуелсіздік таңы атты! » / Тәуелсіздік жемістері /
Өтілу барысы: 1-слайд.
«Тәуелсіздік тамыры — тарих қойнауында »
І. «Тарихсыз халық тұл » (үнтаспадан)
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер,жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана.
Туған жері – түп қазығы,айбыны,
Туған тілі- мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы ,салт дәстүрі-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын танымаған пенделер.
Тамырсыздың басы қайда қалмаған
Төрт анасын сыламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана- тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы.
М.Шаханов
« Тарихсыз халық тұл ». Қай халық болса да оның түп тамыры, тарихы болады. Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз келешек жоқ. Байтақ қазақ жерінің әрбір тасы замана сырын бүгіп жатыр. Қадым заманнан бергі тарихымыз тұтаса келіп, қасіретті күндер мен сәулелі сәттерді, талай қан кешу мен ерлікті өрнектейтін бүгінде әлем таныған тәуелсіз Қазақтың қайсар тарихын түзеді.
Адамзатпен бірге жасасып келе жатқан тарихтың талай бұрылысында талай тарланның қаны төгілді. Ұланғайыр қазақ жерін жау табанына таптатпау батыр бабаларымыз бар өмірін ат үстінде өткізді.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді
Қарындастан айырылған жаман екен
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді,-деп Қожаберген жыраудың жыр тілімен кестеленген «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» — тарихтың ең азалы беті.
Тағдыры талай болған кер заманда елінің келешегі үшін келелі шешім қылған Абылай, Әбілхайыр сынды хандардың Ресейге бодандыққа мойынсынуы – жерді,елді сақтап қалуға жасалған әрекет еді.
Даласындай кең пейіл қазақ халқы патшаның отаршылдығына қарсы күресе білді. Аяусыз жазаланған ұлт-азаттық көтерілістер ғасырларға жалғасты.
Солардың бірі -1916 жылғы ұлт-азатық көтеріліс еді. Отаршылдыққа, қанаушылыққа қарсы бас көтерген халықтың саяси басшыларына айналған Тұрар, Сәкен, Міржақып, Жүсіпбек, Тоқаш сынды ұлт зиялылары еді. Олар туған елінің тағдыры үшін налып, азаттық жолындағы күреске бел шеше кірісті.
1917 жылғы патшаны тақтан құлатқан ақпан революциясын қуана қарсы алған олар қазақ елі бостандық алып, бодандықтан құтылады деп сенді. Қанаушы тап жойылып, барлық халық тең дәрежеде өмір сүреді деп қуанды.
1917 жылы Қазан төңкерісінде большевиктер жеңіске жетіп Кеңес өкіметі орнады.Еңбекші бұқара революцияны құшақ жая қарсы алды. Теңдікке, әділдікке қол жеткіздік деп қуанған халық ұлдары социализмді, Кеңес өкіметін жақтап шығады.
С.Сейфуллин
« Асығып тез аттандық»
Басып жатты тәтті ұйқы,
Сарырақаның даласын.
Құл ғып жатты қара түн
Қалың қазақ баласын.
Таң таяуын сездік те,
Ояндық біз қыбырлап.
Түннен қорқып сыбырлап.
Таңды қарсы алмаққа,
Тұлпарларды таптық біз.
Айдарына қызыл шоқ
Үкілеп сұзіп тақтық біз.
Шың басына кеп шықтық,
Көк аспанмен тілдескен.
Биіктікке таласып,
Бұлттарменен күндескен.
Күтіп таңды атырдық,
Күн шығысқа қарасып.
Шапақ шығып төменнен,
Жайылды көкке бері асып.
Жер мен көкке нұр шашып,
Көрінді таң жалтырап.
Шаттық тасып лүпілдеп,
Соқты жүрек қалтырап.
Шыға келді жарқырап
Кешікпей –ақ қызыл күн.
Тұлпарлар да шаттанып
Тұра алмады арқырап.
Күнге жайып құшақты,
Шақырып бері шаттандық.
Қуантуға ел жұртты
Асығып тез аттандық.
«Бостандық таңы атты!» деп жырлаған ақын үстем тап өкілдерін -байларды тәркілеп ,кедей-кепшіктің балаларын оқуға тартып, оқу-білім үйренуге шақырды. Ел арасына шығып партия, кеңес органдарының қызметіне көмектесті.
«Жас қазақ марсельезасы»
Кеңес өкіметінің орнауы, ел арасындағы дүрбелеңдер, қиындығы мен қуанышы
« Бандыны қуған Хамит», «Аманай мен Заманай» , «Раушан- коммунист» сынды кино ленталарында көрсетілсе, « Ботагөз», « Тар жол тайғақ кешу»,
« Дайрабайдың көк сиыры» сынды әңгіме, романдарда жазылды.
