9 санын қосу, азайту.
Сабақтың тақырыбы. 9 санын қосу, азайту.
Сабақтың мақсаты.
Білімдлігі: 9 –ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: оқуға, еңбекке, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ойын ашық, еркін айтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен пайдаланылатын құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар (конвертке салынған үшбұрыштар), ақ парақшалар, геометриялық фигуралардың шаблондары, электрондық оқулық «Математика. 1-сынып», есепке берілген суреттер, минусовка жазылған диск.
Типі: жаңа материалды игерту.
Түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүнетану, еңбекке баулу.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, таңдау әдісі.
Барысы.
Ұйымдастыру.
Оқушыларды 3 топқа бөлу. (таңдау әдісі арқылы)
Үшбұрыштар. Төртбұрыштар. Бесбұрыштар.
Сайыс сабақтың ереже, шарттарымен таныстыру. Топ жетекшілерін сайлау.
Қызығушылығын ояту. «Жемістерді үзіп ал» ойыны.
Интерактивті тақтада жемістердің суреттері көрініп тұрады. Әр топтан 2 оқушы таңдаған жемістерінің артында жасырынған мысалдарды орындайды. Әр дұрыс жауап үшін 1 фигурадан (әр топтың атына сәйкес, үшбұрыштар тобына — үшбұрыштар т.с. с.) беріледі.
5+5 5+4 3+5 1+5 2+5
4+5 2+4 1+4 3+4 4+4
Мағынаны тану. Жаңа сабақты түсіндіру.
1+9 = = 10-9 =
9+1 = 10-1 =
Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.
Қосындының мәнінен қосылғыштардың біреуін азайтқанда екінші қосылғыш шығады.
Дәптермен жұмыс.Көркем жазу.
Электрондық оқулық бойынша 9 санын көркем жазуды көріп, тыңдау, дәптерге бір қатар жазу. Дәптерге күннің ретін жазу.
Есеп шығару. №3 есеп.
Сұрақ – жауап.
Есеп не туралы?
Не белгілі?
Не белгісіз?
Белгісіз туралы не айтылған?
Интерактивті тақтада сурет арқылы есеп түсіндіріледі.Есептің шартында белгісіз туралы кем десе азайту, артық десе қосу арқылы шешіледі деген қорытынды жасалады.
Аққу — 7
Қарақу — ? 2 – еуі кем
Шешуі: 7 – 2 = 5
Жауабы: 5 қарақу.
Есеп шығару кезінде дұрыс жауап берген оқушыларға фигуралар беріледі.
Карточка бойынша тапсырма.
Тапсырманы тез орындаған орындаған балаларға таратылады.
1, 3, 5, …, … .
10, 7, 4, …, … .
Сергіту сәті.
«Қошақаны қойдың» өлеңінің минусовкасына билеу.
Өткен материалдарды пысықтау. Жұппен жұмыс. «Геометриялық коструктор».
Әр партаға бір конверт таратылады. Екі бала бірігіп тақтада берілген фигуралардың біреуін ғана жапсырмалайды. Жапсырмалаған заттың атын астына жазады. Музыка ойнап тұрады, музыка тоқтағанда жұмыстары тексеріледі, толық орындалған жұмыстарға фигуралар беріледі.
Сұрақ.
Бұлардың барлығын қалай атауға болады? (әуеде үшатын көліктер)
Ой толғаныс.
«Жауабын тап» ойыны.
1+9 = 10-9 =
9+1 = 10-1 =
Қорыту. Сұрақтар.
Бүгінгі сабақта не өттік?
1 –ге 9 –ды қалай қостық? 9+1= 10
10 – нан 9 – ды қалай азайттық? 10 — 9= 1, өйткені 1+9 = 10
Бағалау. Әр топтың қанша фигура жинағанын топ жетекшілері санап, жариялайды. Жеңіске жеткен топ марапатталады.
Үйге тапсырма беру.
83 сабақ. 4- мысалды дәптерге орындау. 10-ға дейінгі қосу, азату кестелерін қайталап жаттау.