Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында Қазақстан әлем таныған іргелі елге айналды. Бүгінде Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясаты, ел мен жер мүддесі жолындағы берік ұстанымдары өзгеге үлгі боларлықтай. Сондай-ақ еліміздегі саяси тұрақтылық, экономикалық ілгерілеу, отандық өнеркәсіптің жандануы, алыс-жақын шетелдермен әріптестік қатынастардың орнығуы, ұлттардың арасындағы татулық, басқа да сан-салалы қызметтердің жүзеге асyында Елбасының қолтаңбасы сайрап жатыр. Тәуелсіздігіміздің алғашқы онжылдығы өтпелі кезең, яғни реформалар дәуірі болды. «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасы да осы кезеңде қабылданды. Халқымыз бұл кезеңнің барша қиындықтарын аса зор төзімділік, бірлік, ертеңгі күннің жақсылығына деген ерен сеніммен жеңді. Әртүрлі алыпқашпа сөздерге құлақ түрмей, Елбасының айналасына тығыз топтасты. Өз мүмкіндіктеріне, өз халқының ұлылығы мен даналығына сенген, Отанын қалтқысыз сүйген, Елбасымыздың өзі айтпақшы, ел Тәуелсіздігін басты құндылық деп санайтын, оны тұғырлы етуге бар ынта-ықыласымен талпынған адам ғана ел басына туған сындарлы сәттерде осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оның үдесінен шыға алады. Бұл нағыз, шынайы Көшбасшыға тән қасиет. Кеңес Үкіметі құлап, шаңырағы ортасына түскен аласапыранда, тірлігі беймәлім нарыққа көшкенде және жаһандық қаржы дағдарысында Отанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, ұлттар мен ұлыстарды уыздай ұйытып, тек даму мен кемелдену жолымен алып келе жатқан Ұлт көшбасшысы Алланың рахмет нұрына бөленсін деймін.
«Менің назарымдағы басты мәселе әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету», деген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрекжарды сөздері өмірде осылай көрініс тауып отыр. Сөз бен істе алшақтық жоқ. Қаратал БПҰ мүшелері алда келе жатқан 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Елбасына шын жүректен құттықтау жолдаймыз. Елбасымыз әрқашан аман-есен болғай!
Алматы облысы Ескелді ауданы Қаратал ауылы
Қаратал БПҰ төрағасының бірінші орынбасары : С.Л.Тұрсынқұлова