/Слайд арқылы кезең суреттерін көрсету: сауатсыздықты жою, ауылдарда Кеңес өкіметінің орнауы, байлардың тәркіленуі /
Халықты ұжымдастыру кезінде асыра сілтеушілік орын алып, халық ашаршылыққа ұшырады, босқынға айналды. 1921-1922 жылдарда 2 млн 25 000 халық Отанынан айырылып, өмірден өтті. 1932-1933 жылдары ашаршылық қайта басталды.
Халқының ауыр тағдырына қабырғалары қайысқан С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, А.Розыбакиев, М.Масанчи, І.Жансүгіров ,Б.Майлин сынды ұлт зиялылары Сталинге хат жазды. Бұл әрекеттері үшін олар қиянаттың құрбаны болды.
Слайд
- «Заман және тұлға» / қоғам қайраткері, ақын С.Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығы, қоғамдық қызметі /
ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр,тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайракері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал-серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде-ақ аңызға айналдырылған Сәкен Сейфуллин -қоғамдық ой-пікір, әдеби- мәдени тарихымызда ерекше орын алатын жарқын тұлға. Сәкен Сейфуллин түрлі қызметтер атқара жүріп, қазақ әйелдеріне теңдік беру, бұрынғы дәулет-байлық, әкімшілік -билік мекемелерін тізгіндеу , кедейлерге күш беру секілді сан алуан саяси шараларды жүзеге асырды.
1-оқушы:
Сәкен Сейфуллин кейін өзі сұлу табиғатын талай рет тебірене жырлаған
өлкеде –Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында / бұрынғы Жезқазған облысының Жаңарқа ауданы / орташа ауқатты кісінің отбасында дүниеге келеді.Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі
екен де, шешесі Жамал әңгіме, аңыз –ертекті көп білетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты. Сәкен әке мінезін бойына жұқтырып , ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі.
2-оқушы: Сәкен жастайынан ән салып ,өлең шығарып, өнерге әуестенумен
бірге, саяси тартысқа да ерте араласты. Қазан төңкерісінің от жалынына өртене жүріп, «Аққудың айырылысуы», « Көкшетау», « Қызыл ат» секілді поэмалар,
«Қыр балалары », «Жер қазғандар» атты хикаяттар , « Тар жол , тайғақ кешу » романын жазды. Сәкен өз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адамдықты жырлады.
1918 жылы Сәкен бір топ жолдастарымен қолға түседі.Ол « Қоғам мен
мемлекет қауіпсіздігіне қауіпті адам» деп табылады да, қол аяғы шынжырланып, Колчак түрмесіне отырады, аш-жалаңаш, қорлық- зорлық көріп Анненковтың азап вагонының тауқыметін тартады. Тоғыз айға созылған бұл тақсіреттен 1919 жылы Омбы тұтқын лагерінен қашып құтылады.
«Тұлпарым», «Қамауда» /өлеңдері /
« Тар жол тайғақ кешу» романы ,/ «Азап вагонында »/ кітаптың жазылуы туралы
Қазан төңкерісі тұсындағы аумалы-төкпелі кезең шежіресі іспеттес өмірбаяндық «Тар жол, тайғақ кешу» романы оның прозалық кесек туындысы болып табылады. Рас, кеңесшіл, коммунист жазушы қаламынан туғандықтан, бүгінгі күн тұрғысынан алғанда онда дәуір шындығы , жекелеген тарихи тұлғалар туралы субъективті теріс тұжырымдар да бар.
Сәкеннің большевиктік бағыттағы саяси ағымға қосылуына басты себеп: бұл идеяға сеніп, большевиктер партиясын қазақ халқын теңдік пен бостандыққа жеткізе алатын бірден бір саяси күш ретінде қабылдауы болатын.
1933 жылы Қазақстан басшылығына Леон Мирзоян келген соң, мәдени-ағарту саласында жандану байқалды. 1936 жылы республикада қазақ қаламгерлері арасында тұңғыш рет С.Сейфуллинның әдеби қызметінің 20 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтіліп, ақын Еңбек Қызыл Туы орденімен марапатталды.
/ суреттер /
«Азапты жылдардың азалы үні»
« Революция құрбандықсыз болмайды» деген қағиданы бетке ұстаған саясаткерлер ісі –қазақ даласын тағы қайғы –мұңға батырды. 1937 жылы ақпан-наурыз пленумында шешім қабылдап, «халық жауын» іздеу қамына кірісті. 1937 жылдың өзінде Қазақстанда 3 рет тазалау жұмыстары жүргізілді. Оған 1932 жылы ашаршылыққа байланысты «бестікке » қол қойғандар алғашқы болып «қара тізімге» ілінді. Олар: С.Сейфуллин, Б.Майлин, Т.Рысқұлов , І.Жансүгіров, А.Розыбакиев ұсталып, қысқа уақытта тағдырлары шешілді. Құрылуына қуана атсалысқан Кеңес өкіметінің қанды шеңгеліне түсті. Халықтың асылдарына осылай қиянат жасалды. Бала әкесінен, жары күйеуінен айырылды.
