Мен өмірді таңдаймын

 

Сабақтың тақырыбы:  «Мен өмірді таңдаймын»

Сабақтың мақсаты:    Өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу,

                                         көңіл-күйді және эмоцияны реттеу; байланыс және

өзара  әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Сабақтың түрі: тренинг

Көрнекілігі: слайдтар, кеспе қағаздары

Сабақтың барысы:

  1. «Танысу» жаттығуы

Жаттығу барысы:

Мұғалім: Ең алдымен таныспас бұрын  шеңбер жасалған орындыққа отырайық. Қолымдағы допты оқушыға беріп  есімдерін ататқыза отырып өз  бойындағы есімінің бірінші әрібінен басталатын қасиетін кезекпен айтады. Мысалы, Мен салмақты Салтанатпын. Келесі оқушы жалғастырады, Сіз салмақты Салтанат болсаңыз, Мен … .

Бұл жаттығудың мақсаты, оқушыларға келесі тапсырмаларға ыздағатты жауап беруіне қолайлы жағдай жасау үшін орындалады.

 

Өміршендік ережесі.

Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа  жетуге талаптанып,

Өміршеңдік ережелерін айтайық. Хормен

 

  1. Жігер деген-Мен
  2. Күш деген-Мен
  3. Кешірім деген-Мен
  4. Жасөспірім деген-Мен

5.Жастық шақ деген-Мен

  1. Денсаулық деген-Мен79. Адалдық деген-Мен
  2. Жарқындылық деген-Мен
  3. Бар ғажайып деген-Мен

Бәрі маған байланысты,

 Бәрі менің қолымда.

  

«Мейірімділік алаңы» жаттығуы

Мақсаты: Өз бойындағы  жаман, жақсы қасиеттерін  жазу. Іштегі жағымсыз  жайттарды сыртқа шығарту.

Әр адам сиқырлы  жасыл айнасыз-ақ өзіңің  жақсы-жаман қасиеттерін  біледі.

Оқушылар тақтадағы гүлдерге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады. Ал жаман қасиеттерін  (минус- )  шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.

 

«Менің көңіл күйім қандай?»

Балалар өз көңіл күйлеріне  сәйкес келетін  суретті тақтадан тауып айтады. (Көңілді, көңілсіз, ренжеулі, қорқынышты, …т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл күйлерінің неліктен сондай екенін баяндайды.

 

«Ақиқат орындығы»

Мақсаты: Оқушылардың қорқыныштары мен  стресстерінен  арылту, ашық болуға шақырту.

Мұғалім : Алдарыңызда  топтың ортасында  карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын.

 

Карточкадағы сөйлемдер

-Ең үлкен қорқыныш –бұл…

-Мен мынадай адамдарға  сенбеймін…

-Мен ренжимін, егер…

-Мен ұмытпаймын, егер…

-Маған көңілсіз, егер…

-Егер маған дауыс көтерсе, мен…

-Мен қарсыласқанда…

-Егер мен сенімсіз болсам…

-Егер мен қателігімді түсінсем …

Мұғалім : Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңы? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен  өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсізідік  болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті  қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын болған. Бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табамыз.

«Менің таңбам»

Мұғалім : 15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз  орындарын білдіру  үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін,  отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба –негізгі  қалқан болып табылған. Қалқан –қиын кезде  қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар  парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, екіншіден-өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.).Үшіншіден- ең үлкен жетістігім. Төртіншіден-сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншіден-өзің туралы  естігің келетін үш сөз.

Біз дайындаған жұмыс өзімізге  көмектеседі. Осыны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:

-ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсіру;

-жалғыздықты сезінгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын  адамдарды еске  түсіру;

-өз жетістіктеріңді  еске түсіріп, сенімді түрде  тағы да қандай  жетістікке жете алатының  туралы ойлан;

-өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;

-өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды  көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөзді  дауыстап айт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

«Күн шуағы»

Балалар «Мен өмірді таңдаймын» деп отырып өмірге деген құлшыныстарыңды  біздің мектеп оқушыларына үндеу жолдайық. Әр қайсымыз өз ойларымызды мына күннің  тұсына ілейік.

Күн-денсаулықтың, қуаныштың, жылылықтың символы. Ал сендер мемлекетіміздің болашағысыңдар. Республикамыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат  болып өскедеріңе  байланысты.  Шындығын да мемлекетті құрайтын адам, ал ертеңгі күні сендер әрқайсың әр мамандықтың иесі боласыңдар, белгілі бір қызмет атқарасыңдар.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды Мұқағали мақатаевтың өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Көтеріп тұрып, құлатады өмір.
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір-дей келе алдағы өмірлерің тек жарқын болсын болсын жеймін.