Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар
Сабақтың типі:
Жаңа материалды игеру сабағы.
Жұмыс түрі: фронтальды, өздік
Мақсаты:
Білімдік:
- Жай және құрама сандар ұғымын қалыптастыру;
- Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге үйрену.
Дамыту:
- Натурал сандар туралы түсініктерін, тарихи ой-өрістерін кеңейту;
- Логикалық ойлау, зейін тұрақтылығы мен есте сақтау қабілеттерін, сараптау біліктіліктерін қалыптастыру;
- Пәнге деген белсенді танымдық қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік:
- Коммуникативтік құзырлықтарын дамыту;
- Белсенді практикалық іс-әрекетке құлшындыру;
- Тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.
Оқу міндеттері:
- Жай және құрама сандар ұғымына кіріспе;
- Жай сандар кестесімен танысу;
- Құрама санды жай сандарға (жай көбейткіштерге) жіктеу;
- Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың білім және дағдыларын бекіту.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме балалар! Отырыңдар! Бүгін біз натурал сандардың жаңа түрлерімен танысамыз. Олар «жайсандар және құрама сандар». «Жай сандар мен құрама сандардың қандай айырмашылығы бар?» деген сұраққа жауап беруге тырысамыз. Сабақтың тақырыбын жазыңдар.( 1 слайд)
- Ауызша жаттығу (2 слайд)
2.1.Берілген сандардың ішінен натурал сандарды ғана таңдау.
2.2.Натурал сан дегеніміз не?
2.3.Ең кіші натурал санда атау.
2.4. Ең үлкен натурал санды атау.
2.5. а санының бөлгіші деген не?
3.Жаңа материалды игеру.
3.1. Мына натурал сандардың барлық бөлгіштерін табыңдар: 1, 7, 12, 26, 31
(3 слайд)
3.2.Мына натурал сандарды 1, 7, 12, 26, 31 топтарға бөліңдер. (4 слайд)
Ескерту: классификациялау негізін балалар өздері таңдайды.
Не себепті бұлай бөлдіңдер? Әр топтағы натурал санның неше бөлгіштері бар? 7 және 31 сандары жай сандар деп аталады. 12 және 26 сандары құрама сандар деп аталады.
Оқушыларға өз беттерімен жай және құрама сандарының анықтамасын тұжырымдап жазуға ұсыныс жасау.
3.3. Құрастыру (5 слайд)
Жүк машинасы кірпіш әкелді.
Жүк машинасында қандай сан-кірпіштер бар?
Сан-кірпіштерден басқа сандарды құрастырамыз.
2, 5 және 7 үш сан-кірпіштерді алып, олардағы сандардың көбейтіндісін табамыз.( 6 слайд) Қандай сан шықты, жай сан ба әлде құрама сан ба? 2 және 11 екі сан-кірпішті аламыз, ондағы сандардың көбейтінділерін былай табамыз: 2 * 2 * 11. Қандай сан шықты, құрама сан ба әлде жай сан ба? Әрі қарай оқушылар өз беттерімен құрастырулар орындайды (Құрамында сан-кірпіштердің саны әр түрлі болатындай 2 мысалдан құрастырады). Жаттығудан кейін оқушылар өз беттерімен (жазбаша) мына сұрақтарға жауап береді: «Жай сандарды көбейткенде қандай сан шығады?»
3.4. Құрама санды көбейткіштерег жіктеу (7 слайд)
Алғашқы құрама сан 100-ді мұғалім өзі жіктейді. Екінші сан 92-ні оқушылар өздері жіктейді (жазбаша). Онан әрі оқушыларға өздерінің туған жылдарын көбейткіштерге жіктеуге тапсырма беріледі.
Ескерту: мұғалім сыныптағы оқушылардың туған жылдарын алдын ала анықтап, жауаптарымен жеке слайд дайындайды(8 слайд)
Туған жылдар ішінде жай сан да кездесуі мүмкін. Ондай болмаса, 1999 санын жіктеу тапсырылады. Осы тапсырмадан кейін жай сандар кестесі туралы айтылады. Слайдта кестенің туған жыл жай сан болатын бөлігін көрсету.
- Сабақты қорыту
Бүгінгі сабақта сендер натурал сандардың жаңа түрлерімен таныстыңдар. Алдарыңда тест сұрақтары жатыр. Әр сұраққа үш жауап берілген. Сендердің міндеттерің, дұрыс деп тапқан жауаптарыңды дөңгелектеп қоршау. (жұмыс тапсырылады, бірақ бағаланбайды).
Тест
- Қай сан жай сан болады?
а) 13 б) 24 в) 1
- Қай сан жай сан болмайды?
а) 5 б) 17 в) 1
- Қай сан құрама сан болады?
а) 21 б) 23 в) 1
- Қай сан құрама сан болмайды?
а) 25 б) 18 в) 1
5.Жай сандарды көбейткенде әр уақытта шығады
а) жай сан б) құрама сан в) 1.
- 18 санының жай көбейткіштерге жіктелуі:
а) 2∙2∙3 б) 3∙3∙3 в) 2∙2∙3∙1
- Үй тапсырмасы
Таңдау бойынша баяндама дайындау
а) Эратосфен. Эратосфен елегі.
б) Пифагор. Дос сандар.