Көрініс. Сәкеннің жары Гүлбаһрамның естелігі бойынша
Ана-құдірет.Ана- махаббат. Дниеге ұрпақ әкелетін, адамға жарық нұр сыйлайтын анадан асқан құдірет бар ма? Ғасырлар бедеріндегі замана көшінің ауыры мен жеңілі әманда аналарға соқпай өткен бе?!
Енді олардың сүйген жарларына, бала-шағасына, туыстарына зобалаң түсе бастады. «Халық жауының» отбасы, туыстары аталғандар жаппай ұсталып, баспанадан айырылып алапат дүние басталды. Арыстарға жасалған қиянат.Аналар басына түскен зобалаң.Азапты өмір. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған сәбилер.мезгілсіз өмірі үзілген сәби. Ыңыранған дауыс. Қатып өлген ана. Түнерген тергеуші.
Слайд Қ.Бұғыбаева «АЛЖИР-де азап шеккен әйелге»
Көрініс. «Сәкеннің аманаты »
1937-38 жылдың нәубетінде жанын пида етіп, өзі құрған Кеңес үкіметінің түрмесінде жан түршігерлік қинау мен қорлық көріп, есіл ер 44 жасында опат болды.
Өмірдің басқан бабам баспалдағын,
Түсірген дұшпанды алып аспандағы.
Қазақтан қанша қыршын жоғалуда
Аттырып аңшысына қасқалдағын.
« Арыстар назасы » С.Тұрғынбеков
Тұрар, Сәкен,Бейімбет,Ілияс
Азаттықтың ақ таңы атты. Арыстар ақталды. Ел боздақтарымен табысты.
Ақын С.Сейфуллин 1956 жыл толығымен ақталды. Жары Гүлбаһрамның ,жазушы Т.Кәкішовтың тынбай атқарған еңбегінің арқасында есімі қайта жарыққа шықты.
«Тәуелсіздік таңы атты! »
Ақын Жұбан жырлағандай «мың өліп,мың тірілген» қазақтың тағылым алар ғибратты мұралары бүгінгі ұрпақтың сусындар қайнар бұлағы.
Тәуелсiздiктiң шұғылалы шуағы Қазақстан аспанын арайға бөлегелi 19 жыл. Бұл жылдар тарих үшiн қас-қағым уақыт болса да, республикамыз үшiн түбегейлi өзгерiстер, қарышты қадамдар, толағай табыстар жылы болды. Өтпелi кезеңнің өткелдерiнен, сындарлы жылдардың сындарынан сүрiнбей өткен мемлекетiмiз Елбасының “Қазақстан –2030” Бағдарламасын басшылыққа алып, iлгерi басып келедi.
Тәуелсiз 19 жыл! Адам санасында , жан дүниесiнде , жаңарулар, жаңғырулар өтуде. Нарықтық қатынас қоғамды бiрте-бiрте тґтастай қайта құруға алып келдi. Қоғам түгелдей дерлiк демократиялану сатысынан өтуде. Адам құқықтарының нормалары әлемдiк стандартқа сай жүйеленуде. Мемлекеттiк басқару институттары түгелдей жаңарып, заңдар мен заңнамалар толығымен өзгердi. Өз шекарамызды нақтылап, қорғаныс күшiмiздiң қуаты арта түстi.
Халықаралық қатынастар нығайды,әлемнiң жүздеген елдерiмен барыс-келiс, саяси, экономикалық- әлеуметтiк, мәдени, әдеби байланыстар өiстей түтi.
Бiз Тәуелсідігііміздің алғашқы жылдарында Туымыз бен Елтаңбамызбен, әнұранымызбен және Ата Заңымызбен мақтандық. Бұл мәртебемiздi көтерiп,еңсемiздi тiктеп, ұлттық намысымыздың, Отансүйгiштiк сезiмiмiздiң оянуына қозғау салды. Iле- шала Астанамыз бой көтерiп, санаулы жылдар iшiнде әлемдi таңдай қақтырған әсем қалаға айналды.
Сұрақ-жауап «Тәуелсіздік жемісі » «Қазақстанның жеті кереметі»
« Ғасыр келбеті »
Слайд арқылы ХХ ғасырдың ұлы оқиғалары мен тұлғалары туралы айту.
«Кейіпкерге хат» / ойтолғау жазу/
Елiмiздiң жеткен жетiстiктерiн болашаққа жалғайтын, Бабалар аманатын аласартпай әркен жадында ұстайтын Қазақстанның болашағы –бүгiнгi жастар, бiлiмдi ұрпақ.
Тәуелсіз елдің бақытты ұланы ел үшін өмірін қиған қайраткер аға хат жазады.
Ән «Тау ішінде »
Ән «Егемен Қазақстан »